Толғай да толғай оқ атқан, Он екі тұтам жай тартқан, Қабырғасын қаусатқан, Тебінгісін тесе атқан, Тізгінінен кесе атқан, Теспей қанын зулатқан, Біздің қайсар батырдыңЖүрегін сөйтіп оятқанКешегі Орақ пенен МамайдайБатырлар, шіркін, болар ма - ай

Толғай да толғай оқ атқан,
Он екі тұтам жай тартқан,
Қабырғасын қаусатқан,
Тебінгісін тесе атқан,
Тізгінінен кесе атқан,
Теспей қанын зулатқан,
Біздің қайсар батырдың
Жүрегін сөйтіп оятқан
Кешегі Орақ пенен Мамайдай
Батырлар, шіркін, болар ма-ай!
Олардай болып жүруге
Біздерге қуат толар ма-ай!
Қазақтан бір құнт кетті деп,
Біздерге нәубәт жетті деп,
Бұзылды көңілім жыларға-ай!
Азамат ердің баласы
Арғымақтың баласы
Аз оттар да көп жусар -
Талаудан татқан дәмі бар.
Азамат ердің баласы
Аз ұйықтар да көп жортар -
Дұшпанға кеткен кегі мен
Барымтаға түскен малы бар.



Ұқсас жұмыстар

Махамбет Өтемісұлы
Махамбеттің әдеби дүниетанымы
Халықтың азаттығын көксеген күрескер Махамбет Өтемісұлы
Шаруалар көтерілісінің шығу себептері
МАХАМБЕТ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ЗЕРТТЕЛЕ БЕРМЕК
Махамбет өлеңдерінің көрскемдік ерекшелігі
Тарихи тұлға және көркем бейне - М.Өтемісұлы
Махамбет Өтемісұлы туралы
Махамбет шығармасындағы Исатай бейнесі
Махамбет поэзияларының көркемдік сипаты
Бу қазандықтары мен шаң дайындау жүйелері есебі
ТҰМАР
Тасымалдау шаруашылығын ұйымдастыру
Аурудың тұрақтылығы және даму себебі
ҚР қоғамдық жаңа даму кезеңінде жоғары білім беру
ҚАРАШАҰЛЫ БӘЙДІБЕК
Коммерциялық ақпарат пен коммерциялық кұпия мәні және оны қорғау
ДОМАЛАҚ АНА