Оқушыларды тыныс белгілерін дұрыс қоя білуге дағдыландыру

Щучинск қаласы • №1 мектеп-гимназия

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Абилкасимова А.Н.

Сабақтың тақырыбы

Лепті сөйлем

Сабақтың мақсаты

  • Лепті сөйлем туралы білім беру.
  • Көңіл күйге байланысты айтылатын сөйлемдерді басқа сөйлем түрлерінен ажырата білуге үйрету.
  • Жазу сауаттылығын қалыптастыру.

Сабақтың міндеттері

Тілдік дағды

  • Жаттығулар арқылы лепті сөйлемді басқа сөйлем түрлерінен ажырату.
  • Сөйлемдерді салыстырып, айырмашылығын дәлелдей білу.
  • Тыныс белгілерін дұрыс қоюға дағдылану.

Дамытушылық және тәрбиелік бағыт

  • Сөздік қорды, есте сақтау қабілетін дамыту.
  • Байланыстырып сөйлеу дағдысын арттыру.
  • Адамгершілікке, достыққа, ұқыптылыққа баулу.
  • Эстетикалық талғамды арттыру, көркем әрі сауатты жазуға үйрету.

Көрнекіліктер

Сызбалар Сөздер Аққала бөліктері Смайликтер

Өткенді қайталау: «Сөйлем» ұғымын топтастыру

Негізгі анықтама

Сөйлем — аяқталған ойды білдіреді.

Ережелер мен белгілер

  • Сөздерден құралады.
  • Сөйлемдегі сөздер бөлек жазылады.
  • Бірінші сөзі бас әріппен жазылады.
  • Соңынан тыныс белгісі қойылады.
  • Сөйлем түрлері: хабарлы, сұраулы, лепті.

Жаңа сабақ: ойыны — «Сәйкестендір»

Төмендегі көңіл күй мен мақсатты білдіретін үлгілерді сәйкес сөйлемдермен жұптастырыңыз.

Мақсат/күй

  • Өкіну
  • Армандау
  • Бұйрық
  • Ұрандату

Сөйлем үлгілері

  • «Сүйікті менің Қазақстаным жасасын!»
  • «Қап, бақшаның есігін жауып қоймағаным-ай!»
  • «Қане, күнделігіңді берші!»
  • «Шіркін, айға самғап ұшсам ғой!»

Оқулықпен жұмыс

1-жаттығу

Сурет астындағы сөйлемдерді салыстырып оқып, түріне қарай ажыратыңыз.

Хабарлы сөйлемдер

  • Әкем жұмыстан келді.
  • Ағаш жапырақтары әдемі болып сарғайған.
  • Мақсат, бері келші.

Лепті сөйлемдер

  • Алақай, Астанадан әкем келді! (қуану)
  • Жапырақтар қандай әдемі болып сарғайған! (таңдану)
  • Мақсат, бері кел! (бұйрық)

Дәптермен жұмыс

Көркем жазу минуты

Тақтада және дәптерде келесі сөздерді көркем жазып орындау:

Қазақстан қонақ

2-жаттығу

Сөйлемдердің соңына тиісті тыныс белгілерін қойып, көшіріп жазыңыз.

  • Менің Отаным — күн шұғылалы Қазақстан!
  • Отанымыздың даңқы арта берсін!
  • Көл жағасы қандай керемет!
  • Біздің міндетіміз — жақсы оқу!
  • Ертеңгілік тамаша өтті!

Сергіту сәті

«Көңілді үйректер» биі.

Ойын: «Адасқан сөздер»

Тапсырмалар қатарлар бойынша орындалады: сөйлем құрау, сөйлем түрін өзгерту, және лепті сөйлем жасау.

1-қатар

Берілген сөздерді дұрыс орналастырып, сөйлем құрап жазады.

2-қатар

Хабарлы сөйлемді сұраулы сөйлемге айналдырады.

3-қатар

Сұраулы сөйлемді лепті сөйлемге айналдырып жазады.

Үлгілер

Ауа райы

  • Бүгін ауа райы жақсы екен.
  • Бүгін ауа райы жақсы ма екен?
  • Ауа райы қандай жақсы!

Мектеп ауласы

  • Мектеп ауласына әдемі гүлдер егілген.
  • Мектеп ауласына әдемі гүлдер егілген бе?
  • Алақай, мектеп ауласына әдемі гүлдер егілді!