Етістіктің ерекше түрі саналатын есімшенің түрленуін, сөйлемдегі қызметін түрлі әдіс - тәсілдер арқылы бекіту
Сабақ жоспары
Бұл сабақта есімшенің түрленуі мен сөйлемдегі қызметі әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы бекітіледі. Оқушылар топтық жұмыс, талдау, мәтінмен жұмыс және қысқа тест арқылы білімдерін жүйелейді.
Ұран
Оза шауып, бәйге алар — білуге жаны құштар жан.
Тілі арқылы әрдайым білім, білік ұшталар.
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
Етістіктің ерекше түрі саналатын есімшенің түрленуін және сөйлемдегі қызметін түрлі әдіс-тәсілдер арқылы бекіту.
Дамытушылық
Оқушының ойлау қабілетін дамыту, өздігінен ізденуге үйрету, есімше тұлғалы сөздердің ерекшеліктерін анықтап, еркін талдау жасауға дағдыландыру. Топтық тапсырмалармен жұмыс істеу, пікір айту және шығармашылықпен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік
Туған тілін қастерлеуге баулу, сауатты жазуға және мәдениетті сөйлеуге тәрбиелеу.
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу.
- Оқушыларды түгендеу.
- Сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижені хабарлау.
Стратегиялар мен тапсырмалар
Ой қозғау
«Келісу — келіспеу»
Нұсқау:
Оқушылар қара және қызыл белгілерді көтеру арқылы пікір білдіреді (келісемін/келіспеймін).
- Етістік іс-қимылды білдіреді.
- Есімше сөйлемде баяндауыш қызметін атқара алмайды.
- Қалау рай -ғы, -гі, -қы, -кі жұрнақтары арқылы жасалады.
- Етістіктің төрт шағы бар.
- Есімше түрлене алмайды.
- Болымсыз етістіктен кейін жалғанған есімшенің -с тұлғасы жіктелгенде, кейде I жақта -с жұрнағы мен жіктік жалғауы ықшамдалып, -н түрінде қолданылады.
Топтастыру стратегиясы
I топ
Етістіктің түрлері
II топ
Есімшенің жасалуы
III топ
Есімшенің сөйлемдегі қызметі
Ой толғау: қызықты тапсырмалар
I топ
Берілген есімшелерді оңаша және ортақ түрде тәуелдеңдер:
- айтар
- баратын
- білген
- оқитын
II топ
Берілген есімшелерді септеңдер:
- тапқан
- барған
- білетін
- тозбас
III топ
Берілген есімшелерді жекеше және көпше түрде жіктеңдер:
- көрген
- тыңдаған
- айтпақ
- сөйлемек
Жаттығу жұмыстары
I топ: 173-жаттығу
Есімшелерге тұлғалық талдау жасаңдар және олардың сөйлемнің қай мүшесі болып тұрғанын анықтаңдар.
II топ: 176-жаттығу
Есімшелерді жұрнақтарына қарай ажыратыңдар, қалай түрленгенін және сөйлемнің қай мүшесі екенін айтыңдар.
III топ: 168-жаттығу
Тәуелденген есімшелерді қатыстырып, сөйлем құрастырыңдар.
«Кім тапқыр?»
Қызықты тапсырмалар және тосын сый.
Терме диктант
Тақырыпқа сай сөздер мен тұлғаларды іріктеп жазу.
Аквариум стратегиясы
Талқылау, дәлелдеу және бақылау арқылы қорытынды жасау.
Өмірмен байланыс: мәтіннен есімшелерді теріп жазу
«Қазақ» газетіне — 100 жыл
Тапсырма: мәтінді оқып, есімше тұлғаларын теріп жазыңдар.
Дереккөз
Қазақстан ұлттық арнасы
Осыдан бір ғасыр бұрын, яғни 1913 жылдың 2 ақпанында «Қазақ» газетінің алғашқы саны жарық көрді. Содан бастап, бар-жоғы бес-ақ жылда бұл басылым қазақ даласының қоғамдық-саяси және мәдени өмірінде үлкен серпіліс тудырды.
Ғалымдардың айтуынша, «Қазақ» газеті өзіне дейінгі «Түркістан», «Дала уәлаяты», «Айқап», «Серке» сияқты басылымдардан тарихи маңызы әлдеқайда басым болды. Өйткені бұл газет ұсақ-түйек, жергілікті мәселелерді ғана емес, ұлттың тұтастығы мен тәуелсіздігі, ұлт сауаты сияқты ірі тақырыптарды ту етті.
«Қазақ» газетінің ұлтқа берген пайдасын үшке бөліп көрсетуге болады: біріншіден, күллі қазаққа ортақ әдеби тіл қалыптастырды; екіншіден, қазақтың ұлттық-саяси көзқарасын орнықтырды; үшіншіден, қазақ журналистикасының тұрақты дәстүрінің іргетасын қалады.
Сол іргетас бүгінде мызғыған жоқ. Қазір Қазақстанда 2532 газет-журнал болса, соның 500-ге жуығы — қазақ тіліндегі басылым. Аз болғанымен, бұл басылымдар осыдан 100 жыл бұрын «Қазақ» газеті қалыптастырған ұлттық ұранды жалғастырып келеді.
Сәйкестендіру тесті
Есімшенің жұрнақтары
-ған, -ген, -қан, -кен, -ар, -ер, -р, -атын, -етін, -итын, -итін, -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек
Көсемшенің жұрнақтары
-а, -е, -й, -ып, -іп, -п, -ғалы, -гелі, -қалы, -келі
Сәйкестендіріңдер
Түрленіп тұрған есімше
Барғаннан, келгенді, оқыған
Келер шақ есімше
Көрінер, бармақ
Өткен шақ есімше
Құралған, баратын
-с жұрнақты есімше
жазбас
Есімшенің -с жұрнағының I жақта жіктеліп өзгеріске ұшырауы
Бұлтқа жетпей шарт сынбан!
Сөйлемде баяндауыш қызметін атқарып тұрған есімше
Білім берген шәкірттерін аялаған.
Сөйлемде анықтауыш қызметін атқарып тұрған есімше
Айтқанның аузы жаман.
Шығармашылық жұмыс
Оқушылар есімше түрлерін қолданып, қысқа мәтін немесе 4–5 сөйлемнен тұратын шағын ойтолғау жазады. Топ ішінде оқып, өзара кері байланыс береді.
Бағалау
- Топтық жұмыстағы белсенділік пен дәлелді жауап ескеріледі.
- Жаттығулардағы талдау сапасы және тілдік норманы сақтауы бағаланады.
- Жеке және шығармашылық жұмыстар бойынша қорытынды баға қойылады.