ҰОІӘ Қазақстан Республикасының гимнімен аяқтау

ҰОІӘ барысы

Балалар топқа күй әуенімен кіріп, шеңбер жасап тұрады. Бүгінгі әңгіме Отан туралы: бірге сөйлесеміз, ән айтамыз, ойын ойнаймыз.

Амандасу рәсімі

Үлкенге де — сіз,
Кішіге де — сіз.
Баршаңызды құрметтеп,
Бас иеміз біз.

Ойын: «Кім шапшаң?»

Тәрбиеші сұрақтарды оқиды, балалар жауап береді. Дұрыс әрі бірінші жауап берген балаларға әдемі гүлдер беріледі. Ойын соңында гүлдерді санап, жеңімпаздар анықталады.

Сұрақтар

  1. Біз қай Республикада тұрамыз?
  2. Республикамыздың астанасы қай қала?
  3. Аспанның түсі қандай?
  4. Күннің түсі қандай?
  5. Президентіміз кім?
  6. Кім Отан туралы тақпақ біледі? (Балалар өздері білетін тақпақтарын айтады.)

Бағалау: гүлдерді санап, жеңімпаздарды анықтау; балаларды мадақтау.

Тақпақ және түсіндіру

«Отан»

Отан — деген атамекен,
Отан — деген туған жер.
Отан — ана, Отан — пана,
Қазақстан — туған ел.

Отан — біздің туып-өскен жеріміз, ауылымыз, тарихымыз, тіліміз, анамыз. Бір ғана сөзбен айтқанда, егемен Қазақстан Республикасы — біздің Отанымыз.

Сергіту сәті

Балалар өлең жолдарына сәйкес қимыл-қозғалыс жасайды.

Қимылмен орындалатын өлең

Дөңгелене тұрамыз,
Керегені құрамыз.
Уық болып иіліп,
Шаңыраққа киіліп,
Киіз үйді құрамыз.

Дене жаттығулары

Біз — Отан-Ананың баласымыз. Сондықтан Отанды құрметтеу және қорғау — міндетіміз. Отанды қорғау үшін денсаулығымыз мықты, жігеріміз қайратты болуы керек.

Жаттығулар

  • Жүгіру
  • Еңбектеу
  • Жорғалау

Ұжымдық тапсырма

Плакатқа туған елімізді, жерімізді жапсыру арқылы бірге жұмыс жасаймыз. «Туған жерді қалай елестетеміз?» деген сұрақ төңірегінде балалардың ойы тыңдалады.

Талқылау

Туған жерімізді сүю — оны көркейтуге ұмтылу. Сендер — осы Отанымыздың гүлдерісіңдер.

Қимылды ойын: «Гүлге қону»

Ойынның шарты

Музыка әуенімен балалар гүлді айналып, билеп жүреді. Музыка тоқтаған кезде бір гүлдің үстіне екі баладан «қонуы» керек.

Қорытынды

Сабақ соңында балалардың қатысуы қорытындыланып, белсенділік танытқандар мадақталады.

Аяқталуы

ҰОІӘ Қазақстан Республикасының Гимнімен аяқталады.