Аяқ машинасы
Қуат Терібаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен «КММ»
Технология пәні мұғалімі: Габидуллина Гульмира Хамитқызы
Сынып: 5-сынып
Сабақтың түрі
Ашық сабақ
Әдіс-тәсілдер
Түсіндіру, көрсету, СТО әдісі, сарамандық жұмыс
Сабақтың тақырыбы
Тігін машиналарының түрлері (әмбебап, арнайы, жартылай автоматты, үй тұрмысында қолданылатын түрлері). Тігін машинасында түзу тігіс жүргізуге үйрету және тігін машинасының сапасын анықтау.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Жаңа тақырыпты меңгерту арқылы білімді қалыптастыру. Машинатану негіздерімен және тігін машинасының шығу тарихымен таныстыру.
Дамытушылық
Оқушылардың ой-өрісін дамыту, көргенін есте сақтап, қайта жаңғыртуға үйрету. Әсемдікке, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке баулу.
Тәрбиелік
Жұмыс барысында тәртіп ережелерін сақтауға, өзара көмек көрсетуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже
- 1 Оқушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады.
- 2 Ойлау және есте сақтау қабілеті артады.
- 3 Сабаққа қызығушылығы артып, білімін толықтырады.
Көрнекіліктер, құрал-жабдықтар және байланыс
Көрнекіліктер
- •Слайд
- •Тігін машиналарының түрлері (үлгілер/суреттер)
Құрал-жабдықтар
- •Ине
- •Жіп
- •Қайшы
- •Мата түрлері
Пәнаралық байланыс
- •Тарих
- •Әдебиет
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
3 минут
- •Оқушыларды тізім бойынша түгендеу.
- •Сабаққа және сарамандық жұмысқа әзірлігін тексеру.
- •«Шаттық шеңбер»: «Сен жақсысың».
III. Жаңа сабақ
15 минут
Жоспар
- 1.Тігін машинасының түрлері және шығу тарихы.
- 2.Тігін машинасымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері.
- 3.Машина тігіс түрлері.
1) Тігін машинасы: маңызы және шығу тарихы
Тігін бұйымдарын дайындауға арналған ең негізгі жабдықтың бірі — тігін машинасы. Түрлеріне тоқталмас бұрын, тігін машинасының даму тарихына қысқаша шолу жасайық.
- XV Леонардо да Винчи тігін машинасының жобасын ұсынды.
- 1755 Карл Вайзенталь бір жіпті тігін машинасын ойлап тапты.
- 1834 Уолтер Хант шөрнекті машина жасады.
- 1844–1845 Элиас Хоу бірқалыпты жұмыс істейтін тігін машинасын ұсынды.
- 1850–1851 Ален Уилсон және Исаак Зингер қазіргі заманғы машиналардың негізін қалыптастырды.
- 1870 АҚШ-та Исаак Зингер «Singer» фирмасын ашты.
- 1900 Ресейдің Подольск қаласында «Singer» зауыты ашылды.
- 1917 Кеңес дәуірінде Подольск қаласында тұңғыш механикалық зауыт іске қосылды; машиналардың дизайны мен фирмалық белгілеуі жетілдірілді.
Қызығушылықты ояту: тігін машинасын ойлап тапқан өнертапқыштар туралы қосымша деректерді тыңдап, талқылау.
Тігін машиналарының негізгі түрлері
Тұрмыстық тігін машинасы құрылымы, техникалық мүмкіндігі және сыртқы көрінісі бойынша әртүрлі болғанымен, олардың құрылысы, реттелуі және пайдалану ережелерінің көпшілігі ортақ.
Қол машинасы
Қолмен жетектелетін тұрмыстық үлгі.
- •Сермер доңғалақ
- •Түтік
- •Жіп орағыш өзек
- •Қолжетек
- •Платформа
- •Түтік тіктеме
- •Реттегіш
Аяқ машинасы
Педаль арқылы басқарылатын классикалық үлгі.
- •Үстел
- •Бау (ремень)
- •Дөңгелек
- •Педаль
- •Тартпа
Электр машинасы
Қазіргі заманғы тұрмыстық машиналардың кең тараған түрі.
Бұл сабақта электр тігін машинасымен жұмыс істеудің негізгі қадамдары көрсетіліп, түзу тігіс жүргізу дағдысы қалыптастырылады.
Өндірістік тігін машиналары
Тұрмыстық машиналардан бөлек, өндірістік тігін машиналары да бар. Олар көлемі мен салмағы үлкен болып келеді және көбіне тігін шеберханалары мен ательелерде қолданылады.
2) Қауіпсіздік ережелері
Тігін машинасымен жұмысқа кіріспес бұрын қауіпсіздік талаптарын міндетті түрде сақтау қажет.
- 1 Жұмыс орнын ретке келтіру.
- 2 Шашты жинап, жеңді қайыру.
- 3 Орындыққа толық жайғасып, тіке отырып, денені сәл еңкейтіп, басты алға қарай аздап иіп отыру.
- 4 Жарық жұмыс орнына сол жақтан немесе алдынан түсуі керек.
- 5 Тігін машинасын мұғалімнің жетекшілігімен іске қосу.
- 6 Машина мен жұмыс орындаушының арақашықтығы 20–30 см болуы қажет.
- 7 Аяқтар еденде немесе аяқ қойғышта толық орнығуы керек.
- 8 Машина үстінде артық заттар жатпауға тиіс.
- 9 Тігісті бастар алдында бұйымда түйреуіштер мен инелердің жоқтығын тексеру.
- 10 Жұмысқа кіріспей тұрып құрылғының дұрыстығын тексеру (табанды реттегіш бұранда берік пе, ине тесігіне дәл келе ме).
- 11 Матаны қойып, табанды түсірмей машинаны жүргізбеу.
- 12 Тігіс түрін ауыстырғанда инені жоғары көтеріп қою.
3) Машина тігістерінің түрлері
Тігіс — бір немесе бірнеше қабат материалды тігім арқылы қосу. Тігіс — бұйым бөлшектерінің жіппен, желіммен немесе дәнекерлеу арқылы біріктірілген орны.
Тігім — инешаншымдардың қайталанған қатары. Инешаншым — иненің екі шаншымы арасындағы жіптер.
Кезектесіп келетін екі инешаншым арасындағы арақашықтық ине шаншым ұзындығы деп аталады. Бөлшек қиығынан тігімге дейінгі аралық тігіс ені болады.
Негізгі атаулар
- •Сырып тігу
- •Бастыра тігу
- •Жөрмеп тігу
- •Бүгіп тігу
Сарамандықта орындалатындары
Машинамен тігу үшін осы тігістердің ішінен сырып тігу және бастыра тігу орындалады. Мұғалім әр машинамен жұмыс істеу ретін көрсетеді, оқушылар мұқият қадағалайды.
IV. Сарамандық жұмыс
15 минут
Нұсқау
- 1.Тігін машинасымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.
- 2.Машина тігістерін орындау (сырып тігу, бастыра тігу).
V. Ой толғау
Қыздар, машина тігістерін орындай отырып, еңбек туралы мақал-мәтелдерді еске түсірейік. Қолөнерді сөз өнерімен ұштастырып, төмендегі мақал-мәтелдерді жалғастырыңыз.
1) «Жіп жіңішке жерінен үзіледі».
2) «Жіптің ұзыны жақсы, сөздің қысқасы жақсы».
3) «Тігіншіні ине асырайды».
4) «Тігінші кем істейді, үтік тегістейді».
5) «Ине-жібі бар әйелдің үсті-басы жыртылмайды».
6) «Үйренгенің өзіңе құт, істегенің еліңе құт».
7) «Көз көруге тоймас, көңіл өнерге тоймас».
VI. Сабақты бекіту
5 минут
- 1 Қай ғасырда тігін машинасының жобасы ұсынылды?
- 2 Тігін машинасы не үшін қажет?
- 3 Тігін машинасымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін атаңыз.
- 4 Машина тігістерінің қандай түрлері бар?
- 5 Тігіс түрлерінің жасалуын түсіндіріңіз.
VII. Қорытындылау
5 минут
«Сөзқұрақ құрастыру»: әріптері араласқан сөздердің мағынасын тауып, дұрыс сөзді құрастырыңыз.
Сөзқұрақ
Анитрекэашлм
Дұрыс жауабы: электромашина
Сөзқұрақ
Імтіг
Дұрыс жауабы: тігім
Сөзқұрақ
Имшынешан
Дұрыс жауабы: инешаншым
Сөзқұрақ
Нігті асыншами
Дұрыс жауабы: тігін машинасы
VIII. Бағалау
2 минут
Оқушылар бір-бірін бағалайды (өзара бағалау).
IX. Үй тапсырмасы
- •Машина құрылысын жатқа біліп келу.
- •Машина тігістерін жасап келу.