Мектепте өтетін кеште көрсетілетін сән үлгісіне дайындық

Сабақ туралы қысқаша ақпарат

Мұғалім
Г. Ерғалиева
Сынып / Пән
9-сынып · Кәсіпкерлік
Сабақ тақырыбы
Муляж әдісімен костюм жасау
Сабақ түрі
Аралас (практикалық)
Әдістер
Топтық-шығармашылық, сұрақ-жауап, эрудит, сарамандық
Көрнекіліктер
Слайдтар, киім үлгілері, материалдар мен қуыршақтар, сән түрлері

Сабақ мақсаты

Білім

Оқушылардың костюм, киім және жарнама туралы білімін кеңейту; муляж әдісі туралы біліктілігін қалыптастыру.

Дағды

Ойлау қабілетін дамыта отырып, жарнама жасауға және өзіндік шеберлікке дағдыландыру.

Тәрбиелік бағыт

Киім таңдауда өзіндік көзқарас қалыптастырып, талғампаздыққа және әсемдікке тәрбиелеу.

Кәсіпкерлік құзыреттілігі

Кәсіпкерлік туралы түсінігін тереңдетіп, ұйымдастырушылық және практикалық біліктілік дағдыларын қалыптастыру.

Негізгі ұғымдар

Муляж әдісі

Муляждық әдіс (француз тіліндегі мағынасы: құю, жапсыру, жасау, көшірме-бедер) — күрделі үлгілерді дайындауда, жеке тұлғаға тән пішім негізін құрастыруда және жаппай өндіріс үшін жасалған үлгі-макетті тексеруде қолданылатын тәсіл.

Киім тігуде бұл әдіс көбіне булау, байлау, түйреу, жиыру сияқты амалдармен бірге орындалады.

Кәсіпкер және кәсіпкерлік

Кәсіпкер — өнеркәсіп, сауда немесе фирма иесі; тиімді істің жолын тауып, оны ұйымдастыра білетін іскер адам.

Кәсіпкерлік — кәсіпкерге және оның ісіне тән қызметті ұйымдастыру, сондай-ақ әріптестікке негізделген бірлескен әрекет мәдениеті.

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа аудару.
  • Сабақ мақсатымен таныстыру және жұмыс бағытын нақтылау.
  • Оқушыларды топқа бөлу және топ атауын таңдату: «Сұлба», «Костюм», «Сән».

2) Білу: ойын арқылы қайталау

«Мозайка» ойыны: берілген қималардағы сұрақтарға жауап беріп, бөліктерді құрастыру арқылы киім үлгісін шығару. Әр секторда 5 сұрақтан бар, 5 сұрақтың барлығына дұрыс жауап берген топ 5 ұпай алады. Жауаптар санмен жазылып, таблоға белгіленеді.

«Бинго» ойыны: 1–6-слайд бойынша сұрақ-жауап арқылы білімді бекіту.

3) Түсіну: жаңа тақырыпты меңгерту

Мұғалім муляж әдісінің мәнін түсіндіріп, бірнеше тәсілді үлгі ретінде көрсетеді. Оқушылар негізгі анықтамаларды жазып, «түртіп алу» тәсілімен маңызды ойларды белгілеп отырады.

4) Қолдану: сарамандық жұмыс

Оқушыларға проблемалық жағдаят ұсынылады: мектепте өтетін кеште көрсетілетін сән үлгісіне дайындық. Топтар өзара тапсырмалар алмасып, шешім ұсынады. Дұрыс орындалған әр тапсырма үшін ұпай беріледі.

5) Талдау: сәйкестікті табу

«Сәйкестікті тап» ойыны (7–8-слайд): ұғымдар мен анықтамаларды, әрекет пен нәтижені жұптастыру арқылы логикалық талдау жасау.

6) Жинақтау: адасқан сөздер және түс үйлесімі

«Адасқан сөздер» ойыны (9–10-слайд): негізгі түстердің үйлесімді түстері араластырылып беріледі, оқушылар оларды тауып, дұрыс ретпен орналастырады.

Бұл бөлімде түстер үйлесімділігі тақырыбы бойынша практикалық ойлау дамытылады.

7) Бағалау: сызықтық диктант

Оқушыларға сызықтық диктант тапсырмасы ұсынылады (11–12-слайд). Нәтижесі бойынша әр оқушының тақырыпты меңгеру деңгейі айқындалады.

Талқылау сұрағы

Бүгінгі тақырыпқа сүйене отырып, кәсіпкерлік бағытта фирма ашуға және осы салада кәсіпкер болуға бола ма?

8) Қорытынды және рефлексия

  • Жеңімпаз топты жариялау және қорытындылау.
  • Оқушылардың белсенділігі мен жұмыс ерекшелігіне қарай бағалау.