Оқушы сөзіне сұрақ қояйық
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосы
№9 орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі: Шамұратова Бибигүл Ивановна
Пәні: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Сын есім
Сабақтың мақсаты
-
Білімділігі
Сын есім туралы толық теориялық білім беру; сөйлем ішінен сын есімді тауып, оған сұрақ қоя білу дағдысын қалыптастыру.
-
Дамытушылығы
Оқушылардың сөз таптары туралы білімін кеңейту, сөздік қорын дамыту.
-
Тәрбиелігі
Кішіпейілділікке, шапшаңдыққа, мәнерлі сөйлеуге және сауатты жазуға тәрбиелеу.
Қолданылатын ресурстар
- Көрнекілігі
- Сюжетті суреттер, ереже, алма.
- Әдістері
- Түсіндіру, сұрақ-жауап, сөзжұмбақ, Венн диаграммасы, топтастыру.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару, сынып жұмысын ұйымдастыру.
II. Үй тапсырмасын тексеру
- 55-жаттығуды тексеру.
- Батаны жатқа айту.
- Болымсыз етістікті табу.
III. Бекіту сұрақтары (өткенді қайталау)
- Етістік дегеніміз не?
- Етістіктің түрлерін ата.
- Болымды етістікке мысал келтір.
- Болымсыз етістік дегеніміз не? Мысал келтір.
IV. Жаңа сабақ
1) Сөзжұмбақ шешу
Сөзжұмбақты шешу арқылы жаңа тақырып анықталады. Тігінен «Сын есім» сөзі шығады.
1. «Не істеді? Не қылды? Қайтті?» сұрағына жауап беретін сөз табы.
2. Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған етістік қалай аталады?
3. Зат есімнің сұрақтары қандай?
4. Негізгі түбірден болған зат есім қалай аталады?
5. «Кетпе, жұлма, айтпа» сөздері қандай етістік?
6. «Оқушы» сөзіне сұрақ қой.
7. «Күл, жаз, кел» сөздері қандай етістік?
2) Қызығушылықты ояту (алмамен жұмыс)
Мұғалім: Балалар, мынау не?
Оқушылар: Алма.
Мұғалім: Иісі қандай?
Оқушылар: Жұпар иісті, жағымды.
Мұғалім: Көлемі қандай?
Оқушылар: Үлкен.
Мұғалім: Түсі қандай?
Оқушылар: Қызыл.
Осылайша, біз заттың сындық ерекшеліктерін атадық және ереже шығардық: заттың сынын, сапасын, түрін, пішінін білдіретін сөздер сын есім деп аталады. Сын есімдер «Қандай?», «Қай?» сұрақтарына жауап береді.
3) Оқулықпен жұмыс
1-жаттығу
Жұмбақты оқып, шешуін тап:
Сырты жасыл, қап-қатты,
Іші қызыл, тәп-тәтті.
Жұмбақтың шешуін табуға қандай сөздер көмектесті? Олар заттың нені білдіріп тұр? (Түсін, сапасын, дәмін.)
2-жаттығу
Суретке қарап, керекті сөздерді пайдаланып сұрақтарға жауап бер:
- Күн қандай?
- Аспан қандай?
- Жапырақтар қандай?
Керекті сөздер: көңілді, ашық, көк, көгілдір, жасыл, сары, жабысқақ, нәзік.
Қай сөз алғашқы екі сұрақтың жауабы бола алады? Сұрақтарға жауапты жаз.
Сергіту сәті: «Мен қандаймын?»
Шарты: әр оқушы өз аты қай әріптен басталса, сол әріптен басталатын сын есімді қосып айтады.
Мысал: Айнұр — ақылды.
Мысал: Әсем — әдепті.
3-жаттығу
Қияр туралы жұмбақ құрастыр. Ол үшін қиярдың белгілерін (түсі, түрі, дәмі) ата. Жұмбақтағы әрбір сөз қандай сұраққа жауап береді?
4-жаттығу
Суретті қара. Әрқайсысының мазмұнына лайық сөйлемдерді төмендегі мәтіннен таңдап ал. Мәтінді ретімен көшіріп жаз. Сын есімдердің астын сыз.
4) Ойын: «Тез ойла, сөз ойла»
Мұғалім сөз айтады, оқушылар сын есімдермен жауап береді. Мысал сөздер: