Әрбір топ жануарларына сипаттама беру
Сабақ туралы қысқаша ақпарат
Сынып
3-сынып
Пән
Дүниетану
Тақырып
Жануарлар әлемінің сан алуандығы
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
Жануарлардың сан алуандығы және олардың топтары туралы жаңа білім беру; әр топтағы жануарларға сипаттама жасату.
Тәрбиелік
Жануарлардың адамға және қоршаған ортаға тигізетін пайдасын түсіндіру; оларға қамқор болуға, жойылып кетуден қорғауға тәрбиелеу.
Дамытушылық
Ойлау әрекетін, топтық жұмыс дағдыларын, өзара қарым-қатынасты, шығармашылық әлеует пен сөздік қорды дамыту.
Әдіс-тәсілдер мен ресурстар
Стратегиялар
- Бақылау, түсіндіру
- Сұрақ-жауап
- Робин-раунд
- Еркін жазу
- Ассоциация
- Визуалды лекция
- Талдау және жинақтау
Көрнекіліктер
- Экрандық-бейнелік материалдар (жануарлар суреттері)
- Слайд-шоу
- Тапсырма парақшалары
Ұйымдастыру формасы
Ұжымдық жұмыс (топқа бөлу арқылы).
Сабақ барысы
I. Қызығушылықты ояту
1) Ұйымдастыру
- Оқушыларды және оқу құралдарын түгендеу.
- Назарды сабаққа аудару.
- Оқушыларды топтарға бөлу.
2) Қызықтырушылық әрекет (сұрақ-жауап)
Сұрақ:
Адам, жануарлар, өсімдіктер қандай табиғатқа жатады?
Жауап: Тірі табиғат.
Сұрақ:
Тірі табиғат иелерінің өмір сүруі үшін не керек?
Жауап: Ауа, жылу, жарық, су, қорек.
Маңызды ой: ең қажеттілердің бірі — жарық, яғни күннің нұры. Интерактивті тақтада күннің суреті көрсетіледі.
Сабақтың көңіл күйі: күн сияқты жылылық сыйлап, күлімдеп, жақсы көңіл күймен жұмыс істеу.
3) Үй тапсырмасын тексеру (тест)
Тест интерактивті тақтада көрсетіледі.
-
1. Мәдени өсімдіктер:
- A) Шырша, сәбіз, күріш
- Ә) Жүгері, бөріқарақат, итмұрын
- Б) Тары, қарбыз, қызанақ
-
2. Өзен, көл, теңіз және мұхитта тіршілік ететін өсімдік:
- A) Жантақ
- Ә) Қайың
- Б) Балдыр
-
3. Сексеуіл, жантақ, сүтіген қандай өсімдіктер?
- A) Құрғақшылыққа төзімді
- Ә) Көлеңкеге төзімді
- Б) Ылғалсүйгіш
-
4. Екіжылдық өсімдіктер:
- A) Бақбақ, жолжелкен, ошаған
- Ә) Сәбіз, тұлып, шалқан
- Б) Бидай, күріш, асқабақ
-
5. Ылғалсүйгіш өсімдіктер:
- A) Құртқашаш, жантақ, қарағай
- Ә) Қияқ, өлеңшөп, иваншай
- Б) Сәлбен, мақта, сүтіген
-
6. Оңтүстік өңірлерде көп өсірілетін жарықсүйгіш мәдени өсімдік:
- A) Мақта
- Ә) Бақбақ
- Б) Қоңыраугүл
-
7. Қызылорда облысында өсірілетін дәнді дақыл:
- A) Арпа
- Ә) Күріш
- Б) Бидай
-
8. Өсімдіктердің демалатын кезі:
- A) Көктем
- Ә) Жаз
- Б) Қыс
-
9. Жер бетіндегі ең ұзақ жасайтын ағаш:
- A) Шырша
- Ә) Секвойя
- Б) Терек
-
10. Шөптектес өсімдіктердің ішінде ең ұзақ жасайтын өсімдік:
- A) Қырыққұлақ
- Ә) Итбүлдірген
- Б) Долана
II. Жаңа мағынаны тану
1) Жаңа сабақ
- Тақырыпты көрнекіліктер арқылы түсіндіру (экрандық-бейнелік материалдар).
- Слайд арқылы жануарлардың суреттерін көрсетіп, оларды топтастыру.
- Жануарлардың негізгі топтарымен таныстыру.
2) «Ойлан, тап» ойыны
Мақсаты: жұмбақ шешу арқылы оқушылардың жануарлар туралы білімін анықтау және жүйелеу.
Шарты: мұғалім жұмбақ жасырады; шешуі болған жануар туралы білетін мәліметтер «гүл кестесіне» жазылады.
Жұмбақ 1
Есек құлақты, ешкі құйрықты, мысық аяқты — көрдім жүйрікті.
Жауабы: Қоян
Жұмбақ 2
Спортшыдан аумайды, секіреді, аунайды. Таңқы танау, ойынпаз — мазақтайды, заулайды.
Жауабы: Маймыл
Жұмбақ 3
Сауыттай мықты шапаны бар, жәндіктің нағыз шабаны.
Жауабы: Тасбақа
3) «Кім зерек?» тапсырмасы
Жануарлардың орысша атауларын тауып, тез айту.
III. Ой толғаныс кезеңі
1) Жаңа сабақты бекіту: «Үндемес» ойыны
1–2 оқушы тақтаға шығады. Парақшада берілген жануардың атын айтпай, ым-ишара және балама сөздер арқылы сипаттайды. Қалған оқушылар қандай жануар екенін табады.
Сөздер тізімі
2) Мәтінмен жұмыс
Ертегі оқу
«Айлакер қоян»
3) Үй тапсырмасы
Теориялық бағыт
Мәтінді оқу, мазмұндау.
Шығармашылық бағыт
Жануарлардың суретін салу.
Ізденушілік бағыт
Қалаған бір жануарға сипаттама беру.
4) Бағалау
Оқушылар тест қорытындысы және сабақтағы белсенділігі бойынша бағаланады.