Оқушылардың сабаққа қатысуын, дайындығын тексеру

Сабақтың тақырыбы

Омонимдер

Сабақтың мақсаттары

Білімділік мақсаты

Омонимдер туралы түсінік беру, жаңа тақырыпты мысалдар арқылы меңгерту және сөздердің мағыналарын ажырата білуге үйрету.

Тәрбиелік мақсаты

Омонимдер арқылы қазақ тілінің сөз байлығын танытып, ана тіліне құрмет сезімін арттыру.

Дамытушылық мақсаты

Өзіндік жұмыс түрлері арқылы ой-өрісті кеңейту, шығармашылық тапсырмалар арқылы сөйлеу тілін дамыту.

Сабақ туралы мәлімет

Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Пәнаралық байланыс
Әдебиеттік оқу, математика
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ-жауап, баяндау, талдау
Көрнекіліктер
Суреттер, кесте

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
  • Сабаққа дайындығын бақылау.

II. Үй тапсырмасын тексеру және қорытындылау

Дәптерлер жиналады. Төмендегі сұрақтар арқылы өткен тақырып қайталанады.

Сұрақтар мен жауаптар

  1. 1) Сөз деген не?

    Белгілі бір ұғымға берілген атау.

  2. 2) Сөз мағынасы деген не?

    Сөздің ішкі жағы, яғни мазмұны.

  3. 3) Антоним деген не?

    Мағынасы қарама-қарсы сөздер.

  4. 4) Синоним деген не?

    Мағыналас сөздер.

  5. 5) Омоним деген не?

    Жазылуы бір, мағынасы әртүрлі сөздер.

    Байқалғаны: кейбір сөздер екі түрлі мағынада қолданылуы мүмкін (мысалы, бас, алма).

III. Жаңа сабақ

Көркем жазу минуты

Ж ж Жаз

«Жаз» сөзіне мәндес сөздерді және мағынасы қарама-қарсы сөздерді табыңдар.

1) «Ойлан, тап»

Берілген сандар мен әріптер арқылы сөздерді құрастырыңдар. Нәтижесінде төмендегі ұғымдар шығады:

Омоним Антоним Синоним

Берілген тізбектер

  • 24, 32, 24, 48, 16, 32
  • 12, 21, 54, 27, 21, 24, 42
  • 72, 35, 32, 63, 32, 35, 28
Сөз Омоним (әртүрлі мағына) Антоним Синоним
жас
  • көздің жасы
  • адамның жас шамасы
кәрі балғын, балауса, жасөспірім
ер
  • ер (аттың әбзелі)
  • ер (ер адам)
  • ер (еріп бару)
  • ер (батыр)
әйел батыр, батыл

2) «Кім жылдам?»

Берілген сурет бойынша көп мағыналы (омоним) сөздерді тауып, сол сөздермен сөйлем құраңдар.

3) Тіркес құрастыру

Төмендегі сөздер омоним болатындай етіп тіркестер құрап жазыңдар:

сабақ қой түс қап

IV. Жаттығулар жұмысы

2-жаттығу

Сөйлемдегі ерекшеленген сөздердің басқа мағыналарын тауып, сол мағынада сөйлем құрастырыңдар.

  • Менің әкем — жылқышы.
  • Алмат өте зерек оқушы.
  • Біз көршілерімізбен тату-тәтті тұрамыз.
  • Есікке кілт салынды.
  • Айнұр өлеңді жақсы айтады.

5-жаттығу

Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазыңдар.

1)

... — өсімдіктердің түбір тарамы.
... — адам денесіндегі қан жүретін жол.

2)

Адамдар ... ду етіп күлді.
... — жап-жазық жер.

3)

... — газет, журнал, кітап шығарумен айналысатын мекеме.
Тамағы ... болып ауырған адам суық су ішпеуі тиіс.

Керекті сөздер

тамыр баспа тегіс

V. Қорытындылау

Рефлексия

Оқушылар омоним, синоним, антоним ұғымдарын ажыратып, мысал келтіреді.

Үй тапсырмасы

62-бет, 4-жаттығу.

Бағалау

Оқушылардың белсенділігі мен тапсырмаларды орындауына қарай бағаланады.