Көпмүшені екімүшенің кубы түрінде жазыңдар
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Қысқаша көбейту формулаларын есеп шығаруда тиімді қолдана білу және тақырыпты оқушы санасында бекіту.
Тәрбиелік
Оқушыларды алғырлыққа, шапшаңдыққа, тапқырлыққа баулу және білімге деген қызығушылығын арттыру.
Дамытушылық
Мұқият тыңдау, нақты жауап беру, ойлау қабілетін дамыту, өз ойын жүйелеу, ой-өрісін кеңейту және тез шешім қабылдап, іздену дағдысын қалыптастыру.
Сабақ туралы қысқаша ақпарат
- Сабақтың түрі
- Аралас сабақ
- Сабақтың типі
- Қайталау сабағы
- Көрнекілігі
- Таратпа материалдар, формулалар, деңгейлік тест тапсырмалары.
- Әдістері
- Практикалық жұмыс, сұрақ-жауап, деңгейлеп-саралап оқыту.
Сабақтың идеясы: «Ғарышқа саяхат»
Кіріспе сұрақтар
- 1961 жылы ғарышқа алғаш ұшқан кім? Ю. А. Гагарин.
- Ғарышқа ұшқан алғашқы қазақ батыры кім? Т. Әубәкіров.
- Екінші болып ұшқан кім? Т. Мұсабаев.
Бағыт
Саяхатымыз Жер планетасынан басталады. Одан әрі бізді Ауызша есептеу, Бірлік, Ойын тесті және Логика «планеталары» күтеді.
Байқоңыр туралы қысқаша дерек
Байқоңыр ғарыш кешені Қызылорда облысында, әйгілі Қызылқұм шөлі мен Арал теңізі орналасқан аймақта орналасқан (картадан көрсету). Ұшу алаңына келдік — бұл Байқоңыр ұшу алаңы.
Негізгі формулалар
Екі өрнектің қосындысының квадраты
(a + b)² = a² + 2ab + b²
Жаттығуға ескерту
Есептерді орындағанда формуланы дәл жазу, кейін жақшаны ашу және ықшамдау қадамдарын ретімен орындау ұсынылады.
Алгебралық диктант (Ауызша есептеу планетасы)
Оқушыларға үлестірмелі карточкалар беріледі. Тапсырмалар қысқаша көбейту формулаларын қолдану дағдысын тексереді.
№1. Көбейткіштерге жіктеңдер
a³b³ + 8 = (ab + 2)(a²b² − 2ab + 4)
№2. Бос орынды толтырыңдар
Берілген өрнек екімүшенің квадраты түрінде келетіндей етіп, тиісті әріппен толықтырыңдар:
a² − □ + 9 = a² − 6b + 9
№3. Көбейткіштерге жіктеңдер
(3a + 2b)² = 9a² + 12ab + 4b²
№4. Жақшаны ашыңдар
(2x − 4)² = 4x² − 16x + 16
№5. Жұлдызшаның орнына тиісті өрнекті қойыңдар
Теңдікті толықтырыңдар:
* − 2a²b² + * = a² − b²
Алгоритмдік деңгей (Бірлік планетасы)
Бұл кезеңде сабақта алған білімімізді практикалық есептер арқылы бекітеміз.
І деңгей
- Көбейтуді орындаңдар: (a − 3b)(a + 3b)
- Өрнекті екі өрнектің қосындысының квадраты түрінде жазыңдар: m² + 2mn + n²
ІІ деңгей
-
Көпмүше түрінде жазыңдар:
(3m² + 5n²)² (3n − 2m)³
- Амалдарды орындаңдар: (5a − 2)² − 4
ІІІ деңгей
Өрнекті ықшамдаңдар:
(a² − 3)³ − (a − 2)(a² + 4)(a + 2)
Тест (Ойын тесті планетасы)
Жұмбақ
Көгімізде самғаған, қалықтаған зымыран. Бұл не? Жауабы: қыран.
1-сұрақ
(5x − 4)(5x + 4)
- A) 25x − 16
- B) 25x² − 16
- C) 16 − 25x²
- D) 25x² − 4
2-сұрақ
81d² − 64c²
- A) (9d − 8c)(9d + 8c)
- B) (8c − 9d)(8c + 9d)
- C) 8c² − 80c + 46d²
- D) (9d + 8c)(−9d − 8c)
3-сұрақ
(x + 9)²
- A) (x + 9)(x − 9)
- B) x² − 18x + 81
- C) x² + 18x + 81
- D) x² − 81 − 18x
4-сұрақ
b² + 2b + 1
- A) (b − 1)(b + 1)
- B) (b − 1)²
- C) b² − 12
- D) (b + 1)²
5-сұрақ
(m + n)³
- A) m³ + 3m²n + 3mn² + n³
- B) (m + n)(m − n)
- C) m² + 2mn + n³
- D) m³ − 3m²n + 3m²n − n³
6-сұрақ
x³ + 3x² + 3x + 1
- A) (x + 1)³
- B) (x − 1)³
- C) x³ − 1
- D) x² − 3xy + y²
7-сұрақ
b³ + 125
- A) (b + 5)(b² − 5b + 25)
- B) (b − 5)(b² + 5b + 25)
- C) (−5 − b)(b² − 5b + 25)
- D) (5 + b)(−b² − 5b − 25)
8-сұрақ
a² − 14a + 49
- A) (7 + a)²
- B) (a − 7)(a + 7)
- C) (a − 7)²
- D) a² − 72
9-сұрақ
y³ − 3y² + 3y − 1
- A) (y − 1)³
- B) (y + 1)³
- C) y³ − 1
- D) y² + 3xy − 3x²y + 1
Логикалық тапсырмалар
1) Салыстыру
Айдын Асқардан бойы ұзын, бірақ Жанаттан аласа. Кім ең ұзын?
Шешімі: Жанат — ең ұзын.
2) Туыстық байланыс
Менің атым Медет. Менің тәтемнің бір ғана інісі бар. Менің тәтемнің інісінің аты кім?
Жауабы: Медет.
3) Термометр
Аязда термометр −3° көрсетіп тұр. Осындай екі термометр бірге неше градус көрсетеді?
Жауабы: −3°.
4) Шырпыдан құрастыру
Бес шырпы таяқшасынан екі үшбұрыш құраңдар.
5) Доптың кері қайтуы
Допты лақтырғанда, ол өз ізімен кері қайтуы үшін қалай лақтыру керек?
Жауабы: жоғары қарай.
Үй тапсырмасы және қорытынды
Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасы мұғалімнің нұсқаулығына сәйкес беріледі (оқулық/жаттығу нөмірлері және қосымша тапсырмалар).
Қорытындылау және бағалау
Сабақ соңында негізгі формулаларды қолдану дәлдігі, есеп шығару алгоритмін сақтау және логикалық тапсырмалардағы пайымдау бағаланады.