Сорғыш құрттар қайда тіршілік етеді деп ойлайсыздар
Сабақтың тақырыбы
Сорғыш құрттар
Сабақ негізделген оқу мақсаты
- Сорғыш құрттар туралы жалпы түсінік қалыптастыру.
- Дене бөліктерімен, ас қорыту және жүйке жүйелерімен танысу.
- Сезім және жыныс мүшелерін, даму ерекшеліктерін суреттер арқылы меңгеру.
Алдыңғы оқу
Таспа құрттар
Сабақтың мақсаттары
Барлық оқушылар орындай алады
Сорғыш құрттар туралы біледі.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады
Сорғыш құрттардың дене бөліктерін, ас қорыту және жүйке жүйелерін сипаттайды.
Кейбір оқушылар орындай алады
Суреттер арқылы сорғыш құрттардың сезім, жыныс мүшелері мен даму кезеңдерін көрсете алады.
Тілдік мақсат
Негізгі сөздер мен тіркестер
Сыныптағы диалогқа пайдалы тілдік бірліктер
Талқылауға арналған сұрақтар:
- Жалпақ құрттар типіне қандай кластар жатады? (кірпікшелі, таспа, сорғыш)
- Сорғыш құрттар қайда тіршілік етеді деп ойлайсыз? (бауырда)
- Неліктен олар бауырда тіршілік етеді?
Жетістік критерийлері
- Сорғыш құрттардың негізгі белгілерін біледі.
- Сорғыш, таспа және кірпікшелі құрттардың дене бөліктерін, ас қорыту және жүйке жүйелерін ажыратады.
- Суреттерден сорғыш құрттардың құрылысын көрсете алады.
Сабақ жоспары
I. Басталуы
2–3 минут- Сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру, назарды сабаққа аудару.
- Оқушыларды 4 топқа бөлу:
II. Жұптық жұмыс
7 минутОйланып, сұрақтарға жауап беріңіз:
- Әбден пісірілмеген сиыр етін жеген адам қандай паразит құртты жұқтыруы мүмкін? (сиыр цепені)
- Егер бақшадан алынған көкөністерді шалшық суымен суарып, кейін оларды жақсылап жумай жесек, қандай паразит құрттарды жұқтыруымыз мүмкін?
Бағалау: жұптар бірін-бірі бағалайды.
Ресурс: таратпа материалдар.
III. Топтық жұмыс
20 минутТоп ішінде рөлдерді анықтаңыз: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы, бақылаушы(лар). Әр оқушы өз рөліне сай міндеттерді орындайды.
1-топ: «Жалпақ құрттар»
Концептуалды кесте
2-топ: «Кірпікшелі құрттар»
Тұжырымдамалық карта
3-топ: «Таспа құрттар»
Венн диаграммасы
4-топ: «Сорғыш құрттар»
Ассоциация
Тыңдалым: топтардың пікірін тыңдау.
Бағалау: «Екі жұлдыз, бір тілек».
Ресурстар: плакат, маркер.
IV. Жеке жұмыс
7 минутКестеге жалпақ құрттар типінің қандай кластарға бөлінетінін жазып, әрбір класқа тән ерекшеліктерді іріктеңіз.
| Ерекшеліктер (іріктеу үшін) |
|---|
| 1) Сорғыштары мен жабысып алатын қармақшасы бар. |
| 2) Даму айналымы күрделі, иелерін ауыстырып отырады. |
| 3) Сулы ортада тіршілік етеді, еркін жүзіп қозғалады. |
| 4) Ересектерінде сезім мүшелері дамыған. |
| 5) Денесі жапыраққа ұқсайды. |
| 6) Әдетте аузында және құрсағында сорғыштары болады. |
| 7) Адамдар мен жануарларда паразиттік ететін эндопаразит болып табылады. |
| 8) Денесі кірпікшелі эпителий жасушаларымен қапталған. |
| 9) Ас қорыту мүшесі бар. |
| 10) Денесі ұзын, таспа тәрізді; бөліктерге бөлінеді. |
| 11) Ас қорыту мүшесі болмайды. |
Бағалау: дұрыс жауап арқылы өзін-өзі бағалау.
V. Кері байланыс
5 минутРефлексия: оқушылар сабақтан алған негізгі ойларын және қиындықтарын қысқаша жазады немесе ауызша бөліседі.