Жалқы есімді тап

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушылардың зат есімнің жекеше және көпше түрлері туралы түсінігін кеңейту; сөйлем ішінен тауып, дұрыс сұрақ қоя білуге және сөйлемді сөз таптарына талдай білуге үйрету. Сауатты жазу дағдысын қалыптастыру.

Дамытушылық

Ойын түрлері арқылы ізденімпаздық қабілетін, ой-өрісін дамыту. Түрлі тапсырмаларды орындау барысында танымдық іскерлікті және есте сақтау қабілетін арттыру.

Тәрбиелік

Оқушыларды ұйымшылдыққа, ауызбіршілікке, бір-бірін сыйлай білуге тәрбиелеу.

Негізгі ұғым

Жекеше түр

Кім? Не? сұрақтарына жауап береді: ата, құс, түйе.

Көпше түр

Кімдер? Нелер? сұрақтарына жауап береді: аталар, құстар, түйелер.

I. Қызығушылықты ояту

1) Ұйымдастыру

  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
  • Оқу құралдарын дайындау.
  • Кезекшінің жұмысын қадағалау.

2) Психологиялық дайындық

Шырылдады қоңырау,
Біз сабақты бастаймыз.
Партамызға отырып,
Өзара көз тастаймыз.
Жаңа білім алуға,
Алға қадам жасаймыз.

3) Үй тапсырмасын тексеру

397-жаттығу: жалқы есімдерді бір бағанға, жалпы есімдерді екінші бағанға бөліп жазу.

Жалқы есім Жалпы есім
Астана, Айжан, Есіл, Айдос, Тайбурыл, Бөрібасар бала, тау, әже, балық, ұшқыш, өзен

4) Өткен сабаққа шолу

Семантикалық карта арқылы мысалдарды жалқы және жалпы есімге ажырату.

Мысалдар

бала, Астана, тау, Айжан, Есіл, әже

Мысалдар

Айдос, балық, Тайбурыл, ұшқыш, Бөрібасар, өзен

II. Мағынаны тану

1) Суретпен жұмыс

Дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді жазамыз. Тақырып: «Зат есімнің жекеше және көпше түрлері». Суретке қарап, әр заттың санын анықтаймыз және сөздерді салыстырамыз.

Жекеше → көпше

  • қоянқояндар
  • балапанбалапандар

Талқылау сұрағы

Сөздердің бір-бірінен айырмашылығы неде? (Оқушылар жекеше және көпше мағына, көптік жалғауы арқылы жасалатынын айтады.)

2) Тірек-сызба

Жекеше зат есім

Кім? Не? — бір заттың атауы.

Мысал: ата, құс, түйе.

Көпше зат есім

Кімдер? Нелер? — көп заттың атауы.

Мысал: аталар, құстар, түйелер.

3) Сұрақ-жауап

Үйрек

  • 1 үйрек — сұрақ: Не?
  • 3 үйрек — сұрақ: Нелер?

Қыз бала

  • 1 қыз бала — сұрақ: Кім?
  • бірнеше қыз бала — сұрақ: Кімдер?

4) Оқулықпен жұмыс

Тақырыпқа қатысты ережені оқып, мысалдармен бекіту.

5) «Еркін жазу» стратегиясы

401-жаттығу: өлеңді көшіріп жазу. Қарамен берілген сөздердің астын сызу және түбір күйімен салыстыру.

Біздің ғалым ағалар,
Біздің ғалым апалар
Ашты жолды аспанға.
Әлі ұшамыз алысқа,
Алыс Айға, Марсқа.

Асты сызылатын сөздер: ағалар, апалар.

Өлең авторы: Әнуарбек Дүйсенбиев.

Сергіту сәті

Әуенмен сергіту жаттығулары орындалады.

6) «Топтастыру» стратегиясы

Әнуарбек Дүйсенбиев туралы мәліметтерді топтастыру:

  • Туған жылы

    1931

  • Туған жері

    Алматы облысы

  • Шығармалары

    «Сыйлық», «Не деу керек?» және т.б.

7) Сәйкестендіру тесті (көптік жалғаулар)

Берілген түбірлерге тиісті көптік жалғауын сәйкестендір:

Түбір Көпше түрі
суретші суретшілер
ақын ақындар
жеңімпаз жеңімпаздар
сыйлық сыйлықтар
бала балалар
құс құстар
ата аталар
құжат құжаттар
өзен өзендер
торғай торғайлар

8) Шығармашылық жұмыс

403-жаттығу: ребусты шешу. Шешуіндегі сөзді қатыстырып сөйлем құрау.

Шешуі: инеліктер

Мысал сөйлем: Инеліктер — ұшатын жәндік.

III. Ой толғаныс

«Ойлан, тап!» қорытынды ойыны

Тест тапсырмалары арқылы бүгінгі тақырыпты бекітеміз.

  1. 1) Заттың атын білдіретін сөз табы қалай аталады?

    A) Сын есім   Ә) Сан есім   Б) Етістік   В) Зат есім

  2. 2) Заттың атын білдіретін сөздер тобы:

    A) қалам, дәптер, бала   Ә) ойнады, күледі   Б) әдемі, сұлу   В) үлкен, жеті

  3. 3) Зат есім қандай сұраққа жауап береді?

    A) қайтті?   Ә) кім? не?   Б) неше? қанша?   С) қандай? қай?

  4. 4) Мына сөздер қай сөз табына жатады: қар, доп, есік

    A) Сын есім   Ә) Сан есім   Б) Етістік   В) Зат есім

  5. 5) «Дәптер» сөзіне қандай көптік жалғауы жалғанады?

    A) –лар   Ә) –лер   Б) –дар   В) –тер

  6. 6) Жалқы есімді тап.

    A) сырға   Ә) асық   Б) Ақтөбе   В) қалам

  7. 7) Жалпы есімді тап.

    A) Қазақстан   Ә) қасық   Б) Ақтөс   В) Елек

  8. 8) «Оқушы» сөзіне қандай көптік жалғауы жалғанады?

    A) –лар   Ә) –лер   Б) –дар   В) –тер

  9. 9) Заттың ретін білдіретін сан есімді тап.

    A) он   Ә) жиырма екі   Б) екінші   В) бес жүз

  10. 10) Жалқы есімді тап.

    A) өзен   Ә) Тайбурыл   Б) қақпақ   В) дәптер

Өзін-өзі бағалау шкаласы

Жинаған балл Баға
10–9 балл 5
8–6 балл 4
5–3 балл 3
2–0 балл 2

Үй тапсырмасы және бағалау

Үй тапсырмасы

405-жаттығу: тапсырманы орындау. Ережені мысалдарымен бірге жаттап келу.

Бағалау

Оқушының тапсырмаларды орындауына және жинаған ұпайына қарай бағалау жүргізіледі.

Негізгі назар: сұрақты дұрыс қою, жекеше-көпшені ажырату, сауатты жазу.