Адасқан сөздер
Ыбырай Алтынсарин тағылымы
Бұл әдеби-танымдық өнеге сағаты ағартушы-педагог, балалар жазушысы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің 175 жылдығына арналады.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларға әңгіме жанрының ерекшелігін түсіндіре отырып, Ы. Алтынсарин әңгімелерінің тақырыптарын, идеясын және қоғамдық мәнін ашу. Әңгімелерді қысқаша мазмұндатып, олардың шынайы өмірден алынғанына назар аударту.
Тәрбиелік
Ыбырай әңгімелеріндегі кейіпкерлердің үлгілі мінез-құлқы мен орынды іс-әрекеттерін талдау арқылы оқушыларды адамгершілікке, адалдыққа, мейірімділікке және қамқорлық жасауға баулу.
Дамытушылық
Оқушылардың ой еркіндігін және эстетикалық сезімін ояту. Мәтіндегі көркем сөз өрнектерін танытып, қысқаша мазмұндату арқылы тіл дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Сабақ түрі
Өнеге сағаты
Көрнекіліктер
Ы. Алтынсарин шығармашылығына арналған слайдтар, қосымша материалдар.
Ыбырай тұлғасы: қысқаша сипаттама
Ыбырай Алтынсарин — қазақ балалар әдебиетінің атасы, қазақ мәдениетінің ірі қайраткері, жазушы, тұңғыш қазақ мектебін ашқан ұстаз, өнер-білімнің жалынды жаршысы. Ол — аудармашы, этнограф, фольклоршы, ағартушы-педагог, халық қамқоршысы әрі өнегелі тәлімгер.
Негізгі ұстаным
Тәрбие мен білімнің өзегі — адамгершілік, еңбек және отбасылық өнеге.
Сахналық көріністерге кіріспе
«Ыбырай — қазақ балалар әдебиетінің атасы» тақырыбын ашу үшін сынып оқушылары дайындаған көріністер ұсынылады. Отбасы тәрбиесінің негізгі тірегі — ана мен әке. Осы ойдың мәнін Ыбырайдың бірқатар шығармаларындағы өмірлік оқиғалар айқын көрсетеді.
6А сынып
- «Бақша ағаштары»
- «Бір уыс мақта»
8Ә сынып
- «Әке мен бала»
9А сынып
- «Бай баласы мен жарлы баласы»
Отбасы өнегесі туралы түйін
Әке мен ана — баланы өмірге әкеліп, асырап-бағатын қамқоршысы әрі жақсы мінез-құлыққа тәрбиелейтін алғашқы ұстазы. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген сөз осыны дәлелдейді.
Тіршілік тірегі — еңбек
Ыбырай шығармаларының басты тақырыптарының бірі — еңбек. Ол еңбектің адам өміріндегі айрықша рөлін көрсетіп, «еңбексіз өнер де, білім де қолға келмейді» деген тұжырымға келеді. Сондықтан тәрбиенің негізі — адал еңбек екенін алға тартады.
Бұл бағытта жазылған әңгімелері: «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Қыпшақ Сейтқұл» және т.б.
Негізгі ой
Еңбек — адамды өсіретін, білім мен өнерге бастайтын сенімді жол.
Адамгершілік тәрбиесі: «Тәрбие басы — тал бесік»
Жазушының бір топ әңгімелері адамгершілік тәрбиесіне арналған. Адам баласы дүниеге келген сәттен бастап ата-ананың аялы алақаны мен ыстық ықыласына бөленіп өседі. Ата-ана баласына асыл қасиеттерді дарытып, жақсы азамат болуына үміт артады.
Осы тақырыптағы шығармалар
- «Асыл шөп»
- «Бақша ағаштары»
- «Таза бұлақ»
Түйін
Әр әңгіменің өзегінде тәрбиенің ізі бар. Оны түсініп оқыған адам ғана ұлы ұстаздың шебер тәрбиеші екенін терең сезінеді.
8А сынып көріністері
«Асыл шөп», «Талаптың пайдасы»
Зияткерлік тест: «Адасқан сөздер»
Төмендегі шашылған сөздерден дұрыс сөйлем құрастырыңыз. Әр сөйлемнің қай шығармадан алынғанын анықтаңыз.
A
ауырды, жәшігім, салдым, мен, ішіне, жеңілдететін, бір, шөп.
Дұрыс нұсқа
Мен жәшігімнің ішіне ауырды жеңілдететін бір шөп салдым.
Ә
бағуда, жоқ, шек, барында, көп, шырағым, мағына, қағуда.
Дұрыс нұсқа
Бағу-қағуда көп мағына бар, шырағым, онда шек жоқ.
Б
тап, көп, жұмысты, аз, қиынсынсаң, боласың, жұмысқа.
Дұрыс нұсқа
Аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боласың.
В
Жанды-жансыздардың, болмайды, керексізі, жаратылған, дүниедегі, ешқайсысының.
Дұрыс нұсқа
Дүниедегі жаратылған жанды-жансыздардың ешқайсысының керексізі болмайды.
Келесі тапсырма
Шығарма атауы мен шығармадан алынған үзіндіні сәйкестендіріңіз.