Малға теріс мінбе

Іс-шара туралы

Атауы

«Бақытты сәт» биология пәнінен кластан тыс шара

Түрі

Жарыс-сабақ

Қатысушылар

2 топ және 1 сарапшы оқушы

Мақсаты

  • Оқушылардың білім деңгейін анықтау.
  • Биология пәніне қызығушылығын арттыру.
  • Логикалық ойлау қабілетін дамыту.
  • Қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты сақтауға және бір-бірін құрметтеуге тәрбиелеу.

Кіріспе сөз (жүргізуші)

Құрметті оқушылар! Бүгін біз «Бақытты сәт» атты танымдық сайыс өткіземіз. Бұл сайыста сіздер биология пәнінен алған білімдеріңізді көрсетіп, кімнің ойы жүйрік, қиялы ұшқыр, ізденімпаз, жігерлі әрі қайратты екенін дәлелдейсіздер.

Сайыс кезеңдері

  1. І кезең. Таныстыру

    1/5

    Екі топ бір-бірін таныстырады.

    І топ

    «Білімділер»

    ІІ топ

    «Зерделілер»

  2. ІІ кезең. Бәйге

    2/5

    Шарты: барлық топ мүшелері қатысады.

    Бағалау: әр дұрыс жауапқа — 1 ұпай.

  3. ІІІ кезең. Қызықты жетеу

    3/5

    Қатысушылар 5, 10 немесе 15 ұпайлық тапсырмаларды таңдайды. Дұрыс жауапқа таңдалған ұпай саны беріледі.

  4. IV кезең. «Халық айтса, қалып айтпайды»

    4/5

    Табиғатты аялауға үндейтін ырым-тыйымдар мен даналық сөздер айтылады. Жұлдызшалардың астындағы суреттерге сәйкес жауап беріледі.

    Бағалау: әр дұрыс жауапқа — 5 ұпай.

  5. V кезең. Шығармашылық жұмыс

    5/5

    «Табиғатты қорғайық» тақырыбында тірек сөздерді пайдаланып шағын әңгіме жазыңыздар.

    Тірек сөздер

    табиғат, әсемдік, байлық, қоршаған орта, қорғау, міндет, өсімдік, парыз, жануар

ІІ кезең тапсырмалары: «Бәйге» сұрақтары

І топ: «Білімділер»

  1. Сұрақ: Өсімдіктер әлемін зерттейтін ғылым.

    Жауап: Ботаника.

  2. Сұрақ: Қазақстанда Қызыл кітап тұңғыш рет қай жылы шықты?

    Жауап: 1978 жыл.

  3. Сұрақ: Жасушаны ашқан ғалым.

    Жауап: Роберт Гук.

  4. Сұрақ: Өсімдіктің вегетативті мүшелері.

    Жауап: Тамыр, сабақ, жапырақ.

  5. Сұрақ: Өсімдік пен жануар арасын байланыстыратын біржасушалы жәндік.

    Жауап: Жасыл эвглена.

  6. Сұрақ: Өзіндік құрылысы бар, белгілі бір қызмет атқаратын ағзаның бір бөлігі.

    Жауап: Мүше.

  7. Сұрақ: Ұрық тамыршасынан пайда болған тамыр.

    Жауап: Негізгі тамыр.

  8. Сұрақ: «Жануартану» оқулығын жазған ғалым.

    Жауап: Х. Досмұхамедов.

  9. Сұрақ: Нейронның ұзын өсіндісі.

    Жауап: Аксон.

  10. Сұрақ: Жапырағы мен бүршігі бар, бұтақтанбаған жас сабақ.

    Жауап: Өркен.

ІІ топ: «Зерделілер»

  1. Сұрақ: Жануарлар әлемін зерттейтін ғылым.

    Жауап: Зоология.

  2. Сұрақ: Өсімдіктерге арналған Қазақстанның Қызыл кітабы қай жылы шықты?

    Жауап: 1981 жыл.

  3. Сұрақ: Фотосинтездегі хлорофиллдің рөлін алғаш сипаттаған ғалым.

    Жауап: Климент Аркадьевич Тимирязев.

  4. Сұрақ: Өсімдіктің генеративті мүшелері.

    Жауап: Гүл, жеміс, тұқым.

  5. Сұрақ: Жасыл эвглена қалай қозғалады?

    Жауап: Талшық (жіпше) арқылы.

  6. Сұрақ: Гүл шығаратын өркенде белгілі ретпен орналасатын ұсақ гүлдер тобы.

    Жауап: Гүлшоғыр.

  7. Сұрақ: Бидай өсімдігінің гүлшоғыры.

    Жауап: Күрделі масақ.

  8. Сұрақ: «Өсімдіктану» оқулығын жазған ғалым.

    Жауап: Жұмақан Күдерин.

  9. Сұрақ: Жүйке жасушасы.

    Жауап: Нейрон.

  10. Сұрақ: Тек өсімдік жасушасына тән органоид.

    Жауап: Пластид.

ІІІ кезең: «Қызықты жетеу» тапсырмалары

Әр санатта 5 / 10 / 15 ұпайлық сұрақтар бар. Дұрыс жауапқа — таңдалған ұпай саны.

Терминдер

5 ұпай — «Циста»
Біржасушалы ағзалардың қолайсыз жағдайда тіршілігін сақтау үшін сыртынан қалың, тығыз қорғаныш қабықша түзуі.
10 ұпай — «Анаэроб»
Оттексіз (ауасыз) ортада тіршілік ететін организмдер.
15 ұпай — «Рецептор»
Организмнің сыртқы немесе ішкі тітіркендіргіштерін қабылдайтын жүйке ұштары.

Өлең-жырлар

  • 5 ұпай

    Абай Құнанбаевтың табиғат туралы өлеңдерінен үзінді оқыңыз.

  • 10 ұпай

    Табиғатқа арналған басқа ақындардың өлеңдерінен үзінді оқыңыз.

  • 15 ұпай

    Әнді тыңдап, оның атауын атаңыз.

Жұмбақтар

  • 5 ұпай

    «Біреу бердім, көп қып тердім. Бұл не?»

    Жауап: Тұқым (дән).

  • 10 ұпай

    «Тіршіліктің қуатын өз бойына жинайтын. Жинай-жинай азықты, адамзатқа сыйлайтын.»

    Жауап: Өсімдік.

  • 15 ұпай

    «Күн нұрымен піседі, уылжып қолға түседі.»

    Жауап: Жеміс.

Сандар сөйлейді

  • 5 ұпай — 1996 жыл

    Қазақстанның Қызыл кітабының үшінші басылымы жарық көрді.

  • 10 ұпай — 1665 жыл

    Роберт Гук жасушаны алғаш сипаттады.

  • 15 ұпай — 1922 жыл

    Х. Досмұхамедов «Жануартану» оқулығын жазды.

Мақал-мәтелдер

  • 5 ұпай

    «Білімі жоқ ұл — жапырағы жоқ гүл.»

  • 10 ұпай

    «Қорада малың болсын, көшеде талың болсын.»

  • 15 ұпай

    «Дала көркі — мал, өзен көркі — тал.»

Өсімдіктер әлемі

  • 5 ұпай

    Ең тез өсетін өсімдік: бамбук (тәулігіне шамамен 1 м).

  • 10 ұпай

    Ең ұзақ жасайтын ағаш: емен (шамамен 2000 жыл).

  • 15 ұпай

    Дүниежүзіндегі ең биік ағаш: эвкалипт.

Жануарлар әлемі

5 ұпай

Құрлықтағы ең үлкен жануар

Піл

10 ұпай

Ең үлкен балық

Кит акуласы

15 ұпай

Ең биік сүтқоректі

Керік

IV кезең: тыйым сөздер мен даналық

Халқымыз табиғатты аялауға үндейтін көптеген ырым-тыйымдар мен нақыл сөздерді ұрпаққа аманат еткен. Төмендегі тақырыптарға сай тыйым сөздер мен даналық ойларды айтыңыздар. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі.

1) Шөп

  • Көк шөпті жұлма, таптама.
  • Көкті жұлма — көктей соласың.

2) Құс

  • Құс ұясын бұзба.

3) Жылан

  • Үйге кірген жыланның басына ақ құйып шығарады.
  • Жылы-жылы сөйлесең, жылан іннен шығады.

4) Қой

  • Қойдың сүті — қорғасын, қойды тепкен — оңбасын.
  • Мал өсірсең — қой өсір, өнімі оның — көл-көсір.

5) Мал

  • Малды теппе, ақты төкпе.
  • Малды басынан ұрмайды.
  • Малға теріс мінбе.
  • Көктемде жан-жануарға тиіспе.

6) Жылқы

  • Адассаң — атыңа сен.
  • Атты сыйлағанда немесе сатқанда ноқта-жүгені қоса берілмейді.
  • Атты басынан ұрмайды.

7) Аққу

  • Аққу — киелі құс, сондықтан оны атпайды.
  • Аққуды атпа — досыңды сатпа.

8) Ағаш

  • Жалғыз ағашты кеспе.
  • Бір тал кессең, он тал ек.

Қорытынды

Сайыс соңында ұпайлар есептеліп, жеңімпаз топ анықталады. Іс-шараның негізгі түйіні — биологиядан білімді бекіту ғана емес, табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастырып, ортақ құндылыққа жауапкершілікпен қарауға үндеу.