Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру

Алгебра (7-сынып)

Сабақ тақырыбы

Екі өрнектің квадраттарының айырымы

Сабақ түрі

Жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабақ әдісі

INSERT әдісі

Көрнекілігі

  • Қысқаша көбейту формулалары плакаты
  • Кеспе қағаздар
  • Электронды оқулық
  • Интерактивті тақта

Сабақтың мақсаты

Оқушыларды білім мен ғылымның, сондай-ақ технологиялық дамудың бағыттарына бағдарлау; оқыту үдерісін жаңғырту; әр оқушының жеке қабілетін анықтап, білімін өз деңгейінде әділ бағалауға жағдай жасау.

Негізгі басымдық

Сабақта белсенді қатысу, түсінуді тексеру және оқушының жеке оқу траекториясын қолдау.

Бағалау ұстанымы

Әр оқушының жетістігін өз мүмкіндігі мен деңгейіне сәйкес бағалау.

Сабақ барысы

I

Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды түгендеу, сабаққа ынтасын шоғырландыру.
  • Үй тапсырмасын тексеру.
II

Өткен материалды тексеру

Ой ашар: математикалық диктант.

  1. Бірдей көбейткіштерден тұратын көбейтінді дәрежe деп аталады.
  2. Негіздері бірдей дәрежелерді бөлу үшін негізді өзгеріссіз қалдырып, дәреже көрсеткіштерін азайтамыз.
  3. Санды және әріпті көбейткіштер мен олардың дәрежелерінің көбейтіндісі бірмүше деп аталады.
  4. Бірнеше бірмүшелердің алгебралық қосындысы көпмүше деп аталады.
  5. Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу үшін ортақ көбейткішті жақшаның сыртына шығару, топтау тәсілі және қосымша мүшелер енгізу тәсілдері қолданылады.
III

Мақсат қою

Оқушылардың пәнге қызығушылығын ояту және жаңа тақырыптың маңызын айқындау.

IV

Жаңа материалды түсіндіру

Екімүшені екімүшеге көбейтуде (яғни көпмүшені көпмүшеге көбейткенде) негізгі ереже қолданылады: бірінші көпмүшенің әрбір мүшесін екінші көпмүшенің әрбір мүшесіне көбейтеміз.

Есте сақтауға

Көпмүшені көпмүшеге көбейту — бұл әр мүшені жеке-жеке көбейтіп, кейін ұқсас мүшелерді біріктіру.