Сабақ барысын талқылау
Туған жер ғажаптары: сабақ жоспары
Бұл сабақтың мақсаты — оқушыларға «туған жер ғажаптары» ұғымын түсіндіру арқылы «Қиянат жасамау» жалпыадамзаттық құндылығының мәнін ашу, ал күнделікті әрекетте ізгілік, қамқорлық және жанашырлық қасиеттерін бекіту.
Сабақ міндеттері
- Ізгіліктің маңызды екенін ұғындыру.
- Қамқорлық қасиетін дамыту.
- Жанашырлыққа тәрбиелеу.
Ресурстар
- Оқулық (Қ. Толыбаев мәтіндері).
- Көк қағаздан қиылған «тамшы» үлгілері.
- Ақ қағаз (шығармашылық бұрышқа).
- Ән мәтіні мен әуені (топпен орындауға).
1) Ұйымдастыру кезеңі (5 минут)
Сыныпта сабаққа қолайлы орта қалыптастыру үшін 5 талап еске түсіріледі:
Тәртіп + Сүйіспеншілік
Бір-бірімізге ізетпен қарап, жұмыс ырғағын сақтаймыз.
Талап
Өзімізден де, өзгеден де жауапкершілік күтуді үйренеміз.
Тыныштық
Тыңдай білу — құрметтің белгісі.
Тазалық
Үстел үсті мен оқу құралдары реттеулі болады.
Татулық
Сабақтағы әрбір әрекет ынтымақ пен өзара қолдауға негізделеді.
2) Жағымды жағдай жасау
Күннен нұрды алайық,
Бір-бірімізге қарайық.
Құшақ толы нұрды біз,
Айналаға шашайық.
Мен нұрлымын! Сен нұрлы!
Әлемге түгел нұр толды!
Мақсаты: жылы қарым-қатынас орнатып, сабаққа ішкі дайындықты күшейту.
3) Үй тапсырмасын тексеру
№29-сабақ, 112-бет — Қ. Толыбаев «Күн мен гүлдер» әңгімесі
- Шұғынықты кім оятты?
- Сәуле кімге барды?
- Күн гүлдерді, шөптерді қалай оятты?
- Қандай әрекеттен адам гүлдей жайнайды?
- Мейірімді жүрек не сыйлайды?
- Жақсылық жасағанда жүрегіміз қандай сезімге бөленеді?
4) Дәйексөз
«Жақсылық жасау — әр адамның жүрегінде...»
Талқылау
Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? Өмірден мысал келтіріңдер.
Оқу тәртібі
2 рет — қыздар, 2 рет — ұлдар, 1 рет — бәріміз бірге. Дәптерге жазу.
5) Әңгіме-сұхбат (мұғалім сыйы)
Аңыз әңгіме: «Тату ағайындылар»
Өте ертеде бір патшалықта екі ағайынды өмір сүріпті. Екеуінің үйі таудың екі жағында орналасса да, олар бір-біріне көмектесіп, тату-тәтті ғұмыр кешеді.
Бір күні ағайындылар егінді жинап алып, теңдей бөліп қояды. Сол түні үлкен ағасы ойға қалады: «Егінді тең бөлгеніміз дұрыс емес. Інім енді ғана шаңырақ көтеріп, шаруасын бастап жатыр. Оған көбірек керек». Ол білдіртпей тұрып, інісінің қамбасына бір қап бидай апарып тастайды.
Ал осы кезде інісі де ойлайды: «Жоқ, біз егінді дұрыс бөліскен жоқпыз. Ағамның отбасы үлкен, жасы да үлкен. Оған көбірек керек». Таңға жуық ол да жасырын түрде бір қап бидайды ағасының қамбасына апарып қояды.
Таңертең екеуі де қамбаларын көріп, таңырқайды: «Бұл қалай? Кеше бір қап бидай апарып едім ғой, бірақ бидай азаймаған!» Қаптарды қайта-қайта санап, «Бұл қандай ғажайып?» деп ойлайды.
Түн болғанда, екеуі де бір қап бидайды арқалап, үйлерінен шығады. Толық ай түнді жарық қылады. Қарағай түбіне келгенде, екі ағайынды бір-бірімен кездесіп қалады.
Ағасы сұрайды: «Бұл сен бе? Кештетіп қайда бара жатырсың?»
Інісі жауап береді: «Бұл сен бе едің? Ал сен қайда бара жатырсың?»
Екеуі де үнсіз қалады. Бір-бірін бірден түсініп, қарқылдап күліп жібереді. Содан бері олар бұрынғыдан да қатты сыйласып,
одан әрі тату өмір сүреді.
Сұрақтар
- 1.Екі ағайынды қалай өмір сүрді?
- 2.Үлкен ағасы қандай ойға келді?
- 3.Кіші інісі қандай ойға келді?
- 4.Жақсы іс-әрекетке қандай күш жетелейді?
- 5.Жүрегі таза адам қандай болады?
- 6.Қандай іс адамды қуанышқа бөлейді?
- 7.Өздерің жасаған жақсы әрекеттермен бөлісіңдер.
6) Сергіту сәті
Ал балалар, тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Оңға қарай бұрылып,
Солға қарай бұрылып,
Бір отырып, бір тұрып,
Бой сергітіп алайық.
7) Шығармашылық жұмыс (жеке жұмыс): «Жақсылық тамшысы»
Мұғалім алдын ала көк қағаздан қиылған тамшы үлгілерін қоржынға салып қояды.
Тапсырма
«Біздің дариямыз тамшыларға шашырап кетіпті. Дариямызды қайта құрау үшін әр оқушы бір тамшы алып, өз жасаған жақсылығын немесе игі ісін жазады. Содан кейін тамшыларды тақтадағы шығармашылық бұрышқа ілеп, жазғандарын жария етеді».
8) Топпен ән айту
«Балдырған» әні
Сөзі: Н. Жанаев • Әні: Б. Дәлденбаев
1-шумақ
Біз балдырған баламыз,
Шырқап әнге саламыз.
Туған жердің төрінде,
Алау болып жанамыз.
Алау болып жанамыз,
Құлыншақ боп шабамыз.
Балапандай талпынып,
Көкке қанат қағамыз.
2-шумақ
Болсын кіші бойымыз,
Биікке ұшу — ойымыз.
Біз бақытты балдырған,
Тойға ұласқан тойымыз.
9) Үй тапсырмасы
№28-сабақ, 115-бет — Қ. Толыбаев «Армысың, Алатау» әңгімесін оқып келу.
10) Сабақтың қорытынды минуты
Балалар, сендер менің күнімсіңдер! Жүректерің мейірімге толы. Мен сендерге ризамын!
Мәлімет
- Мектеп
- №18 орта мектеп
- Мұғалім
- Жантас Л.