Жаз тобы

Сабақтың мақсаты мен ұйымдастырылуы

Мақсаты

  • Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы білімді кеңейту.
  • Оқушылардың сөздік қорын және тіл байлығын дамыту.
  • Табиғатты аялауға, мейірімді болуға тәрбиелеу.

Әдісі мен форматы

Әдісі
Түсіндіру, сұрақ-жауап
Түрі
Аралас
Типі
Жаңа бөлім

Көрнекілігі

  • Күз мезгіліне байланысты суреттер
  • Абайдың портреті

I. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Оқушылар бір-бірінің қолынан ұстап, хормен айтады:

Бес болсын алар бағамыз, Білімнен бақыт табамыз.

Кіріспе

Бүгінгі сабақ сайыс түрінде өтеді. Алдымен жыл мезгілдерін еске түсіреміз.

1-сайыс: Жыл мезгілдері туралы ой

Әр топ плакаттағы суретке қарап, өз мезгілі туралы қысқаша пікір жазады және Абай өлеңдерінен үзінді келтіреді.

Көктем тобы

Көктемде қар ериді, өзендерде сең жүреді. Жеміс ағаштары гүл ашады.

Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Жан-жануар, адамзат анталаса,
Ата-анадай елжірер күннің көзі.

Жаз тобы

Маусым, шілде, тамыз — жаз айлары. Көбелектер гүлден-гүлге қонады. Жайлауда әжем мен атам мал бағады.

Жаздыгүні шілде болғанда,
Көкорай шалғын, бәйшешек
Ұзарып өсіп толғанда.
Күркіреп жатқан өзенге
Көшіп ауыл қонғанда...

Қыс тобы

Қыс түсіп, күн суытады: күн қысқарып, түн ұзартады. Қар қалың жауып, өзен суы мұз болып қатады. Балалар жылы киінеді.

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.

II. Жаңа тақырып: Абайдың «Күз» өлеңі

Ой қозғау

«Күз» деген сөзді естігенде ойларыңа не келеді? Тақтаға негізгі ассоциациялар жазылады:

  • Сабақтың басталуы
  • Жемістердің пісуі, молшылық
  • Аспанды сұр бұлт торлауы
  • Табиғаттың әсем көркінен айырылуы
  • Құстардың жылы жаққа ұшуы

Осы көріністі Абай «Күз» өлеңінде әсерлі суреттейді. Өлеңді бір оқушы жатқа айтып береді.

Абай туралы қысқаша деректер

Өмір сүрген жылдары
1845–1904
Туған жері
Шығыс Қазақстан, Шыңғыс тауы өңірі
Қызметі
Ұлы ойшыл, дана ақын, аудармашы, сазгер

Танымал туындылары

  • «Желсіз түнде жарық ай»
  • «Көзімнің қарасы»
  • «Қара сөздері»

III. Өлеңмен жұмыс

Мәнерлеп оқу

«Күз» өлеңі дауыс ырғағы мен кідірістерді сақтай отырып, мәнерлеп оқылады.

Сөздік жұмысы

Ыс
Түтіннің күйесі.
«Құрысын заңы»
«Әдеті құрысын» деген мағынада айтылатын тіркес.
Күзеу, қыстау, жайлау, көктеу
Көшпелі тұрмысқа тән қоныс атаулары (маусымдық жайылымдар).

2-сайыс: Сұрақ-жауап

  1. Абай қай жылдары өмір сүрді? 1845–1904
  2. Абайдың әжесі кім? Зере
  3. Абайдың анасы кім? Ұлжан
  4. Абайдың күйлері «Май түні», «Торжорға»
  5. Абайдың әндері «Желсіз түнде жарық ай», «Көзімнің қарасы»
  6. Абай неше жасында Семейдегі Ахмет Риза медресесіне түсті? 12 жасында
  7. Абай айтқан бес асыл іс Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым
  8. «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық» кімді аздырады? Адамды

Сергіту сәті

Ән айту: «Желсіз түнде жарық ай». Сонымен қатар жыл мезгілдеріне байланысты Абай өлеңдерінен үзінділер оқылады.

Сабақты қорытындылау

Талқылау сұрақтары

  • Күзгі аспан мен жер беті қандай?
  • Абай қураған ағашты неге теңейді?
  • Өлеңді күзгі табиғатты көз алдыңа елестете отырып оқып көр.

Үй тапсырмасы

1) Өлеңді жаттап келу

«Күз» өлеңін мәнерлеп айтуға дайындалу.

2) Сурет салу

Жыл мезгілдеріне байланысты суреттер салу.