Тарихи тұлғаларды құрметтеуге тәрбиелеу

Түсінік хат Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 23 қарашадағы №668 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламалары негізінде әзірленді.

Рухани жаңғыру және білімнің рөлі

Әр халық, әр мемлекет ғасырлар бедерінде рухани жаңғырып, жаңарып отырады. Рухани жаңғыру мен жаңаруда білім берудің рөлі айрықша.

Қазақ халқы үшін «Рухани жаңғыру» бүгін ғана пайда болған ұғым емес. Іргемізді бекітіп, шекарамызды нақтылаған кезеңде бұл бағыт – болашақтың баянды әрі нысаналы іс-шараларын жүйелейтін ортақ құндылықтар жиынтығы ретінде қарастырылады.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында Н. Назарбаев ұлттық жаңғырудың негізгі шартын айқындап, жаңғыру ұлттық-рухани тамырдан нәр алмаса, ол адасуға бастайтынын атап өтті.

Курс туралы

Курс
«Ғасырлар жырлайды» (6-сынып)
Оқу жүктемесі
Жылына 34 сағат
Өткізілу жиілігі
Аптасына 1 сағат

Бағдарлама мақаланың идеяларын негізге ала отырып құрастырылды. Оның өзектілігі – Қазақстан тарихында өшпес із қалдырған өнегелі әрі данышпан тұлғалардың өмірі мен қызметі, сол тұлғалар туралы ел аузында сақталған аңыз-әңгімелер арқылы оқушылардың танымын кеңейту.

Курс Қазақстан тарихының жаңа қырлары мен сырларын ашып, патриоттық сезімді нығайтуға бағытталған. Сонымен қатар мазмұнына «Мәңгілік Ел» құндылықтары кіріктірілді.

Негізгі мақсаттар

  • Жаһанданудың теріс ықпалын бойына сіңірмей, Отанын жанындай сүйетін, ұлттық тарихы мен мәдениетін қастерлейтін, рухани кемелденген азамат қалыптастыру.
  • Білім мен күш-жігерді Отан игілігі мен мүддесі үшін жұмсауға тәрбиелеу.
  • Тарихи материалдарды игеру барысында танымдық қажеттіліктерді қалыптастыру.
  • Тарихи тұлғалар туралы білімді кеңейту және тереңдету.
  • Адамгершілік қасиеттерге баулу, тарихи тұлғаларды құрметтеуге тәрбиелеу.
  • Тарихи білімге қызығушылық ояту және тарихи сананы қалыптастыруға ықпал ету.
  • БАҚ, мәдениет мекемелерімен байланыс арқылы тарихқа құрмет пен тағзым ахуалын қалыптастыру.
  • Өзекті проблемаларды айқындау, интеллектіні дамыту және таным көкжиегін кеңейту.
  • Шығармашылыққа ынталандырып, үздіксіз білімін көтеруге қызығушылық тудыру.

Міндеттер

Дерекпен жұмыс

  • Отан тарихы беттерінен және деректерге сүйеніп мәліметтерді анықтау, қарастыру.
  • Қажетті ақпаратты іріктеу, жинақтау және жүйелеу.
  • Тарихи тұлғалар туралы естеліктер мен материалдарды жинақтау.

Мәтін және зерттеу

  • Ұлы қазақ әдебиетшілерінің еңбектеріндегі тарихи мазмұнды талдау.
  • Өздігінен ізденіп жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.

Бағдарламаның ерекшелігі

Оқушының білімді өздігінен игеруі үшін белсенді іс-әрекет ұйымдастырылады. Курс барысында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануға бағыт беріледі: ақпаратты іздеу, өңдеу, алу, құру және көрсету; идеялармен алмасу; жабдықтар мен қосымшаларды тиімді пайдалану; өз жұмысын бағалау және жетілдіру.

Сондай-ақ сындарлы шешім қабылдауға мүмкіндік беретін тұлғалық қасиеттерді дамытуға ықпал етеді.

Күтілетін нәтижелер

  • Оқушылар тарихи тұлғалардың өмірі, еңбегі және ерлігі арқылы тәрбиеленіп, болашақта ел дамуына үлес қосуға, әлемдік білім кеңістігінде өз орнын табуға, мемлекеттің мәртебесін көтеруге ұмтылады.
  • Тарихи тұлғалардың ерекшеліктерін талдайды (көзқарастары, дәлелдері, ұстанымдары және т.б.).
  • Жауапкершілік дағдылары қалыптасады: бастаған істі соңына дейін жеткізу, өз жұмысының қорытындысы мен маңызын көре білу.

Жарияланым мәдениеті

Оқушының сабақта сөйлеуі, жұмысының түйінін нақтылауы, өзекті мәселені айқындауы, қорытынды жасауы, мақала жазу реттілігін меңгеруі және мектеп газеті немесе басқа басылымдарға мақала жариялауы маңызды бағыт ретінде қарастырылады.

Материал іздестіру барысында оқушының бақылаусыз, бұйрықсыз өз бетімен жұмыс істеуі қолдау табады.

Жұмысты ұйымдастыру түрлері

  • Жобалық және зерттеушілік жұмыстар жүргізу.
  • Таңдалған тақырып бойынша нақты дерек базасын құру.
  • Оқушылармен бірлесіп бейне-презентация жасау.
  • Тарихи тұлғаларға қатысты мәліметтерді жинақтау.

Кіріспе және бөлімдер құрылымы

Кіріспе бөліміне 1 сағат бөлінеді. Бұл уақытта «тарихи тұлға» ұғымы, олардың тарихта қалдырған ізі туралы сұрақ-жауап және кіріспе әңгіме жүргізіліп, бағдарламаның мақсат-міндеттері таныстырылады.

Жалпы бағдарлама 3 бөлімнен тұрады:

1-бөлім: Түркі дәуірі

Ерте ортағасырлық кезең. Уақыты: VI–XIII ғғ.

2-бөлім: Моңғол кезеңі

Дамыған ортағасырлық кезең. Уақыты: X–XIV ғғ.

3-бөлім: Қазақ хандығы

Құрылуы және даму кезеңі. Уақыты: XV–XVIII ғғ.

Әр бөлім соңында білімді бекіту және тексеру мақсатында тест жұмысы жүргізіледі.

Факультатив жоспары (тақырыптар тізбесі)

Төменде курс құрылымын айқындайтын тақырыптар берілген. Әр тақырыпта негізгі ұғымдар, жұмыс түрі және мақсат нақты көрсетіледі.

Кіріспе (1 сағат)

Мазмұны
Факультативтің мазмұны мен маңызы
Жұмыс түрі
Сұрақ-жауап, әңгіме сабағы
Мақсаты
Бағдарлама мазмұнымен таныстыру

1-бөлім: Түркі дәуіріндегі тұлғалар (VI–XIII ғғ.)

Тақырып Сағат Негізгі ұғымдар Жұмыс түрі Мақсаты
Тонынкөк (646–731) 1 Түрік қағандарының кеңесшісі, қолбасшы Мәтінмен жұмыс Тұлғаға мінездеме жазу
Күлтегін (684–731) 1 Жазба мұра, монументалды жазу Шығарманы талдау Мемлекетті басқару ерекшелігін анықтау
Білге қаған 1 Ұлы үштік, «Ұлы Аспан империясы» Сөздерін талдау Күлтегін саясаты мен салыстыру
Әбу Насыр әл-Фараби, Әбу Райхан әл-Бируни 1 Ататек шежіре, трактат Мәтінмен жұмыс Х ғасырда ғылымның дамуына әсер еткен себептерді түсіну
Махмұд Қашқари 1 Жазба мұра Шығарманы талдау Араб әліпбиімен түркі тілінде жазу ерекшелігін тану
Жүсіп Баласағұни 1 Хас-хажип Терминдермен жұмыс Шығарма мазмұнын меңгеру
Ахмет Иүгінеки 1 Дастандағы алғашқы мақалдар Мазмұнмен жұмыс Шығарманың мазмұнын ашу
Ахмет Қожа Йасауи 1 Философ, шәкірт Жұмыстарына баға беру Өмірбаянымен танысу
Қазақстанда ғылымның дами бастауы 1 Энциклопедиялық білім «Касса» әдісі арқылы есте сақтау Ғұламалардың жылдары мен еңбектерін ажыратуға үйрету
Тест жұмысы 2 Бөлімді бекіту Топтық тест құрастыру және орындау Сұрақ құрастыру жолын талдау, білімді тексеру

2-бөлім: Моңғол кезеңіндегі тұлғалар (X–XIV ғғ.)

Тақырып Сағат Негізгі ұғымдар Жұмыс түрі Мақсаты
Шыңғыс хан 2 Орда, шежіре Бейнебаян, топтық талқылау, синквей Ханға мінездеме беру, тарихтағы орнын анықтау
Жошы хан 1 Қазақ хандарының арғы атасы Картамен жұмыс (Жошы хан күмбезі) Жерленген жерін анықтау
Шағатай хан 1 Ата мұра, есімімен аталған мемлекет Мәтінмен жұмыс, талқылау Мемлекет басқару ерекшелігін талдау
Үгедей хан 1 Мұрагер, хат-хабар қызметі Қосымша мәтіндермен талдау Ханға мінездеме беру
Төле хан 1 Қара шаңырақ, Ұлы хан Мінездеме жазу Саясатын талдау
Бейбарыс сұлтан 1 Ұлы әскербасы Мәлімет жинақтау Ұсынылған ресурстарды қолдануды үйрету
Әмір Темір 1 «Темірдің гүлдері» Карта, терминдермен жұмыс Алтын Орданы күйретуші ретінде қарастыру
Тест жұмысы 2 Бөлімді бекіту Топтық тест құрастыру, талдау, қатемен жұмыс Білімді тексеру және жетілдіру
«Мені қызықтырған тарихи тұлға» 1 Таңдалған тақырып Мақала дайындау Жазылым дағдысын дамыту

3-бөлім: Қазақ хандығы (XV–XVIII ғғ.)

Тақырып Сағат Негізгі ұғымдар Жұмыс түрі Мақсаты
Керей хан 1 Ұлы көш, сұлтан, Қозыбасы Бейнебаян көру Мазмұнын ашу
Жәнібек хан 1 Алғашқы хандар Сурет бойынша жұмыс Өзекті мәселені анықтау
Мұхаммед Хайдар Дулати 1 «Тарих-и Рашиди», тарихи құжат Талдау Еңбегінің маңызын ашу
Қадырғали Жалайыри 1 «Жылнамалар жинағы» «Касса» әдісі арқылы есте сақтау Жылдар мен еңбектерді ажырату
Хақназар хан 1 Тұлға, оқиға, дата, территория, термин Алгоритм, синквей Өзекті мәселелерді анықтау
Тәуекел хан 1 Ішкі саясат Датамен жұмыс Тарихтағы орнын анықтау
Жәңгір хан 1 «Салқам» Терминдермен жұмыс Түсініктерді бекіту
Қасым хан, Есім хан, Тәуке хан 1 Ата заң, билік Заңдармен жұмыс, сызба Пікірден түйін шығаруға бағыттау
Қорытынды тест 1 Өзара тексеру Дұрыс жауаппен салыстыру Нәтижені тексеру
«Тарих бетіндегі ерекше тұлға» 2 Жоба Жоба қорғау, жұптық таныстырылым Жұмысты бағалау, тәжірибе алмасу