Еліктеуіш сөзді қалай түсінесің
Сабақ тақырыбы
Еліктеуіш сөздер
Сабақ мақсаты
1) Білімділік
Оқушыларға еліктеу сөздің бір түрі — еліктеуіш сөз туралы түсінік беру және өткен тақырыппен байланыстыру.
2) Дамытушылық
Еліктеу сөздерді терең түсінуге үйрету, сөз мағынасын аша білу дағдысын дамыту, сөздік қорын байыту және ауызекі сөйлеу тілін қалыптастыру.
3) Тәрбиелік
Дұрыс сөйлеуге, әдептілікке, елін сүюге баулу.
Жаңа материалды түсіндіру
Еліктеу сөздер — айналадағы түрлі құбылыстардың дыбыстарына, қимыл-әрекеттеріне еліктеуден немесе олардың бейнесімен байланысты туған сөздер.
Мысалдар
тырс етті, былш етті, шорт сынды, дүңк етті, қолп ете қалды
Мағынасына қарай бөлінуі
Еліктеу сөздер мағынасына қарай екіге бөлінеді:
-
Еліктеуіш сөздер — дыбысқа еліктеуді білдіреді.
-
Бейнелеуіш сөздер — қимыл-қозғалыстың, көріністің бейнесін білдіреді.
Еліктеуіш сөз дегеніміз не?
Табиғаттағы заттардың қозғалысы, бір-бірімен қақтығысуы, соғылуы сияқты әрекеттердің нәтижесінде әртүрлі дыбыстар пайда болады. Сол дыбыстарға еліктеу арқылы жасалған сөздер еліктеуіш сөздер деп аталады.
Қолданылу ерекшелігі
Еліктеуіш сөздер қайталанып та, қосарланып та жұмсалады. Мұндайда көмекші етістікпен (көбінесе «ет» етістігімен) тіркесіп, қимылдың амалын білдіреді немесе жеке тұрып та мән бере алады.
Қайталанып/қосарланып
- Тырс-тырс етті
- Арс-арс етеді
- Пыр-пыр етті
Көмекші етістікпен
- сарт етті
- қыңқ етпеді
- саңқ етті
- топ етті
Көркем мәтіннен мысал
Өтеді ауыздығын қарш-қарш шайнап.
Ырғалып қарға қарқ етті, ірімшік жерге салп етті.
Сабақ барысы
-
1
Ұйымдастыру кезеңі
-
2
Үй тапсырмасын тексеру
-
3
Үй тапсырмасын қорыту
-
4
Жаңа материалды түсіндіру
-
5
Оқушыларды бағалау
-
6
Үй тапсырмасын беру
Үй тапсырмасын тексеру сұрақтары
-
Сөз таптарының түрлері нешеу?
-
Жетінші сөз табын атаңдар.
-
… дегеніміз не?
-
Мысал келтіріңдер.
Тапсырмалар топтамасы
I. «Кім тапқыр, кім білгіш?»
Берілген сөйлемдерден еліктеуіш сөздерді табыңдар.
-
Есіме мұғалім айтқанда ғана түсіп, бүйірімнің түп жағы қып ете қалды.
-
«Азиат!» — деп шарт еткізіп, Еламанды жағынан тартып жіберді.
-
Балалар ананы-мынаны сұрап, азан-қазан болып жатқанда мен ләм деместен сақ еткізіп, ақшаны сатушының қолына ұстата салдым.
-
Ақша маңдайлы, кең, сұлу жүзді Үмітей ашық үнмен сыңқ-сыңқ етіп, үй ішіне естірте күлді.
II. «Артық білім — кітапта»
Оқулықтан: 300-жаттығу. Еліктеуіш сөздердің қай сөзбен тіркесіп тұрғанын көрсетіп, мағынасын ажыратыңдар.
III. Сергіту сәті (жұмбақтар)
Жай ғана сарт етіп жабылады,
Іздегенің ішінен табылады.
Сырт-сырт еткен дыбысы,
Ояту — оның жұмысы.
Тоқ-тоқ етіп тамағын,
Ағаштан іздеп табатын.
IV. Деңгейлік тапсырма
«Сөз ойла, тез ойла»: төмендегі сөздерді жалғастырып, еліктеуіш сөздер құраңдар.
V. Суретпен жұмыс
Суретке қарап, еліктеуіш сөздерді қатыстырып үш сөйлем құраңдар.
VI. Морфологиялық талдау
Оқушылар жазғы демалыс кезінде тауға серуенге шықты.
Осы сөйлемге морфологиялық талдау жасаңдар.
VII. Семантикалық карта
Төмендегі үлгілерді дара/күрделі, еліктеуіш/бейнелеуіш бойынша ажыратыңдар.
| Еліктеу сөз | Дара | Күрделі | Еліктеуіш | Бейнелеуіш |
|---|---|---|---|---|
| Тыпың-тыпың | — | — | — | — |
| Гүрс-гүрс | — | — | — | — |
| Лап | — | — | — | — |
| Бүрсең | — | — | — | — |
| Қаңғыр-күңгір | — | — | — | — |
| Сылқылдап | — | — | — | — |
VIII. Жаңа сабақты қорытындылау
-
Еліктеу сөз дегеніміз не?
-
Мағынасына қарай еліктеу сөздер нешеге бөлінеді?
-
Еліктеуіш сөзді қалай түсінесің?
IX. Үй тапсырмасы
Еліктеуіш сөздерді қатыстыра отырып, көктем мезгілін суреттеу арқылы ойтолғау жазыңдар. Еліктеуіш сөздердің астын сызыңдар.
X. Бағалау
Оқушылардың тапсырмалардағы белсенділігі мен жауаптарының толықтығына қарай бағалау жүргізіледі.