Химиялық элементтерді жіктеудің нәтижесінде периодтық заңның ашылуы

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері

Білімділік

Д. И. Менделеев жасаған периодтық жүйе мен периодтық заңға кіріспе. Химиялық элементтерді жіктеу нәтижесінде периодтық заңның ашылуын түсіндіру.

Дамытушылық

Оқушыларда металдар мен бейметалдар ұғымын қалыптастыру. Екідайлы (амфотерлі) қасиет көрсететін элементтер топтары туралы түсіндіру.

Тәрбиелік

Элементтердің адам өміріндегі маңызы мен қолданылу аясын аша отырып, химия пәніне қызығушылықты арттыру.

Сабақтың сипаттамасы

Әдіс-тәсілдері

  • Баяндау
  • Сұрақ-жауап

Түрі мен типі

  • Сабақтың түрі: аралас сабақ
  • Сабақтың типі: жаңа білім беру сабағы

Көрнекіліктер

Оқу құралдары, периодтық жүйе, слайдтар.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу
  • Зейін аударту жаттығуы
  • Оқушыларды түгендеу
  • Сабаққа даярлық жасау

II. Үй тапсырмасын тексеру

Тексеру форматы: сұрақ-жауап, карточкалар.

  1. Элементтердің табиғи ұяластары деген не?
  2. Сілтілік металдарға қандай металдар жатады?
  3. Сілтілік жер металдары деген не?
  4. Галогендерге қандай химиялық элемент атомдары жатады?
  5. «Халькогендер» атауы қандай мағына білдіреді?

III. Мақсат қою

Д. И. Менделеев жасаған периодтық жүйе мен заңға кіріспе.

Элементтерді жіктеу нәтижесінде периодтық заңның ашылуын түсіндіру.

Металдар мен бейметалдар ұғымын қалыптастыру.

Екідайлы (амфотерлі) қасиет көрсететін элементтер топтары туралы түсіндіру.

IV. Жаңа сабақты меңгерту

Д. И. Менделеев туралы қысқаша мәлімет

Периодтық жүйені қарастырмас бұрын, «Д. И. Менделеев кім?» деген сұраққа тоқталайық. Д. И. Менделеев 1834 жылы 27 қаңтарда Тобольск қаласында дүниеге келген. Ол — өз заманының ірі ойшыл ғалымдарының бірі.

Менделеевтің ғылыми-зерттеу еңбектері жалпы химия, химиялық технология, физика, экономика және метрология салаларын қамтыды. Ол 1854 жылы изомерия құбылысын зерттеп, сұйықтықтың тығыздығын анықтайтын құрал — ареометрді құрастырды. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы мен әуе ісіне де ерекше көңіл бөлді.

Алайда оның ең биік ғылыми жетістігі — әлемдік ғылымға жол ашқан периодтық заңды ашуы.

Периодтық заң және оның тұжырымы

Периодтық заң: элементтер мен олар түзетін жай және күрделі заттардың қасиеттері сол элементтердің атомдық массасына периодты түрде тәуелді.

Периодтық заңды Д. И. Менделеев 1869 жылы ашып, оның толық тұжырымдамасын 1871 жылы жариялады.

Период және топ ұғымдары

Период — атомдық массаларының өсу реті бойынша орналасқан элементтер қатары. Периодтық жүйеде 7 период бар: 1–3 — кіші периодтар, 4–6 — үлкен периодтар, ал 7-период аяқталмаған деп қарастырылады.

Периодтық жүйеде ұқсас элементтер тік бағытта бірінің астына бірі орналасып, топтарды құрайды. Топтар негізгі және қосымша топша болып бөлінеді.

Сонымен қатар периодтық жүйенің соңында қасиеттері ұқсас элементтер ретінде 93–103 аралығындағы элементтер лантаноидтар мен актиноидтар қатарларына топтастырылады.

Периодтық кестенің мәні

Күнделікті өмірде адам қажет етпей тұра алмайтын заттар бар: күнтізбе, сағат, телефон, көбейту кестесі. Сол сияқты химияда да негізгі «бағдаршам» іспетті құрал — периодтық кесте. Ол химия үшін көбейту кестесі қандай қажет болса, сондай дәрежеде маңызды.

Менделеев ашқан периодтық заң тек химия үшін ғана емес, жалпы жаратылыстану ғылымдарының бәрі үшін де маңызды ғылыми әрі философиялық мәнге ие.

VI. Түсінікті тексеру

Оқушылардың түсінігін тексеру үшін «Жұмбақ шешу» ойынын ұсыну.

VII. Жаңа сабақты бекіту

  • «Кім жылдам?» ойыны арқылы бекіту
  • «Мен кіммін?» сұрақтары арқылы қорытындылау

VIII. Үй тапсырмасы және бағалау

Үй тапсырмасы

52-параграфты оқу. №2 және №6 жаттығу (143-бет).

Бағалау

Оқушылардың белсенділігі мен тапсырмаларды орындау сапасына қарай бағалау.