Бағытымыз Күншуақ балабақшасы
Құрметті жолаушылар, туристер! Біз ұшаққа отырдық. Белдіктеріңізді тағып, ыңғайланып отырыңыздар. Бағытымыз — «Күншуақ» балабақшасы. Салон ішінде тұрып жүруге болмайды. Салон ішінің температурасы — 52 градус. Біздің әуе лайнері «Қош бол, балабақша!» және «Сәт сапар!» атты ертеңгілікке бағыт алды.
Құрметті қонақтар, ата-аналар! Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2017–2018 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру аясында, балабақшамен қоштасу ертеңгілігіне №96 разъезд «Күншуақ» балабақшасының «Мұрагер» тобының түлектері «Сәт сапар» ұшағымен келіп қонды.
Ертеңгілік барысында ұялы телефондарыңызды өшіріп, дабыр-күбірді доғарып, әр баламызды қошеметтеп, әр сөзін мұқият тыңдап, өнеріне сүйсініп, қуаныштарын бірге бөлісулеріңізді сұраймыз.
Кіру сәті
Залға балалар шармен, музыка әуенімен кіреді.
Өтініш
Тыныштық сақтап, балалардың сөзін бөлмей тыңдайық.
Көңіл күй
Қошемет пен жылы ықылас — бүгінгі кештің ең әдемі сыйы.
Қонақтарға арналған ақжолтай сөз
1-бала (Ақсұлтан):
Құрметті қонақтар, армысыздар!
Бәріңіз де есен-аман бармысыздар?
Таусылмайтын, ағытып ой-арманың —
Ал, достарым, ақ жол тілеп сөз бастайын.
2-бала (Медина):
Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Қоштасатын кешімізді біз бастайық.
Жүздеріңнен көркем шаттық арайлы —
Болсын солай әрбір күнің, әр айың!
Бүгінгі қоштасу кешін бастай отырып, білім мен тәрбие нәріне сусындатқан Айгүл Балтабайқызын ортаға шақырамыз.
Тәрбиешінің құттықтауы
Өтті қызық көп күндер,
Алты жасқа жеттіңдер.
Барасыңдар мектепке —
Бір белестен өттіңдер.
Өсті ақыл-ойларың,
Қуанышы бүгінгі.
Құтты болсын тойларың!
Қымбатты ата-аналар, балабақша қызметкерлері, қонақтар! Бүгін біз бірнеше жыл бойы мәпелеп, күтіп, тәрбиелеп өсірген бүлдіршіндерімізді мектеп табалдырығына шығарып салғалы отырмыз. Бұл — үлкен той. Тойларыңыз құтты болсын!
Кәнеки, кішкентай түлектерімізді тағы да бір қошеметтеп, қол соғып қояйық!
Көркем бөлім
Би: «Стюардесса»
Балалардың тақпақтары
4-бала (Халима)
Балабақша, балабақша —
Шаңырағы шаттықтың.
Балабақша — қорғанышы
Балғын сәби жастықтың.
Қуанамыз, сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін.
Бақшамызбен қимай біз
Қоштасатын күн бүгін.
5-бала (Нұраби)
Балабақша есігін
Үшке тола ашқанбыз.
Едік аппақ нәресте,
Көп-көп бөбек көргенде —
Жұбанғаным есімде.
6-бала (Эльдар)
Ботақаным, бөбек деп
Еркелеткен ұл-қызын.
Анамызды ерекше
Қуантатын күн бүгін.
Өсті міне бойымыз,
Қуанышқа ортақпыз.
Құтты болсын тойымыз!
7-бала (Арслан)
Бұл қуаныш себебін
Бізге қарап ұғарсың.
Ер жетті деп бөбегің —
Туған Отан қуансын!
8-бала (Зейнура)
Оқимыз, білім аламыз,
Болашақ жолын саламыз.
Бақшаменен қоштасып,
Біріншіге барамыз.
9-бала (Арина)
Балабақша — базарлы үй,
Көшедегі ажарлы үй.
Шаттығы бар шуақта —
Өз үйіміз сияқты.
Тәрбиеші: «Қандай ғажап күн бүгін! Күміс күлкі жан-жағын. Күлімдеген әр бала ән айтады шаттана».
Ән
«Бала тілегі»
Кейіпкерлер: Білгішбек пен Жалқаубек
Білгішбектің тілегі
Білгішбек: «Балалар, сәлеметсіңдер ме! Сендердің мерекелеріңе ақ жол тілеп келдім. Құтты болсын! Барлығың да ақылды, саналы, білімдісіңдер. Мен сендерді өз әлеміме шақырамын: дос болайық. Алда бізді биік асулар күтіп тұр. Келісесіңдер ме?»
Жалқаубектің қарсылығы
(Осы кезде велосипедпен Жалқаубек келеді.)
Жалқаубек: «Ой, мұнда не болып жатыр? Кеттік, балалар, ойнауға! Далада қызық болып жатыр!»
Тәрбиеші: «Ау, Жалқаубек, бұл не қылығың? Мерекеге киініп келмейсің бе? Сен де биыл мектепке барасың ғой. Қарашы, мына Білгішбек қандай! Сен де талпынуың керек емес пе?»
Жалқаубек: «Мектепке бармаймыз! Анамыз, әжеміз оқи берсін. Басын ауыртпайық!»
Ойын: «Кім жылдам сөз айтады?»
Шарты: Ортаға әртүрлі әріптер тасталады. Музыка тоқтағанда балалар әріптердің үстіне тұрып қалады да, сол әріптен басталатын сөз айтады.
Ойын: «Иә, иә / Жоқ, жоқ» (балаларға)
- Мектепке біз барамыз ба?
- Кілең бестік аламыз ба?
- Айтқан тілді аламыз ба?
- Ақылды бала боламыз ба?
- Нан жеймін деп жылаймыз ба?
- Ертеңгісін тұрамыз ба?
- Сабақта отырып ұйықтаймыз ба?
- Ойыншықтармен ойнаймыз ба?
- Екі алғанда жылаймыз ба?
- Оқушы боламыз ба?
Музыкалық бөлім
Ағылшын тіліндегі ән
Ойын: «Иә, иә / Жоқ, жоқ» (ата-аналарға)
- Балаңызға әрқашан тірек боласыз ба?
- Мектепке апарасыз ба?
- Тамағын уақытылы бересіз бе?
- Төзімді болып, сабыр сақтайсыз ба?
- Сериал көріп, баланың оқуына немқұрайлы қарамайсыз ба?
- Ұрып-соғып үйретуге бармайсыз ба?
- «Оқыту мұғалімнің жұмысы» деп кері тартпайсыз ба?
- «Сен оқыт, мен шаршадым» деп ұрыспайсыз ба?
- Балаңыз үшін өзгеге қол көтермейсіз бе?
- Бала үшін кез келген асудан аса аласыз ба?
Көркем бөлім
Би: «Аспанға самғау»
Ойын: «Тез тұратын сандар»
Шарты: Балаларға 1-ден 10-ға дейінгі сандар таратылады. Музыка тоқтағанда, балалар тез арада бір қатарға дұрыс ретімен тұруы керек.
Жалқаубек: «Бұл ойын менің асығымнан да, фишкамнан да, добымнан да қызық екен. Мен де үйге барып, мектепке дайындалайын. Балалар, сау болыңдар! Күзде мектепте кездесеміз!»
Тәрбиеші: «Білгішбек, саған көп рақмет! Жалқаубекті дұрыс жолға салдың. Енді балалардың саған дайындаған көрінісі бар — отырып тамашала.»
Көрініс: «Нұралы алғаш барады»
Нұралыда бүгін мереке — мектепке алғаш барады. Барша жұртты қаратып, адамдар кетіп барады. Бірақ Нұралы жалғыз емес. Соңында кім келеді? Қараңдаршы, балалар, поезд жүріп келе ме?
Жүргізуші:
Нұралының артында асығып келе жатқан кім?
Мамасы: Мен — мамасы боламын.
Жүргізуші: Нұралының соңында кім жүгіріп келеді?
Папасы: Мен ғой — папасы.
Жүргізуші: Нұралының соңында кім ақсаңдап келеді?
Әжесі: Мен ғой — әжесі.
Жүргізуші: Кім бұрқылдап, сүйретіліп келеді?
Атасы: Мен ғой — атасы.
Жүргізуші:
Айтыңдаршы, неліктен Нұралыға тіркесіп алдыңдар? Немене, Нұралы паровоз ба — вагондарын сүйреп жүретін?
Мамасы: Көйлегінің ілгегін кім салады?
Папасы: Портфелін кім ұстап жүреді?
Әжесі: Қарны ашса, бауырсақты кім жегізеді?
Атасы: Бәтеңкесінің бауын кім байлап береді?
Балалар: Өзі!
Қорытынды сөз
Білім деген теңізде — желкенді ақ қайықтай, Нұралы қалқиды. Нұралы мектепке дайындықпен барады. Қорықпаңдар, үлкендер — Нұралы нық басып барады!
Ән
Қоштасу әні
Алғыс сөздер
«Оқимыз, білім аламыз, болашақ жолын саламыз. Бақшаменен қоштасып, біріншіге барамыз» — деп, енді балаларымыз балабақшадағы апайларына өз ризашылықтарын білдіреді.
10-бала (Мансур)
Гүлдендірген бақшаны,
Меңгеруші апай — жақсы адам.
Сондықтан да біз үшін
Артықсыз сіз басқадан.
Айгүл Қонысбековнаға мың алғыс!
11-бала (Жанерке)
Жайдары жүз, ай қабақ,
Жүреді бізді аялап.
Топымызға жиі кеп,
Білгеніңді сұрайтын,
Ақыл айтып тұратын —
Манзура апайға көп рақмет!
12-бала (Инабат)
Денсаулыққа болаттай,
Ауруларды жолатпай.
Күнде болған әбігер —
Қамқоршымыз дәрігер.
Дәрігер апайға мың рақмет!
13-бала (Зейнура)
Үйренгеміз өнер біз,
Шетімізден шеберміз.
Бал татыған әндерді,
Мың бұралған билерді
Үйреткен Күнсұлу, Дана апайларға мың алғыс!
14-бала (Ерали)
Тәтті тағам пісірген,
Айран-сүтін ішкізген —
Айжамал, Жанар апайлар,
Сіздерге мың алғыс!
15-бала (Шарапат)
Жазу жазып үйреткен,
Әріптерді оқытқан.
Санамақты жаттатып,
Санауды бізге үйреткен.
Жақсы болсақ қуанған,
Қате болсақ кешірген —
Айгүл апайға айтамыз мың алғыс!
16-бала (Дилназ)
Бізді баптап қараған,
Күлімдеген жақсы адам.
Ақ төсекке жатқызған,
Басымыздан сипаған —
Гүлмира апайға көп рақмет!
Қоштасу сәті
Тәрбиеші: «Жаңа өмір басталсын, үміт-сенім ақталсын. Ұмытылмай балабақша вальсі — көңілде мәңгі сақталсын!»
Вальс
«Балабақшамен қоштасу»
Хор
«Қош бол енді, балабақша»
Белгі
Қоңырау соғылады
Ойыншықтарды табыстау
Екі бала ортаға шығып, ойыншықтарын кіші топтың балаларына тапсырады.
Жанерке
Ойыншықты жинаймыз,
Бөбектерге сыйлаймыз.
Үлкен болып өссек те,
Бақшамызды қимаймыз.
Ерали
Бірге ойнап, бірге жүрген
Күндерімді қимаймыз.
Естелік болсын біздерден,
Мына ойыншықты сыйлаймыз.
Балалар бірге
Қуанышымыз біздің мол,
Мектепке біз тарттық жол.
Ұмытпаймыз өзіңді —
Балабақшам, қош-сау бол!
Тәрбиеші: «Бүгінгі той бәрімізге құтты болсын! Мектеп есігі әрқашан ашық болсын! Бірінші сыныпқа баратын бүлдіршіндерді балабақша меңгерушісі құттықтасын».
Құттықтау сөз Айгүл Қонысбековнаға беріледі.