Өрт шықса үрейленбе

Танымдық сабақ: адам өмірінің қауіпсіздігі

Бұл танымдық сабақ оқушылардың күнделікті өмірде кездесетін қауіп-қатерлерді түсініп, дұрыс әрекет етуіне бағытталған. Қауіпсіздік мәдениеті — адам өмірін сақтаудың ең маңызды алғышарты.

Сабақ мақсаты

  • Қауіпсіздік ережелері туралы толық мәлімет беру.
  • Топтық, жұптық, жеке және суретпен жұмыс арқылы білімді тереңдету.
  • Оқушыларды қауіпсіздік ережелерін сақтауға тәрбиелеу.

Сабақ форматы

Түрі
Танымдық сабақ
Әдістері
Миға шабуыл, «Сұрақ саған, жауап маған», топтық/жұптық/жеке жұмыс, суретпен жұмыс
Технология
Сындарлы оқыту

Оқыту модульдері

  • Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдер
  • Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
  • Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
  • АКТ қолдану
  • Талантты және дарынды балалармен жұмыс
  • Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту
  • Оқытуды басқару және көшбасшылық

Сабақ құрылымы

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық: қысқа уақыт ішінде оқушылардың назарын сабаққа шоғырландыру, музыка тыңдау.

Ұсынылатын уақыт: 30 секунд

Негізгі бөлім

  • Кіріспе және тақырыпқа шығу
  • «Миға шабуыл» арқылы ой қозғау
  • Суретпен жұмыс және талқылау
  • Сергіту сәті
  • Топқа бөліну және кезеңдік тапсырмалар

Қорытынды бөлім

Жеке жұмыс: бейне-көрініс, «тосын сый» арқылы бекіту. Негізгі ойды түйіндеу және ережелерді есте сақтау.

Топқа бөліну және тапсырмалар логикасы

Оқушылар үш топқа сурет арқылы бөлінеді. Әр топ өз бағыты бойынша қауіпсіздік ережелерін талқылап, постер қорғайды.

1-топ

Сурет: бағдаршам

Бағыт: жол қауіпсіздігі

2-топ

Сурет: орман ағаштары

Бағыт: табиғат аясындағы қауіпсіздік

3-топ

Сурет: үй

Бағыт: үйдегі қауіпсіздік

1-кезең: топтық жұмыс

  • Топ атауын таңдау
  • Топ ұранын құрастыру
  • Постер дайындап, қорғау

2-кезең: жұптық жұмыс («Сұрақ саған, жауап маған»)

1-топ

Жұмбақ

2-топ

Мақалды жалғастыр

3-топ

Ситуациялық сұрақтар

3-кезең: жеке жұмыс

Бейне-көрініс арқылы қауіпсіздікке қатысты жағдайларды талдап, дұрыс шешім қабылдау дағдыларын бекіту.

Есіңе сақта

Адам үшін ең қымбаты — өмір. Өмір сүру — ең басты байлық. Адам өміріне төнетін қауіп-қатер түрі көп, сондықтан өмірді сақтап қалу әркімнің өзіне байланысты. Ол үшін сақтық керек.

Көшеде, үйде, табиғат аясында қауіпсіздік ережелерін сақтайық!

Тосын тапсырмалар (сөйлемді толықтыр)

Сабақ басында топқа бөлінген суреттердің ортасына тапсырмалар алдын ала дайындалады.

  1. Өрт шықса, үрейленбе...

  2. Түтіннің иісін сезсең, мұрныңды ... шүберекпен жап.

  3. Өрт өршіп кетпес үшін терезе мен есікті ...

  4. Жол ортасына ешқашан ...

  5. Улы жәндіктерден ...

  6. От жаққан соң шоғыңды ...

  7. Шырпымен ...

  8. Үй газын үлкендер ғана қосып, ...

  9. Қайшының үшкір жағын ауызға ...

  10. Инені арнайы ыдыста ...

  11. Ашық тоқты ...

  12. Тыйым салынған жерлерде ...

  13. Рұқсат етілмеген жерлерде ...

  14. Табиғатқа қамқорлық ...

  15. Жол ережелерін үнемі ...

  16. Бейтаныс адамдармен ...

  17. Бояумен жұмыс жасағанда ...

  18. Егер газдың иісі шықса, ... хабарлас.

  19. Егер есік алдынан бейтаныс адамды көрсең, ... хабарлас.

  20. Егер біреу сырқаттанса, ... хабарлас.

  21. Егер өрт шықса, ... хабарлас.

Қорытынды акцент

Бекіту

«Бала тілегі» әнімен жағымды эмоциялық орта қалыптастырып, сабақтағы негізгі ойларды қайта еске түсіру.

Автор

Қызылорда қаласы, №112 орта мектеп, бастауыш сынып мұғалімі — Аптиханова Ляззат Базарбаевна.