Сабақтас құрмалас сөйлемдердің түрлерін пысықтау
Сабақ туралы мәлімет
Мұғалім
Ақмола облысы, Есіл ауданы, Свободный орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі — Жүсіпова Тлектес Хамитқызы.
Тақырып
Наурыз мейрамы. Сабақтас құрмалас сөйлем.
Пәнаралық байланыс
Қазақ әдебиеті, тарих.
Сабақтың мақсаты
- Сабақтас құрмалас сөйлемдердің түрлерін пысықтау.
- Оқушылардың ойлау қабілетін, байқағыштық, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін дамыту.
- Қазақ халқының салт-дәстүрін сыйлауға, пәнге оң көзқарас пен білімге құштарлыққа тәрбиелеу.
Оқыту стратегиялары
- Ой шақыру
- Топтастыру
- Кубизм
- Венн диаграммасы
- Еркін жауап
- Түсініктеме күнделігі
Көрнекіліктер
- Суреттер
- Плакаттар
- Сызбалар
- Үлестірме қағаздар
- Түсті маркерлер
Сабақ барысы
I. Ой шақыру: «Көктем» ассоциациясы
Қазір жылдың көктем мезгілі. Көгілдір көктем келіп, дүние жаңаша түрге енеді; табиғаттың әсемдігі адамды жылулық пен сүйіспеншілікке бөлейді.
Тапсырма
«Көктем» сөзіне ассоциация құрастырыңдар. Әр топтан бір оқушы шығып оқиды.
II. Әңгімелесу: көктем неліктен «туды»?
Қазақ ұғымында көктем — тіршіліктің қайта жаңаратын шағы: мал төлдейді, құстар балапан басады, гүл мен шөп қаулап өседі, ағаштар бүр жарып, жапырақ жаяды, сай-сала суға толады.
Сұрақ
Көктем туралы қандай өлеңдер білесіңдер? (2–3 оқушы жатқа айтады.)
III. Наурызға қатысты атаулар мен ұғымдар
Наурыз — шығыс халықтарына ортақ, көктеммен бірге келетін береке мен жаңарудың мерекесі. Төмендегі атаулар арқылы Наурыздың мәдени мазмұны кеңейе түседі.
Наурыз күні
Шығыс халықтарының мерекесі.
Наурыз айы
Жылдың алғашқы айы.
Наурызнама
Ойын-сауық, той-думан.
Наурыз көже
Мерекелік тағам.
Наурыз жыры
Халық ауыз әдебиетінің бір саласы.
Наурыз жұмбақ
Ақындар мен қыз-жігіттердің Наурызға тән құбылыстарды жұмбақтап, өлеңдетіп айтысуы.
Наурыз тілек
Достық, тілектестік пен адамгершіліктің белгісі.
Наурыз көк
Көктем құсы.
Наурызша
Наурыз айында жауатын жұқа қар.
Мақал-мәтел, нақыл
«Наурызда Самарқанның көк тасы жібиді».
Бұл күні әр адам өткен қателігі үшін кешірім сұрап, өкпені ұмытып, жаңа жылды ақ ниетпен қарсы алады.
IV. Грамматиканы қайталау: «Кубизм» әдісі
Кубиктің алты қыры — алты түрлі ойлау әрекеті. Оқушылар сұрақтарға кезекпен жауап береді.
Кубик қырлары
- Суретте
- Салыстыр
- Зертте
- Қолдан
- Ұқсастығын тап
- Түрлерін ажырат
Сұрақтар
- Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлерін атаңдар.
- Сабақтасты салалас құрмалас сөйлеммен салыстырыңдар.
- Қарсылықты салалас пен қарсылықты бағыныңқылы сабақтасты салыстырыңдар.
- Қарсылықты бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолдарында басқа сабақтас түрлеріне ортақ жұрнақтарға мысал келтіріңдер.
- Сабақтаста да, салаласта да кездесетін жалғаулық шылауды атаңдар.
- Кеспе қағаздар арқылы сабақтастардың түрлерін ажыратыңдар.
Мәтіндік мысал (Абай)
Кемпір-шал тұзақ іздеп, бала шулап,
Мал маңырап, қуанып, аунап-қунап.
Жыршы құстар әуеде өлең айтып,
Қиқу салар көлдегі қаз бен қулар.
V. Жаңа сабақ: сөздік жұмысы
Мағыналық түсіндірме
- «Өлінің тірілген күні»
- Бардың жаңарып, жоғалғандың табылып, үміттің оянатын күні.
- «Ауыртпалықтан құтылатын күн»
- Күйзеліс пен қиындық артта қалып, көңіл серпілетін күн.
- Ұлттық тағылым
- Халықтық тәрбие, өнеге.
- Жомарттық
- Кеңпейілдік, қолы ашықтық.
- Ізгілік
- Мейірім, жақсылық (добро).
- Нышан
- Белгі, символ.
- Сүр ет
- Ысталған, кептірілген ет.
- Сергіп
- Көңілі көтеріліп, серпіліп (взбодрившись).
- Шаттанып
- Қуанып (радуясь).
Сөз тіркестерін аудару (орысша)
- Жомарттыққа тәрбиелеу — учить щедрости
- Ізгілікке тәрбиелеу — учить милосердию
- Ұйымшылдыққа тәрбиелеу — учить сплоченности
- Жаңа жылдың нышаны — символ Нового года
- Ұлттық тағылым — национальный урок
- Ауыртпалықтан құтылатын күн — день, когда избавляются от трудностей
- Өлінің тірілген күні — день, когда всё возрождается
VI. Мәтінмен жұмыс: 5 бөлік, оқу және талқылау
Мәтін 5 бөлікке бөлінеді. Әр оқушы өз бөлігіне жауапты: оқиды, аударады, әрі сол бөлік бойынша 2 сұрақ құрастырады. Оқушы мәтінді өз тобына оқып, топ мүшелері сұрақтарға жауап береді.
Сұрақ-жауап үлгілері
- 1) Наурыз қандай мейрам?
- Шығыс елдерінің бүкілхалықтық мерекесі.
- 2) Қазақтар бұл күнді неліктен «Ұлыстың ұлы күні» дейді?
- Өйткені бұл күн бірліктің, татулықтың, еңбектің, көктемнің, ізгіліктің мерекесі ретінде тойланған.
- 3) Мерекеге тән тағам қандай?
- Наурыз көже.
- 4) Наурыз көже неден жасалады?
- Жеті түрлі тағамнан жасалады: су, ет, тұз, ұн, тары, құрт, бидай, жүгері және сүт.
Мазмұндық түйіндер
-
Ұлттық тағылым
Наурыз көже адамдарды жомарттыққа, ізгілікке, ұйымшылдыққа, татулыққа шақырады.
-
Нышандар
Сүт — Жаңа жылдың нышаны, ал сүр ет — ескі жылдың белгісі.
-
Қазіргі тойлануы
Наурыз бүгінде орталық көшелерде, саябақтарда, алаңдарда аталып, мыңдаған адам жиналады.
VII. Жаттығу жұмысы: сабақтас құрмаласты табу
Әр топ мәтіннің 1–3-абзацтарынан сабақтас құрмалас сөйлемдерді тауып, олардың түрлерін анықтайды.
Нәтиже
Оқушылар сабақтас құрмалас сөйлемнің құрылымын танып, бағыныңқы сөйлемнің мағыналық түрлерін дәлелдеумен көрсетеді.