Борсықтың қысқа дайындығы

Әдебиеттік оқу • 3-сынып

Е. Салықовтың «Күзгі орманның көріністері» мәтіні бойынша жаңа материалды меңгерту сабағының жоспары. Төменде сабақтың мақсаты, әдіс-тәсілдері, көрнекіліктері және кезең-кезеңімен жүргізілу барысы берілген.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Мәтінді мәнерлеп әрі сауатты оқуға үйрету.

Дамытушылық

Сөздік қорын молайту, ауызекі сөйлеу тілін қалыптастыру, ойлау қабілетін жетілдіру.

Тәрбиелік

Жан-жануарларға сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру және еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі

Жаңа материалды меңгерту.

Әдіс-тәсілдері

Сыни тұрғысынан ойлау стратегиялары:

  • Ой шақыру
  • Пікірлесу
  • INSERT (түртіп алу)
  • Еркін жазу
  • Венн диаграммасы
  • Топтастыру
  • ДЖИК-СО

Көрнекіліктер

  • Жануарлардың суреттері
  • «Күз» тақырыбындағы буклет
  • Сызбалар мен диаграммалар

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сыныптың оқу әрекетіне дайындығын ұйымдастыру, көңіл күйді сабаққа бағыттау.

II. Үй тапсырмасын тексеру

  1. 1 Мәтіннің мазмұнын айтқызу.
  2. 2 «Берекелі күз» тақырыбына жазылған әңгімелерін оқыту.

III. Қызығушылықты ояту

Ой шақыру арқылы оқушылардың бұрынғы білімін белсендіру.

Негізгі идея

Қысқа дайындық тек адамдарға ғана тән емес — жануарлар да табиғат заңдылығына сай әрекет етеді.

Мұғалімнің жетекші сұрақтары

  • Кеше адамдардың қысқа дайындығы туралы әңгімелестік.
  • Адамдар ғана қысқа дайындала ма?
  • Қандай жануарлар қысқа дайындалады?
  • Тиін, борсық, аю сияқты жануарлар қысқа қалай дайындалады деп ойлайсыңдар?

Күтілетін жауаптар

  • Қысқа тиін, қоян, борсық, аю сияқты жануарлар да дайындалады.
  • Олар азық жинайды, інін дайындайды, кейбірі қысқы ұйқыға кетеді.
  • Осы ойды нақтылау үшін «Күзгі орманның көріністері» мәтінін оқимыз.

IV. Мағынаны тану

1) Автор туралы

Е. Салықов туралы қысқаша мәлімет беріледі (оқушылардың жас ерекшелігіне сай).

2) Оқулықпен жұмыс

  • Мәтінді мұғалімнің мәнерлеп оқуы.
  • Оқушылардың тізбектей оқуы.
  • Сөздік жұмысы.
  • Мәтінді бөліктерге бөлу және әр бөлімге ат қою.

Мәтіннің бөлімдері

  1. 1. Орман ағаштарының көрінісі
  2. 2. Тиіннің қысқа дайындығы
  3. 3. Борсықтың қысқа дайындығы

ДЖИК-СО әдісі

Оқушылар топпен жұмыс істеп, әр топ өзіне берілген бөлім бойынша оқып, талдап, мазмұнын айтады.

1-топ: 1-бөлім
2-топ: 2-бөлім
3-топ: 3-бөлім

V. Ой толғаныс

Венн диаграммасы: борсық пен тиін

Борсық

  • Қысқы ұйқыға кетеді
  • Ін қазады
  • Жинаған майын қорек етеді

Ұқсастығы

  • Жабайы жануар
  • Қыста азық іздемейді
  • Алдын ала дайындалады

Тиін

  • Қыста ұйықтамайды
  • Ініне азық жинайды
  • Жинаған қорын тұтынады

Дәптермен жұмыс

  • Борсық туралы шағын әңгіме жазу.
  • Тиін туралы шағын әңгіме жазу.
  • Топтастыру стратегиясы бойынша қысқа дайындалатын жануарларды жүйелеу.

Қыста ұйықтайтын жануарлар

Қосаяқ Саршұнақ Борсық Аю Суыр Кірпі

Сергіту сәті

Қысқа қозғалыс жаттығулары арқылы оқушылардың зейінін қайта шоғырландыру.

VI. Сабақты қорытындылау

«Бес жолды өлең»

Тақырып бойынша негізгі ойды қысқа әрі нақты тұжырымдау.

Эссе жазу

Әр оқушы өз ойын жазып, сыныпта оқып береді.

VII. Бағалау

Оқушылардың оқу белсенділігі, мәтінді түсінуі, топтық жұмысқа қатысуы және жазба жұмыстары бойынша бағалау жүргізіледі.

VIII. Үй тапсырмасы

  • 1-топ: мәтінді оқып, мазмұндау.
  • 2-топ: борсық туралы қосымша мәлімет жинау.
  • 3-топ: тиін туралы қосымша мәлімет жинау.

Автор туралы мәлімет

Мекеме

Қызылорда қаласы, №112 орта мектеп

Мұғалім

Бисенова Ұлбосын Сәндібековна