Арман - Қазақ жері қандай ғажап құнарлы

Сабақ туралы

Сабақтың тақырыбы

«Бала деп соққан бауырмал жүрек»

Сабақтың мақсаты

Мұзафар Әлімбаев туралы білімді кеңейту, балаларға арналған шығармаларымен және олардың жазылу тарихымен таныстыру. Ақынның қазақ балалар әдебиетіне қосқан үлесін айқындап, оқушылардың мәнерлеп оқу, ой айту және шығармашылықпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

Білімділік

  • Өмір жолы, еңбек жолы, шығармашылығы туралы мәлімет беру.
  • Шығармаларының жазылу тарихымен таныстыру.
  • Өлеңдерді жатқа айтқызып, мәнерлеп оқу машықтарын жетілдіру.
  • Мәнерлеп оқудың үлгілерін меңгерту.

Дамытушылық

  • Өз пікірі мен эстетикалық талғамы бар сауатты оқырман қалыптастыру.
  • Көркем, шешен сөйлеуге баулу.
  • Өз бетімен іздену және шығармашылықпен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік

  • Шығармалардың тәрбиелік мәнін түсініп, өнеге алуға тәрбиелеу.
  • Туған жерді сүюге, Отан тыныштығын қорғауға, адамгершілікке баулу.
  • Табиғат әсемдігін түсінуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

М. Әлімбаевтың портреті

Тұлғалық болмысын танытуға арналған.

Қанатты сөздер жазылған плакаттар

Негізгі ойларды айқындау үшін.

Кейіпкерлердің бетперделері

Рөлдік оқылым мен көріністерге.

Кештің ашылуы

1-жүргізуші

Армысыздар! Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Бүгінгі кеш балалардың сүйікті ақыны, көп қырлы талант иесі — Мұзафар Әлімбаевқа арналады. «Бала деп соққан бауырмал жүрек» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

2-жүргізуші

Менің атым — Мұзафар, араб есімі.
Оның нендей бар ғаламаты?
Ол — ата-ана аңсаған ақ тілеуі,
Алдағыға тапсырған аманаты.

Осы жолдар арқылы ақын болашақ ұрпаққа сенім артқанын аңғартады.

Мұзафар Әлімбаев: өмірі мен еңбегі

Өмірбаян деректері

Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті ақын әрі зерттеуші Мұзафар Әлімбаев 1923 жылдың 29 қазанында Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Маралды ауылында дүниеге келген.

Еңбекке ерте араласуы

Ақын алты-жеті жасынан бастап мал бағу, тезек теру, шілік шабу, отын жару, су әкелу сияқты күнделікті жұмыстарды атқарған. Бұл тәжірибенің бәрі кейін өмірінде де, әсіресе әдебиетте де пайдасын тигізіп, еңбекке төзімділік пен еңбектен ләззат табуды үйреткен.

Білім жолы және қызметі

Білімі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі.

Редакциялық қызметі

1948–1958 жж. — «Пионер» журналында;
1958–1986 жж. — «Балдырған» журналының бас редакторы.

Алғашқы жинағы

«Қарағанды жырлары» — 1952 жылы жарық көрді.

Балалар әдебиетіндегі орны

Ақынның жыр кітаптары нәзік лиризм мен азаматтық әуенге толы. Мұзафар Әлімбаев қазақ балалар әдебиетін дамытуға үлкен үлес қосты. «Менің ойыншығым», «Отпен ойнама», «Шынықсаң — шымыр боларсың» сияқты кітаптары қазақ балалар әдебиетінің алтын қорына енген елеулі еңбектер саналады.

«Менің ойыншығым»

Балалық әлемге жақын, әсерлі өлеңдер топтамасы.

«Отпен ойнама»

Қауіпсіздік пен жауапкершілікке үндейтін тағылым.

«Шынықсаң — шымыр боларсың»

Еңбек, тәртіп және шынығу идеясын дәріптейді.

Өлеңдерден үзінді

Санжар

Ассалаумағалейкум, ата мекен!
Қадірің ата-анаммен қатар екен.
Қыс келсем, ақ қарыңа аунаймын да,
Жаз келсем, көгалыңа жата кетем.

Бір мін жоқ өнегең мен тәліміңде,
Жастың да ұстазысың, кәрінің де.
Мойныңа киіз боқша асқан шәкірт —
Сияқты сезінемін әлі күнге.

Арман

Қазақ жері қандай ғажап құнарлы!
Ағаш ексең, арба етіп шығарды...
Елдік — ерлік күрестерде сыналды,
Күнде де, түнде де саналды.

Қанша ғасыр ата-ана сүйегі
Күн көзінде күл боп шөгіп, қурады.
Бұл топырақ, міне, содан құнарлы,
Бұл топырақ, міне, содан киелі!

Қазақ жері — бүгінгі де, бұрынғы,
Міне, содан, міне содан ғұмырлы!