Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, белсенділігін дамыту
Сабақтың тақырыбы
Білім мен ғылымның қоғамдағы рөлі
Сабақтың мақсаты
Қоғамда маңызды орын алатын білім мен ғылым ұғымдарына анықтама беру.
Сабақтың түрі
Аралас сабақ.
Ұйымдастыру әдісі
Дәріс.
Көрнекіліктер
Оқулық, тірек-сызбалар.
Сабақтың міндеттері
Білімділік
Білім мен ғылымның адамның өміріндегі маңызды элементтер екенін түсіндіру.
Дамытушылық
Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, белсенділігін дамыту.
Тәрбиелік
Қоғамдық мәселелерді негізге ала отырып, бірлестікке тәрбиелеу.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Амандасу.
- Оқушыларды сабаққа дайындау, тақырып пен мақсатты таныстыру.
- Ынта мен зейінді сабаққа шоғырландыру.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Қоғамның рухани өмірінің ерекшелігі
Рухани қызмет
Қоғамның рухани қажеттіліктері мен тұтынуы
III. Жаңа білімді меңгеру
Білімнің мазмұны мен құрылымы
Ғылым: түсінігі мен функциялары
Ғылыми білімнің маңыздылығы
Негізгі ой
Білім әлеуметтік тәжірибенің алғашқы элементі болса, екінші элементі — әлеуметтік тәжірибедегі іс-әрекет тәсілдерін оқушыға үйрету, білімді қолдануға дағдыландыру; яғни адамзат қалыптастырған іскерлік пен дағдыларды меңгерту.
Білім мазмұны нені білдіреді?
Білім мазмұны балаларға «Нені оқыту керек?» деген сұраққа жауап береді. Бала тағдыры көбіне оның алған білімінің саны мен сапасына байланысты.
Білім беру мазмұнының теориялық мәселелері мен оны іріктеу жолдарын В. В. Краевский, И. Я. Лернер, В. С. Леднев, М. Н. Скаткин және т.б. зерттеген.
И. Я. Лернер ұсынған анықтама
«Білім мазмұны — оқушыға берілетін білім, іскерлік пен дағды жүйесі, шығармашылық іс-әрекет, эмоционалдық қарым-қатынас тәжірибесі».
Ең маңыздысы — білім мазмұны тұлғаны жан-жақты әрі үйлесімді дамытуға бағытталуы керек.
Білім мазмұнының негізгі түрлері
- Күнделікті өмір туралы негізгі ұғымдар, терминдер және ғылыми білімдер.
- Көзқарасты дәлелдеуге қажетті күнделікті өмірден және ғылымнан алынған фактілер.
- Нысандар мен құбылыстар арасындағы байланыстарды көрсететін ғылымның негізгі заңдары.
- Белгілі бір нысандар және олардың арасындағы байланыстар туралы ғылыми білімдер.
- Ғылыми іс-әрекет тәсілдері, таным әрекеті және ғылыми білімнің қалыптасу тарихы туралы білімдер.
- Әртүрлі өмір құбылыстарын бағалау нормалары туралы білімдер.
Ғылым дегеніміз не?
Ғылым тәжірибе жүзінде дәлелденген нақты айғақтар мен логикалық заңдылықтарға сүйенген қорытындылар негізінде білім әлемін қалыптастырады. Бұл әлемде адамның субъективті қырына аздау орын беріледі; оны өнер, мораль және дін толықтырады. Осылайша мәдениеттің аталған құрамдас бөліктері табиғат пен адамзат арасындағы байланыстыратын тізбек қызметін атқарады.
Ғылым — жаратылыс туралы объективті білім жиынтығы болып саналатын адамзат мәдениетінің бір бөлігі. Бұл ұғымға сондай-ақ білімді алу үдерісі және оны адамның практикалық өмірінде қолданудың түрлері мен механизмдері кіреді.
Ғылымның негізгі функциялары
- 1 Түсіндіру: табиғат нысандары мен құбылыстарының мәнін ашып, түсіндіру.
- 2 Жүйелеу: жинақталған фактілік материалдарды сұрыптап, бір жүйеге келтіру.
- 3 Сипаттау: қоршаған ортадағы байланыстар мен қасиеттерді сипаттап көрсету.
- 4 Болжау: үдерістердің қазіргі даму деңгейін ескере отырып, болашақты болжау.
- 5 Қорытынды жасау: өткен, қазіргі және күтілетін үдерістерді ескеріп, ғылыми негізде тұжырым шығару.
- 6 Жаңалық ашу: табиғаттың жаңа заңдарын айқындау, жаңа ғылыми гипотезалар ұсыну.
- 7 Өндірістік-практикалық бағдар: білімді өндірісте, әлеуметтік басқаруда және басқа салаларда қолдануға мүмкіндік беру.
- 8 Дүниетанымдық: алынған білімді әлемнің объективті картинасымен байланыстыру.
IV. Жаңа сабақты бекіту
Білім ұғымын қалай түсінесің?
Білім мен ғылым қоғамға не үшін қажет?
Ғылыми білімнің маңыздылығы неде?
Үй тапсырмасы және бағалау
Үй тапсырмасы
«Білім мен ғылымның қоғамдағы рөлі» тақырыбы бойынша дайындалу.
Бағалау
Оқушылардың белсенділігі мен жауаптарының сапасына қарай бағалау жүргізіледі.