Күлімдейді көкте күн

Құстар — біздің досымыз

Бұл тәрбие сағаты оқушыларға тірі табиғат туралы жалпы түсінік беруді, табиғат байлығын қорғауға баулуды және құстарға деген сүйіспеншілік сезімін дамытуға бағытталған. Көңілді көктем күндерінде құстарды қарсы алып, оларға қамқорлық көрсету мәдениетін қалыптастыру — негізгі міндет.

Мақсаты

  • Тірі табиғат туралы жалпы түсінік қалыптастыру.
  • Табиғат байлығын қорғауға тәрбиелеу.
  • Құстарға жанашырлық пен қамқорлық сезімін дамыту.

Көрнекілігі

Сурет көрмесі, плакаттар, құстар туралы мақал-мәтелдер, құстардың суреттері.

Оқушылардың назарын табиғатқа аударып, құстардың рөлін нақты мысалдармен түсіндіруге көмектеседі.

Құрылымы

  1. 1 «Құстар — біздің досымыз!»
  2. 2 Ойын: жұмбақтар шешу
  3. 3 «Құстарға ұя жасайық!» (көрініс)
  4. 4 «Артық болмас білгенің» (халық болжамдары)

Ашылу сөзі

Мұғалімнің құттықтауы

Құрметті ұстаздар, қош келдіңіздер! Көңілдеріңізге жылы шуақ нұрын төккен көктем мерекесімен құттықтаймыз. Көктем мерекесіне орай ұйымдастырылған «Құстар — біздің досымыз» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз.

Кіріспе өлең

Сәлем, достар, аман ба?
Мынау бейбіт заманда.
Шат-шадыман көктемнің,
Шаттық болсын қашанда.

Кіріспе сөз — Мерей

Ән

«Жау-жау жаңбыр»

Орындайды — Е. Мерей

Көктем мен құстар туралы өлеңдер

Оқушылар көктемнің көркін, құстардың табиғаттағы орнын және адамға пайдасын өлең жолдарымен жеткізеді.

Көкке бояп өңірді,
Көктем келді көңілді.
Бау-бақшада, орманда,
Құстар әні көңілді.
Ақселеу
Жаңбыр жауып басылды,
Күлімдейді көкте күн.
Кемпірқосақ асылды,
Өрнегіне көктемнің.
Нұрайым
Жыл құстары келді деп,
Балдырғандар мәз болды.
Қос қанатты желпілдеп,
Көлге үйрек-қаз қонды.
Димаш
Ой, балалар, балалар,
Жылы-жылы жел соқты.
Жылғалардан су ақты,
Қаңқыл-қаңқыл қаз кетті.
Әлішер
Құстар тойын құттықтап,
Қуанамыз, қолдаймыз.
Ұя жасап құттықтап,
Біз оларды қорғаймыз.
Е. Мерей
Бейне көктем жырлары,
Сағынышпен жеткен.
Құстардың әуенімен,
Қуанта бер, көктем!
Әли
Құстар, құстар келеді,
Жерді шуға бөледі.
Көктем келді деп бізге,
Жақсы хабар береді.
Мағжан
Ән құрадым әніммен,
Сән құрадым гүліммен.
Қуантамын бәріңді,
Құт-береке күнімен.
Самал

Құстар әлемі: қысқа таныстырылым

Әр құстың табиғаттағы орны бөлек: бірі — орманның «дәрігері», бірі — бейбітшіліктің нышаны, енді бірі — көктемнің жаршысы.

Аққу

Құс сұлуы — аққумын,
Табиғат көркін сыйлаған.
Мылтығын кезеп еш мерген,
Атуға көзін қимаған.

Сұлулықты паш етіп,
Жырлаған талай ақындар.
Нәзік үнді, көл көркі,
Құс патшасы — мен болам.

Жаным

Бұлбұл

Мен еркін, бақытты бұлбұлмын,
Бұлағын тасытқан ән-жырдың.
Тамаша тамылжып шырқаймын,
Шаттығын тауыса алмай әр күннің.

Ән

«Аппақ гүлдер»

Орындайды — Жансұлу

Көгершін

Бейбітшілік құсы — менмін, көгершін,
Жер жүзінде бейбіт еңбек көгерсін.
Аспан тұнық, шат көңілді болайық,
Ақ ниетті адал жандар көбейсін.

Мейірлан

Көкек

Жаршысы мен көктемнің,
«Көкек» дейді мені жұрт.
Өз атын айтар құс — менмін,
Көктемді күтсең, мені күт.

Ақтілек

Үкі

Үкі едім, ұшып қалықтаған,
Құртудан зиянкесті жалықпаған.
Үкіні үлпілдеген киелі деп,
Бұрыннан-ақ адамдар тағып алған.

Аяулым

Қарлығаш

Қарлығашпын мен —
Адамның тұрағымын.
Мекен етіп тұрамын,
Тазалаймын үй-ішін.

Ел аузында мақтаулы,
Тазалықшымын төселген.

Жанерке

Ән

«Қос қарлығаш»

Орындайды — Мейрамбек, Ақселеу

Қараторғай

Мен қараторғаймын,
Шегірткедей жұртыңды.
Қырғи болып қиямын,
Егістікке жайылмаған —
Қорғаушы болып тұрамын.

Торғай

Мен торғаймын, торғаймын,
Суықтаймын да тоңбаймын.
Құрт-құмырсқа, шіркейден,
Бау-бақшаны қорғаймын.

Мейрамбек

Тоқылдақ

Құртты іздеп інінен,
Қарағайды үңгіген.
Тоқылдақ — құс дәрігер,
Қашанда ол әбігер.

Мұхамедияр

Жапалақ

Мен жапалақ — қалыспаспын жарыстан,
Қорегімді іздеймін мен алыстан.
Іннен басы қылт етсе-ақ тышқанның,
Жүз елуін әр ай сайын жанышамын.

Айымжан

Ән

«Бозторғай»

Орындайды — Самал

Ойын: жұмбақтар шешу

Балалар құстар туралы жұмбақтар шешіп, байқампаздық пен ой ұшқырлығын шыңдайды.

Би

«Шөжелерім»

Орындайды — қыздар

Жұмбақ

Мысық құлақты, бүркіт тұяқты.

Жауабы: Үкі

Жұмбақ

Ақ сарайын талқандап, шықты біреу талтаңдап.

Жауабы: Балапан

Жұмбақ

Бір-ақ сөз біледі — өз аты оныңсы.
Соны айтып жүреді, және жоқ қонысы.

Жауабы: Көкек

Жұмбақ

Жем көрсе — шықылықтап қалтаңдайды.
Сескенсе — жыпылықтап жалтаңдайды.

Жауабы: Сауысқан

Жұмбақ

Көктемде ұшып келеді,
Жазбай концерт береді.

Жауабы: Бұлбұл

Жұмбақ

Тоқылдатып, мазаны алып,
Ағаштарды тазалап,
Орманды емдейді,
Зиянкесті жазалап.

Жауабы: Тоқылдақ

Құстарға ұя жасайық!

Бұл бөлімде оқушылар құстарға ұя жасаудың маңызын түсінеді: ұя — құсқа паналық, ал табиғатқа — тепе-теңдік. Қамқорлық жасау — табиғатқа деген мәдениеттің нақты көрінісі.

Практикалық ой

  • Ұяны қауіпсіз, тыныш жерге ілу.
  • Құстарды үркітпеу және ұяға жақын маңда шуламау.
  • Табиғатты таза ұстап, қоқыс қалдырмау.

Көрініс

«Торғайдың ұясы» — табиғатқа жанашырлық пен мейірім туралы тәрбиелік көрініс.

Артық болмас білгенің: халық болжамдары

Халқымыз құстардың келуі мен қайтуына, ұшуына және мінез-құлқына қарап табиғат құбылыстарын болжаған. Төменде кең тараған болжамдардың бірнешеуі берілді.

Қарлығаш

Қарлығаш жоғары ұшса — күн жылы болады, ал төмен ұшса — жаңбыр жауады.

Қаз

Көктемде қаздар қайтқанда жоғары ұшса — су тасқыны болады.

Қарға

Жаңбыр жауарда қарғалар у-да-шу болады.

Құс қауырсыны

Құс жүнін үрпитсе — жаңбыр жауады.

Шымшық

Шымшық ұя салса — қыс қатты болады.

Шағала

Шағала келсе — сең бұзылады.

Жыл құсы

Жыл құсы қаптап келсе — көктем ерте келеді.

Қорытынды ән

«Атамекен»

Хор