Астана қаласының мәдени ошақтарымен таныстыру Сабақтың әдісі
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Етістік туралы білімді толықтыру: етістіктің заттың іс-әрекетін, қимыл-процесін білдіретін сөз табы екендігін нақтылау; сұрақтарын қайталау; сөйлемнен етістікті табу; етістіктің түрлерін ажырату; негізгі және туынды етістіктер туралы түсінікті бекіту.
Дамытушылық
Жаңа технологияларды қолдана отырып, сөздік қорды молайту; ойлау, тіл, зейін және шығармашылық белсенділікті дамыту.
Тәрбиелік
Отанды сүюге және оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу; Астана қаласының мәдени ошақтарымен таныстыру.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
Сәлемдесу және топқа бөлу
- I топ: «өседі» сөзі бойынша — Жеміс-жидектер тобы.
- II топ: «киеді» сөзі бойынша — Киімдер тобы.
- III топ: «ұшады» сөзі бойынша — Құстар тобы.
Психологиялық дайындық
Қазақ тілім — өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім.
II. Өткенді қайталау (Блум әдісі)
1-топ
Етістік туралы ұғым
2-топ
Етістіктің құрамына қарай бөлінуі
3-топ
Етістіктің тұлғасына қарай бөлінуі
Бағалау сабақ бойы жүргізіледі.
III. Жаңа сабақ
Күннің ретін жазу
Көркем жазу минуты: О о
Жеке жұмыс: «Сөз ойла, тез ойла»
Суреттегі заттардың атауынан туынды етістік жасау және сөз құрамына талдау.
Үлгілер
Бағалау: фигуралар арқылы.
Жұптық жұмыстар
1-топ
«Етістік» сөзінен баспалдақ жасау: әр әріптен басталатын сөз ойлап, торкөздерді толтыру.
2-топ
Зат есімдерге -ла/-ле, -да/-де, -та/-те жұрнақтарының тиістісін жалғап, туынды етістік жасау және сөз құрамына талдау.
3-топ
«Ағаш» суретіндегі етістіктерді теріп жазып, сөз құрамына талдау.
Биле, арқала, қар, қапта, жырла, көзде, әдемі, суретші, көмек, қолда, баста
Бағалау
«Бағдаршам» әдісі арқылы.
Сергіту сәті
Қысқа сергіту жаттығулары орындалады.
Қызықты грамматика
«Бір сөзбен атаңдар» ойыны (жалпы сынып)
Сәйкестендір
- Оқысаң, … бәрін білесің.
- Аяғың ауырса, … көп жүрме.
- Көп ұйықтасаң, … басың ауырады.
- Шөлдесең, … сусын іш.
- Көзің ауырса, … қолыңмен сүртпе.
- Жаз шықса, … күн ысиды.
Тапсырма
Берілген сөздерді оқып, туынды етістіктерді бір бөлек, негізгі етістіктерді бір бөлек көшіріп жаз.
Негізгі етістіктер
жаз, кел, ер, оқы, күт
Туынды етістіктер
әңгімелес, өрнекте, ұсақта, шыңдат, достас, шегеле, ақылдас, тұзда
«Тіл — өнер» бөлімі
Мақалды толықтырып, орысша және ағылшынша аудармасын табу.
1) Отан … басталады.
Жауабы: отбасы
семья, family
2) Туған жерге … тік.
Жауабы: ту
флаг, flag
3) Бақа көлінде — патша, … суында — патша, … елінде — патша.
Жауабы: балық, адам
рыба, человек — fish, person
Семантикалық картамен жұмыс
Оқушылар негізгі және туынды етістіктерді кесте бойынша белгілеп, дәлелдейді.
Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасы тақтада беріліп, түсіндіріледі.
Қорытынды және кері байланыс
Сабақ кері байланыс әдісі арқылы қорытындыланады. Оқушылар мадақталып, бағаланады.
Бағалау
Өте жақсы
Бағалау
Жақсы
Бағалау
Орташа
Автор туралы мәлімет
Қызылорда қаласы, №112 орта мектеп. Бастауыш сынып мұғалімі: Балғабаева Перизат Муратовна.