Мотивация Білім актуализациясы
Сабақ туралы мәлімет
Пән мұғалімі
Габдушева Динара Жасталапқызы
Сынып
7-сынып
Тақырып
Көпмүшені көпмүшеге көбейту
Эпиграф
«Бір нәрсені оқып-үйренудің ең жақсы тәсілі — оны өзің зерттеп, өзің ашу».
Дьерд Пойа, швейцариялық математик
Сабақтың мақсаты
Оқыту мақсаты
Оқушыларды көпмүшені көпмүшеге көбейту ережесімен таныстыру және мысалдар арқылы түсіндіру.
Дамытушылық мақсаты
Ізденімпаздық дағдыларын, ақпаратты іздеу, байқағыштық, салыстыру және қорытынды шығара алу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты
Ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, сауаттылыққа және адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың құрылымы
-
1
Ұйымдастыру кезеңі
-
2
Мотивация
-
3
Білімді актуализациялау
-
4
Қайталау
-
5
Жаңа тақырыпты түсіндіру
-
6
Бекіту
-
7
Сергіту сәті
-
8
Деңгейлік тапсырмалар
-
9
Үй тапсырмасы
-
10
Қорытындылау және бағалау
Үй тапсырмасы: логикалық тапсырма
Орындау қадамдары
-
Тапсырманы орында.
-
Дұрыс жауапты кестеден тап.
-
Әр санға сәйкес әріпті сәйкестендір.
-
Барлығын дұрыс орындасаңдар, ұлы математик Гаусстың нақыл сөзі шығады.
Есептеу ережелері
Нәтижені таңдауда төмендегі шарттарды қолданыңдар:
-
Егер шешімі теріс сан болып шықса — сол санның модулін ал.
-
Егер шешімі бірмүше болып шықса — оның коэффициентін ал.
-
Егер шешімі көпмүше болып шықса — ең үлкен дәрежесі бар бірмүшенің коэффициентін ал.
Нәтиже
Есепте және кесте арқылы тексер: әр жауапқа сәйкес әріпті тап. Соңында Гаусстың нақыл сөзі құрастырылады.