Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы атты тарихи кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер
Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы (тарихи кеш)
Құрметті оқушылар, қадірлі қонақтар! Тәуелсіздік мерекесі келіп жетті. Баршаңызды тарихы тереңде жатқан айтулы мерекемен құттықтаймыз! «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» атты тарихи кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Ой өзегі
Тәуелсіздік — көктен салбырап түскен олжа емес. Ол — қуанышпен қатар қасірет те араласқан, ғасырлар бойы созылған күрес пен ерліктің жемісі. Еркіндікті сақтау үшін талай ердің басы бәйгеге тігілді, талай тағдыр сыннан өтті.
Біз — қазақ елінің тәуелсіз мемлекет атанып, көк туы желбіреген жұлдызды сәтін өз көзімізбен көру бақыты бұйырған ұрпақпыз. Әр халықтың ең ұлы мұраты, ең ізгі арманы — ел болу, тәуелсіздік туын биік ұстау, азат ғұмыр кешу. Ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы аңсаған арманы орындалған күн — қасиетті Тәуелсіздік күні.
Жыр жолдары
Біз — қазақпыз! Есігі ашық, төрі кең…
Жылап өттік жылдар өмір өрінен.
Жетер енді, желпінейік, қарайық
Мына өмірге иегердің көзімен.
Жағасына жауының жетіп қолы,
Тартып алған Тәуелсіздік күшпен өткен.
Тәуелсіздік — елімнің ерлік жолы,
Олжа емес салбырап түскен көктен.
Қуаныш араласса қасіретпен,
Ерлік жолда қаншама ғасыр өткен.
Еркіндігін, ерлігін сақтау үшін,
Талай ердің бұл жолда басы өткен.
Жалғанның жартысындай қазақ елі,
Алғандай көздің жауын сұлу жері.
Ақ пейіл, дарқан көңіл халқымыз бар,
Болғанда бірі батыр, бірі сері.
Өз бабам азаттықты аңсап өткен,
Ел үшін талай саңлақ шейіт кеткен.
Солардың құдіретті ой-арманы —
Таңы боп Тәуелсіздік бізге жеткен.
Ж. Молдағалиев. «Мен қазақпын»
Тәуелсіздік жылнамасы
Егемен елдің еңсесін көтерген, ел мерейін асырған тарихи белестерді жылдар сөйлетеді:
-
1
1991, 1 желтоқсан — ҚР тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
-
2
1991, 10 желтоқсан — Қазақ КСР-інің Қазақстан Республикасы болып аталуы.
-
3
1991, 16 желтоқсан — ҚР Тәуелсіздігі туралы Заң қабылданды.
-
4
1992, 2 наурыз — Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды.
-
5
1992, 7 мамыр — ҚР Қорғаныс министрлігі құрылды.
-
6
1992, 4 маусым — ҚР мемлекеттік рәміздері бекітілді.
-
7
1992, 2 қазан — тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.
-
8
1993, 15 қараша — ұлттық валюта — теңге айналысқа енгізілді.
-
9
1993 — Рухани келісім жылы.
-
10
1994 — Халықаралық отбасы жылы.
-
11
1995 — Абай жылы (150 жылдық мерейтойы).
-
12
1995, 28 қаңтар — ҚР жаңа Конституциясы қабылданды.
-
13
1996 — Сенат пен Мәжілістен тұратын Парламент тұрақты жұмыс істей бастады.
-
14
1997 — Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы.
— «Қазақстан – 2030» бағдарламасы бекітілді.
— Астана Алматыдан Ақмолаға көшірілді. -
15
1998, 10 маусым — Астананың халықаралық тұсаукесері өтті.
1998 — Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы. -
16
1999 — Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы.
-
17
2000 — Мәдениетті қолдау жылы.
-
18
2001 — Тәуелсіздіктің 10 жылдығы.
-
19
2002 — Денсаулық сақтау жылы.
-
20
2003–2005 — Ауылды дамыту жылдары.
-
21
2006 — Қазақстанда Пушкин, Ресейде Абай жылы.
-
22
2007 — Қазақстандағы Германия жылы.
-
23
2008 — Украинадағы Қазақстан жылы.
— Астананың 10 жылдығы аталып өтті. -
24
2009 — Астанаға ЮНЕСКО деңгейінде «Әлем қаласы» атағы берілді.
-
25
2010 — Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалық етті.
-
26
2011 — Қазақстанда VII Қысқы Азия ойындары өтті.
-
27
2012, 1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күні аталып өтті.
Ортақ міндет
«Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол — Тәуелсіз Қазақстан», — деген ойды берік ұстану — әрқайсымыздың парызымыз. Кең-байтақ Қазақстан — туған өлкеміз; оны сүю, қастерлеу, қорғау — барлығымызға ортақ жауапкершілік.
Тілек пен түйін
Құтты болсын Тәуелсіздік мейрамы,
Ол әркімге бейбіт өмір сыйлады.
Аңсаған сан ғасырлық арман болып,
Қол жеткізген шындық жырын жырлады.
Қуаныштан қалай кеуде кермеспін —
Бұл күнімді бір ғасырға бермеспін!
Ақ түйенің қарны бүгін жарылды:
Тәуелсізбін, егеменмін, дербеспін!
Осымен «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» атты кешіміз аяқталды. Уақыт бөліп келгендеріңізге көп рақмет!