Баспалдақ әдісімен көтерілу

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Тақырыбы
Төбешікке сатылап көтерілу
Өтетін орны
Таза ауадағы спорт алаңы
Сыныбы
4-сынып
Ұзақтығы
45 минут
Сабақ түрі
Аралас

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

Оқушыларға шаңғымен төбешікке көтерілу кезіндегі «шырша» және «баспалдақ» әдістерін үйрету, түсінігін кеңейту.

Дамытушылық

«Шырша» және «баспалдақ» әдістері арқылы көтерілу барысында оқушылардың дене қимылын дамытып, дене шынықтыру сабағына қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік

Эстетикалық тәрбие беру және оқушыларды салауатты өмір салтына баулу.

Әдіс-тәсілдер және жабдықтар

Сабақ әдістері

  • Түсіндіру
  • Үйрету
  • Сұрақ–жауап

Жабдықталуы

  • Көрнекі суреттер
  • Шаңғы
  • Аяқ киім
  • Шаңғы таяқшалары

Сабақ құрылымы (45 минут)

I. Дайындық бөлімі

13 минут

  1. 1) Сапқа тұру, сәлемдесу, түгендеу, сабақ мазмұнын қысқаша түсіндіру

    2 мин

    Кезекші сыныптың сабаққа дайын екенін мұғалімге баяндайды.

  2. 2) Саптағы бұрылу жаттығулары

    1 мин

    • Оңға бұрыл
    • Солға бұрыл
    • Кері бұрыл

    Дұрыс бұрылуын қадағалау.

  3. 3) Жүру жаттығулары

    2 мин

    • Қол жоғарыда, аяқтың ұшымен жүру
    • Қол белде, өкшемен жүру
    • Жартылай отырып жүру
    • Толық отырып жүру
  4. 4) Жүгіру жаттығулары

    3 мин

    • Бірқалыпты жүгіру
    • Оң қапталмен жүгіру
    • Сол қапталмен жүгіру
    • Тізені көтеріп жүгіру
    • Аяқты артқа сермеп жүгіру
    • Бұрыштан бұрышқа жүгіру
    • Дем алу, саптық жүріс

    Аяқты дұрыс қоюға және қолдың дұрыс жұмысына назар аудару. Жылдамдықты біркелкі сақтау.

  5. 5) Бір орында орындалатын жалпы дамыту жаттығулары

    5 мин

    А) Бас айналдыру

    Аяқ иық көлемінде, қол белде. Басты оңға 1–2, солға 3–4 айналдырып, 5–6 рет қайталау.

    Денені тік ұстау, көзді жұмбау.

    Ә) Иық буынын айналдыру

    Аяқ иық көлемінде, қолдар иықта. 1–2 алға, 3–4 артқа айналдырып, 5–6 рет қайталау.

    Қолдың толық айналуын қадағалау.

    Б) Қолды алмастыра сермеу

    Оң қол жоғарыда, сол қол төменде. Қолды алмастырып сермеу.

    Қолды түзу ұстап, бүкпеу.

    В) Бел айналдыру

    Қол белде. Белді оңға 1–2, солға 3–4 айналдырып, 5–6 рет қайталау.

    Дұрыс еңкеюін қадағалау.

    Г) Жанға еңкею

    Оң қол жоғарыда, сол қол белде. Қолды алмастыра отырып екі жаққа еңкею, 5–6 рет қайталау.

    Толық еңкеюге мән беру.

    Д) Тізе буынын айналдыру

    Қол тізеде. Ішке 1–2, сыртқа 3–4 айналдырып, 5–6 рет қайталау.

    Айналдыруды толық орындау.

    Е) Отырып-тұру

    Қолды алға созып, 10–15 рет отырып-тұру.

    Тізе мен арқа қалпын бақылау, бірқалыпты орындау.

II. Негізгі бөлім

27 минут

1) Сапқа тұрғызу

1,5 мин

Тыныштық сақтау, мұғалім нұсқауын мұқият тыңдау.

2) Психологиялық дайындық және топқа бөлу

3,5 мин

Оқушылар 2 топқа бөлінеді және тақырыпты сурет арқылы ашады:

  • 1-топ: Баспалдақ әдісі
  • 2-топ: Шырша әдісі

Сұрақтарға дұрыс жауап беруін бақылау, ережелерді еске түсіру.

3) «Шырша» әдісімен көтерілу

11 мин

«Шырша» әдісінде өрге көтерілгенде шаңғылардың ұштары екі жаққа қарай қиғаш қойылады.

Көтерілу екі шаңғымен кезек аттап басу арқылы орындалады.

4) «Баспалдақ» әдісімен көтерілу

11 мин

«Баспалдақ» әдісі тік беткейге шыққанда қолданылады.

Шаңғыларды төбе бағытына көлденең ұстап, кезекпен қадам жасау арқылы орындалады.

III. Қорытынды бөлім

5 минут

  1. 1

    Шаңғыны шешу

    Шаңғыны шешіп, қарын тазарту.

  2. 2

    Сапқа тұру

    Тәртіп пен қауіпсіздік ережелерін сақтау.

  3. 3

    Сабақты қорытындылау

    Жетістіктер мен кемшіліктерді атап өту.

  4. 4

    Үй тапсырмасы

    «Баспалдақ» және «шырша» әдістерін қайталау.

  5. 5

    Қоштасу

    Сабақты ұйымдасқан түрде аяқтау.