Сөйлем мүшелеріне сұрақ қой
Сабақтың тақырыбы
Сөйлем мүшелері
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларға сөйлем мүшелері туралы жүйеленген түсінік қалыптастыруға мүмкіндік беру.
Дамытушылық
Өз бетімен жұмыс арқылы оқушылардың теориялық ойлауын, ауызша сөйлеу дағдысын дамыту.
Тәрбиелік
Достыққа, ұйымшылдыққа, адамгершілікке баулу.
Сабақтың сипаттамасы
Сабақтың түрі
Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдер
- Көрнекілік
- Сұрақ-жауап
- Талдау
- Жинақтау
Көрнекіліктер
Мазмұнды суреттер.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сабаққа даярлық.
II. Үй тапсырмасын тексеру
13-жаттығу: берілген сөздерді қатыстырып, үш сөйлем құрастыру.
Оқушылар сөйлемдерін оқиды, сынып болып талдайды.
III. Мақсат қою кезеңі
Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын хабарлау.
IV. Жан-жақты білімді тексеру
Қайталау сұрақтары
- Сөйлем дегеніміз не?
- Сөйлемнің қандай түрлерін білесіңдер?
- Сөйлем соңына қандай тыныс белгілері қойылады?
Көрнекілік бойынша сөйлем құрастыру
Берілген сөздерді пайдаланып, ауызша сөйлемдер құрастырыңдар:
- Ауамен, дем, біз, аламыз.
- Ауа, денсаулыққа, таза, пайдалы, өте.
- Үйдің, таза, ауасын, әр уақытта, сақтаңдар.
V. Жаңа материалмен жұмыс
а) Оқулықпен жұмыс — 14-жаттығу
Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқыңдар. Өлеңдегі әрбір сөзге сұрақ қойыңдар.
Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе.
Адамдықты көздесең,
Жаттап, тоқы көңілге.
ә) Дәптермен жұмыс — 15-жаттығу
- Күн ретін жазу.
- Көркем жазу.
- Мәтінді оқып, көшіріп жазу.
Шекарашылар күзетте тұрады. Олар еліміздің шекарасын қорғайды. Шекарашылар — ер жүрек батырлар.
Әр сөйлемде неше сөз бар екенін анықтаңдар.
Әр сөздің үстіне оған қойылатын сұрақты жазыңдар.
Үлгі
Шекарашылар — кімдер?, күзетте — қайда?, тұрады — не істейді?
Талқылау сұрақтары
- Шекарашылар деп кімдерді айтамыз?
- Олардың біз үшін маңызы қандай?
- Сендер шекарашы болғыларың келе ме? Неліктен?
Ережемен жұмыс
Сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап беріп тұрған толық мағыналы сөздерді сөйлем мүшелері дейміз.
Мысал сұрақтар: Кім?, Немен?, Не істеді?
Мысал: Айдын бормен жазды.
16-жаттығу — Тақтамен жұмыс
Екі сөзден құралған сөйлемдерді толықтырып жазыңдар.
- Асқар атпен келді.
- Дана доп ойнады.
- Қойлар өрісте жайылды.
- Құлын су ішті.
- Қыздар гүл терді.
17-жаттығу — Көркем жазу
Көшіріп жазып, әр сөйлемде неше сөйлем мүшесі бар екенін айтыңдар.
Мәлік Ғабдуллин туралы мәтінді оқып, түсіндіріп, көркем етіп көшіріп жазыңдар.
- Сөйлем мүшелеріне сұрақ қойыңдар.
- Әр сөйлемдегі сөз саны мен сөйлем мүшелерінің саны бірдей ме?
18-жаттығу — Жұмбақ
Мұзда жылдам сырғанайды,
Тебе білген құламайды.
Жұмбақты оқып, мағынасына қарай және суретке қарап шешуін табыңдар.
Алғашқы сөйлемде неше сөйлем мүшесі бар? Екінші сөйлемде ше?
VI. Бекіту
«Құрастырайық мақалдар!» ойыны
Ойын шарты: сыныпты қатар бойынша үш топқа бөлу. Әр топ өздеріне берілген сөздерден мақал құрастырады.
19-жаттығу
Берілген сөздерден мақал құрастырыңдар және әр мақалда неше сөйлем мүшесі бар екенін анықтаңдар.
- Асырайды, тігіншіні, инесі.
- Шәкірт, озар, ұстаздан.
- Жан, жақсы, семірер, сөзден.
VII. Қорытындылау
- Бүгін біз не үйрендік?
- Сөйлем дегеніміз не?
- Сөйлем соңына қандай тыныс белгілері қойылады?
VIII. Үйге тапсырма
20–21-жаттығу, 77-бет.
IX. Оқушыларды бағалау
Оқушылардың сабаққа қатысуы, тапсырмаларды орындауы және жауаптарының нақтылығы бойынша бағалау.