Бала тәрбиесіне байланысты халықтың қандай дәстүрлерін білесіңдер - Әңгіменің авторы кім

Сабақ жоспары (ана тілі, 4-сынып)

Сабақтың тақырыбы: «Қолғабыс»

Бұл сабақ М. Төрежанов шығармасы арқылы оқушыларды қазақ халқының салт-дәстүрлерімен таныстырып, мәтіннің тәрбиелік мәнін түсіндіруге бағытталған.

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік

    Оқушыларға М. Төрежанов және қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы мағлұмат беру. «Қолғабыс» мәтінін түсіндіру, тәрбиелік мәнін ұғындыру.

  • Дамытушылық

    Ой-өрісін кеңейту, сөздік қорын дамыту, шығармашылық қабілеттерін арттыру.

  • Тәрбиелік

    Адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке, үлкенді құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың ресурстары мен форматы

Көрнекілігі

Интерактивті тақта, слайдтар

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер

Ой шақыру, топтастыру, сұрақ-жауап, түсіндіру

Негізгі ұғым

Қолғабыс — біреуге қол ұшын беру, көмектесу, бір істі бірге атқару.

М. Төрежанов — балалар әдебиетінің жазушысы.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабаққа даярлау, ынтымақтастық орта қалыптастыру.

II. Үй тапсырмасын тексеру

  • «Ең жақын кім адамға?» ертегісінің мазмұнын сұрау.
  • Ертегіні сахналап көрсету.

III. Білімді жан-жақты тексеру

Сұрақ

Өлеңде қандай хайуанаттар таласқан?

Талқылау

«Бірімізсіз біріміз күн көре алмаймыз» деген жолдар арқылы ақын нені айтпақ?

IV. Жаңа білімді қабылдауға даярлау

  • Ребус шешу: «Қолғабыс».
  • «Қолғабыс» сөзінің мағынасын ашу, топтастыру жұмысы.
  • Автор туралы қысқаша мәлімет: М. Төрежанов.

V. Жаңа білімді меңгерту

Слайд бойынша әңгіме

Бағдар сұрақтар

  • Қай мезгіл бейнеленген?
  • Атасы мен немересі не істеп жүр?

Мәтінмен жұмыс

Мұғалім мәтінді оқиды, мазмұнын түсіндіреді, оқиға желісін нақтылайды.

VI. Білімді бекіту

Мәтінді оқу

  • Оқушыларға кезектестіріп оқыту.
  • Рөлге бөліп оқыту.

Мазмұнды ашатын сұрақтар

  • Арғынның атасының көңілді болу себебі неде?
  • Арғын атасына қандай өтініш айтты?
  • Арғын қандай қолғабыс көрсетті?

Тапсырма

Әңгімеден мақал-мәтелді тауып, мәнерлеп оқы.

Оқиға ретін анықтау

«Көктомарда» Арғынның немен айналысқанын ретімен санамалап айтып бер.

  1. Қымыз ішетін тостағанға бүлдірген терді.

  2. Оны атасына әкеліп берді.

  3. Шөлдеген соң атасынан қымыз сұрап ішті.

  4. Біраз көбелек қуды.

  5. Гүл терді.

Дәстүрлерді еске түсіру

Бала тәрбиесіне қатысты қандай дәстүрлерді білесіңдер?

Шілдехана Бесік той Тұсау кесу Сүндет той

Ойлан

Өзің алғаш рет қандай үлкен істі атқардың? Қандай жауапкершілік сезіндің? Қысқаша әңгімеле.

Дәстүрге үңілу: «Тоқым қағу»

Тоқым қағу — баланың бәсіре ғып ен салған құлыны ер жетіп, жарап, ат болып шыққанда, баланың сол бәсіремен алғаш рет алыстау сапарға шығуына байланысты өткізілетін дәстүр.

Бұл — ақ ниетпен, адал атқарылатын міндет. Мұнда тізгін мен шылбырға баланың өзі ие болып, өз бетімен бір жұмысты бітіруге немесе біреуге көмектесуге қадам жасайды. Сондықтан да тоқым қағу — баланы еңбекке баулудың, қазақы тәрбиенің бастауына баланатын ғұрып.

Көрініс

«Тоқым қағу» дәстүрін сахналық көрініс арқылы көрсету.

VII. Қорытынды

Ойын: «Шөп шабу»

Арғын атасына қандай көмек көрсетті? Ендеше біз де «шөп жинап» көрейік: сұрақтарға жауап беру арқылы ұпай жинау.

Қайталау сұрақтары

  • Әңгімеде халықтың қандай дәстүрі сөз етілген?
  • Бидайық деген не?
  • Бала тәрбиесіне байланысты қандай дәстүрлерді білесіңдер?
  • Әңгіменің авторы кім?
  • Арғын қандай қолғабыс көрсетті?

VIII. Үй тапсырмасы

Тапсырма

Мәтінді мазмұндау.

Зерттеу

Қазақтың дәстүрлері туралы қосымша мәлімет жинау.

IX. Бағалау

Оқушыларды мадақтау және мақтау сөздер арқылы ынталандыра бағалау.