Гидросфера және оның құрамдас бөліктері
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Пән / Сынып
География, 10-сынып
Сабақ тақырыбы
Гидросфера және дүниежүзілік су ресурстары. Су айналымы
Жұмыс түрлері
Жеке жұмыс, топтық жұмыс
Түйінді мақсат
Оқушылар Жердің су қабығы гидросфера деп аталатынын біледі және су туралы негізгі мәліметтерді меңгереді.
Оқытуға қолдау көрсету
Мақсаттарға қол жеткізу үшін әр оқушының сұранысы мен оқу қарқыны ескеріліп, қажет болған жағдайда нақты қолдау мен көмек көрсетіледі.
Бағалау және ресурстар
Бағалау
Критерийлер бойынша бағалау қолданылады.
Ресурстар мен жабдықтар
- Оқулық
- Карта
- Постерлер мен суреттер
- Интернет материалдары
Күтілетін нәтижелер
Сабақ соңында оқушылар төмендегі оқу мақсаттарына сәйкес білімін көрсетеді:
Білу
Гидросфераның қандай құрамдас бөліктерден тұратынын біледі.
Түсіну
Судың басты қасиеттерінің табиғаттағы маңызын түсінеді.
Қолдану
Оқулық мәтінін пайдаланып, табиғаттағы су айналымының сызбасын құрастыра алады.
Талдау
5-кесте негізінде гидросфера құрамдас бөліктерінің жаңару кезеңдерін талдап, қорытынды жасай алады.
Сабақтың барысы
Кіріспе
- 1 Психологиялық ахуал қалыптастыру: амандасу, қысқа сергіту сәті.
- 2 Оқушыларды қима қағаздар арқылы топтарға бөлу.
- 3 «Атмосфера және климат» тақырыбы бойынша қорытынды тест орындау.
Тұсаукесер
- 1 Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын бірлесіп айқындау.
- 2 Мәтінмен танысуға бағытталған тапсырма беру.
Топтық тапсырмалар
- 1-топ: Гидросфера және оның құрамдас бөліктері.
- 2-топ: Судың қасиеттері.
- 3-топ: Табиғаттағы су айналымы.
Әр топ өз тақырыбы бойынша постер дайындап, қорғайды.
Негізгі бөлім
- 1 «Галереяға саяхат» әдісі арқылы топтар табиғаттағы су айналымының сызбасын құрастырады.
- 2 5-кесте бойынша гидросфера құрамдас бөліктерінің жаңару кезеңдерін талдау тапсырмасы орындалады.
Қорытынды және үй тапсырмасы
Қорытынды
Мұғалім сабақ мазмұнын жинақтап, негізгі ұғымдарды бекітеді.
Үй тапсырмасы
- §11 оқу.
- Өздерің тұратын аудандағы су көздерінде адам әрекетінің әсерінен қандай өзгерістер болып жатқанын сипаттап, эссе жазу.