Модельдеу - объектілерді, процестерді немесе құбылыстарды зерттеу мақсатында олардың модельдерін құру

Сабақтың барысы

Бұл сабақта оқушылар модель ұғымын, модель түрлерін және компьютерлік модельдеудің негізгі қағидаларын меңгереді. Практикалық бөлімде SketchUp бағдарламасында қарапайым үй моделін құрастыру арқылы үшөлшемді модельдеуді тәжірибе жүзінде орындайды.

I. Ұйымдастыру кезеңі

2 минут
  • Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
  • Құрал-жабдықтардың дайындығын тексеру.
  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру

6 минут

«Программалау тілі» тарауын қайталау:

  1. Сөздердің орнын табу.
  2. Берілген программадағы қатені табу.
  3. Берілген программаны толықтыру.
  4. Сөйлемді дұрыс құрастыру.

III. Проблемалық сұрақ

2 минут

Сұрақ: «Модель» деген сөзді естіп көрдік пе? Егер естіген болсақ, қайдан кездестірдік?

IV. Жаңа сабақты түсіндіру

10 минут

Компьютерлік модельдеу

Модель — нақты объектіні, процесті немесе құбылысты ықшам әрі шағын түрде бейнелеп көрсету.

Модельдеу — объектілерді, процестерді немесе құбылыстарды зерттеу мақсатында олардың модельдерін құру үдерісі.

Модель түрлері (қысқаша жіктеу)

  • Модельдер материалдық және ақпараттық болып бөлінеді.
  • Ақпараттық модель таңбалық және вербальдік болып бөлінеді.
  • Таңбалық модель компьютерлік және компьютерлік емес болып жіктеледі.

Демонстрация және түсіндіру

  • Берілген құралдармен материалдық модельдің үлгісін жасау.
  • SketchUp бағдарламасының интерфейсімен танысу (үшөлшемді модельдеу ортасы).

V. Тәжірибелік жұмыс

10 минут

SketchUp бағдарламасында үйдің 3D моделін құрастыру.

VI. Бекіту сұрақтары

4 минут
  1. Модель дегеніміз не?
  2. Модельдеу дегеніміз не?
  3. Модель неше түрге бөлінеді? Оларды атаңдар.
  4. Компьютерлік және компьютерлік емес модельдер қай модель түріне жатады?
  5. SketchUp-тағы Push/Pull батырмасының қызметі қандай?

VII. Үйге тапсырма

2 минут
  • Компьютерлік модельдеу тақырыбын оқу, қайталау.
  • Кез келген объектінің материалдық моделін құрастырып келу.

VIII. Бағалау

4 минут

Оқушылардың сабаққа қатысуы, сұрақтарға жауап беруі және практикалық жұмысты орындау сапасы бойынша бағалау жүргізіледі.