Дана ақын Абайдың өлеңдерін, қара сөздерін оқыту нақыл сөздерінің мағынасын ашу
Мақсаты
- Өлең сөздеріне мән беріп, мәнерлеп оқуға дағдыландыру.
- Өлеңнің идеялық мәнін түсініп, өзіндік талдау мен жинақтау жасауға сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; жеке және топтық жұмыстарда шапшаңдық пен тапқырлық танытуға, ойды көркем әдеби тілмен жеткізе білуге бағыттау.
- Дана ақын Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін оқыту, нақыл сөздерінің мағынасын ашу.
Көрнекілік
Портрет
Абайдың портреті.
Сызбалар
Өлеңдер мен тақырыптарды топтастыруға арналған сызбалар.
Венн диаграммасы
Абайдың қара сөздеріне жасалған Венн диаграммасы.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сабаққа дайындық, сыныптың назарын шоғырландыру.
Оқушыларға «карта-жоба» ұсынылады. Әртүрлі белгілерді салыстыру арқылы балалар оның сынып жобасы екенін аңғарады.
Қызыл нүкте, жұлдызша немесе өз қалауларынша салынған шартты белгі бойынша жасырылған заттың орнын тауып, алып келеді.
II. Қызығушылықты ояту
«Қазына іздеу» арқылы жаңа тақырыпқа жетелеу.
Табылған сандықша оқушылардың көзінше ашылады. Ішіндегі плакаттағы жазу оқылып, тақтаға ілінеді: «Оқы, шәкірт, дана Абайды».
Мұғалім сұрақ қояды: «Бағанадан бері сендер не іздедіңдер?»
Оқушылар жауабы: «Біз қазына іздедік, оны таптық.»
Бүгінгі «қазына» — ұлы Абай туралы жазылған «Оқы, шәкірт, дана Абайды» өлеңі.
Авторы: С. Тойлыбаев.
III. Жаңа тақырыпты меңгерту
Өлеңмен жұмыс, сұрақ-жауап, тақырыптық топтастыру.
1) Өлеңді мәнерлеп оқу
Оқушылар өлеңді кезекпен, дауыс ырғағын сақтай отырып оқиды.
2) Сұрақ-жауап
Сұрақ: «Ақын дана Абайды қандай сөздермен сипаттаған?»
3) Абай шығармаларын еске түсіру (сызба құрастыру)
Тақырыптық бағыттар
- Қара сөздер
- Жануарды сипаттау
- Ғылым-білімге шақыру
- Жыл мезгілдері
А) Оқу мен білімге шақырған өлеңдер:
- • «Ғылым таппай мақтанба»
- • «Әсемпаз болма әрнеге»
- • «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»
Ә) Жыл мезгілдеріне арналған өлеңдер:
- • «Қыс»
- • «Көктем»
- • «Жаз»
- • «Күз»
Б) Жануарды сипаттауға арналған өлең:
• «Аттың сыны»
4) Жатқа оқу (топтық жұмыс)
1-топ
Бір оқушы «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жатқа оқиды.
2-топ
Бір оқушы жыл мезгілдеріне арналған өлеңдерден үзінділер оқиды.
3-топ
Бір оқушы «Аттың сыны» өлеңін оқып береді.
IV. Сергіту сәті
Ән айту арқылы сергіп алу.
Орындау: «Көзімнің қарасы».
V. Ой толғау
Абай тұлғасын кеңінен тану және қара сөзбен жұмыс.
Сұрақ: «Абайдың ақындығымен қатар тағы қандай өнері болған?»
Жауап: Ол сазгер болған, сондай-ақ 45 қара сөз жазған.
Бүгін хрестоматия оқулығынан Абайдың Отыз бірінші сөзімен танысамыз. Бір оқушы мәтінді мәнерлеп оқиды.
Түйін ой: «Естіген нәрсені ұмытпасқа төрт түрлі себеп бар.»
Талқылау сұрағы
«Ой кеселдері» дегеніміз не?
Оқушылар пікірін тыңдап, ортақ ойды қалыптастыру.
Венн диаграммасы
Түйген ойды Венн диаграммасына түсіріп, ұқсастық пен айырмашылықты ажырату.
VI. Шығармашылық жұмыс
Оқушылардың тілдік қорын және қиялын дамыту.
Оқушылар Абай атамызға арнап өлең шығарады. Топ басшылары топ атынан жазылған өлеңдерді оқиды.
VII. Рефлексия
Сабақтан алған әсері мен түсінгенін қысқаша қорытындылау.
VIII. Үй тапсырмасы
- Өлеңді мәнерлеп оқу.
- Өлеңді жаттау.
IX. Бағалау
Топтық және жеке жұмыстағы белсенділігі, мәнерлеп оқуы, талдауы бойынша бағалау.