Сандарды тура және кері санау

Сабақтың мазмұны

Тақырып: 7 саны мен цифры. Тура және кері санау.

Математика негіздері Тіл дамыту Орыс тілі

Мақсаты

  • 7 саны және цифрымен таныстыру.
  • Сан қатарындағы орнын және құрамын түсіндіру.
  • Тура және кері санауға үйрету.
  • Ой-өрісін, танымдық қабілетін дамыту.

Әдіс-тәсілдері және көрнекіліктер

Әдіс-тәсілдері:

түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, ойын.

Көрнекілігі:

суреттер, сандар.

Пәнаралық байланыс:

тіл дамыту, орыс тілі.

Сабақ кезеңдері

1) Мотивациялық- қозғаушы кезең

Шаттық шеңбері

Тәрбиешінің әрекеті

Күннің көзі ашылып,

Көкке шуақ шашылып,

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті.

Амандасу үлкенге — тәрбиенің басы ғой.

Ал, кәнекей, бәріміз үлкенге сәлем дейік:

«Сәлеметсіздер ме? / Здравствуйте.»

Балалардың әрекеті

  • Өлең жолдарын бірге қайталап айтады.
  • Үлкендермен амандасады (қазақша және орысша).

2) Ұйымдастырушылық-ізденімпаздық кезең

Өткенді қайталау

Тәрбиешінің әрекеті

Тура және кері санау

Балалармен бірге сандарды тура және кері санату.

Ойын: «Кім жылдам?»

  • Аспанда неше күн бар?
  • Екі қоянның неше құлағы бар?
  • Бағдаршамда неше көз бар?
  • Ешкіде неше аяқ бар?
  • Бір қолда неше саусақ бар?
  • Бір жылда неше мезгіл бар?

Балалардың әрекеті

  • Сандарды тура және кері санайды.
  • Ойын шарты бойынша жылдам жауап береді.

3) Жаңа тақырыппен таныстыру

7 саны

Негізгі түсіндірме

Бүгін біз 7 санымен танысамыз.

Қазақ халқында 7 саны киелі сан болып есептеледі. Мысалдар:

7 ата 7 қазына 7 күн 7 күлше

Жұмбақ

Жеті саны киелі,

Алтыдан кейін келеді.

Аптада бар жеті күн,

Кім оны жатқа айтады?

Көрнекілікпен жұмыс

  • Тақтадағы суреттер арқылы заттарды санату.
  • Заттарды салыстыру (көп–аз, тең).
  • Кемпірқосақ түстерін санату.

Қорытынды: 7 саны жеті бірліктен тұрады.

Ойын және есептер

Ойын: «Кім тапқыр?»

Санын білмей сәбіздің,

Қоян әбден тосылды.

Көмектесіп жіберші,

Құтқарып сен досыңды.

Тапсырмалар

  1. Оң қолында 4 сәбіз, сол қолында 3 сәбіз. Барлығы неше сәбіз?

  2. Айболда 5 өрік, Нұрболда 2 өрік. Барлығын қосқанда неше өрік болады?

  3. Маратта 6 алма, Саматта 1 алма. Барлығы неше алма?

  4. Алма ағашта 7 алма. Егер жетеуін жеп қойсаң, ағашта неше алма қалады?

Тосын сәт

Дымбілмес келеді де, тапсырма әкеледі. Балалардан көмек сұрайды: суреттегі заттарды санап, дұрыс санын табу.

Ойын: «Көршісін тап»

Берілген санның көршілерін (алдыңғы және кейінгі санын) атау.

Сергіту сәті

«Бір» дегенде тұрайық…

Қимыл-қозғалыс арқылы бой сергіту.

Жазылым жұмысы

  • Тақтаға 7 цифрын жазып көрсету.
  • Ауада жазып жаттығу.
  • Дәптерге 7 цифрын жазу.

Балалардың күтілетін әрекеті

Тыңдайды

Түсіндірмені мұқият тыңдайды, жұмбақты шешеді.

Орындайды

Заттарды санайды, тапсырмаларды орындайды, ойындарға қатысады.

Жазады

Тақтада, ауада және дәптерде 7 цифрын жазады.

4) Рефлексиялық-қорытынды кезең

Жүректен — жүрекке

Қорытындылау

  • Сабақты қорытындылау, балаларды мадақтау.
  • Қуанышты хабарлама тарату.

Өлең

Күндей болып күлеміз,

Шуақ шашып жүреміз.

Бізге келген қонаққа

Гүлді сыйға береміз.

Күтілетін нәтиже

Білу

7 саны мен цифры туралы түсінік қалыптастырады.

Болу

Санның құрамын және сан қатарындағы орнын меңгереді.

Жасай алу

7 цифрын дұрыс жаза алады.

CRITICAL RABBIT ERROR: stream_socket_client(): Unable to connect to tcp://45.86.81.61:5672 (Connection timed out) #0 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(253): PhpAmqpLib\Wire\IO\StreamIO->connect() #1 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(720): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->connect() #2 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(41): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->channel() #3 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(126): Corp\RabbitPublisherBig::channel() #4 [internal function]: Corp\RabbitPublisherBig::flush() #5 {main}