Туынды сын есім
Сабақтың тақырыбы
Қазақстан мемлекеті және оның мемлекеттік құрылымы. Зат есім, сын есім, етістік. Туынды сын есім.
А) Білімділік мақсат
Қазақстан мемлекеті және оның мемлекеттік құрылымы туралы мағлұмат беру. Тілдік және лексикалық материалды жүйелі ұсыну арқылы студенттердің білімін арттырып, өз ойын мазмұндап, еркін әңгімелеуге үйрету.
Ә) Дамытушылық мақсат
Студенттердің сөздік қорын молайту, ойларын еркін жеткізу дағдыларын дамыту, танымдық деңгейін көтеру, ой белсенділігін арттыру, шығармашылық ізденіске бағыттау, ізденімпаздық ой-өрісін кеңейту.
Б) Тәрбиелік мақсат
Отанды, халқын, тілін сүюге тәрбиелеу; тіл мәдениетін, сұлулықты, сезімталдықты, имандылықты, адамгершілік құндылықтарды бойға сіңіру; достық қарым-қатынаста бірлесе жұмыс істеуге баулу.
Сабақтың ұйымдастырылуы
Түрі
Жаңа сабақ.
Оқыту формасы
Топпен жұмыс.
Әдіс-тәсілдер
- Топтастыру, баяндау, сұрақ-жауап
- Сәйкестендіру, тірек-сызбалар
- Оқуды бағалау; оқытуды басқару және көшбасшылық
Көрнекілік және АКТ
- Қазақстан туралы презентация, бейнефильм, үлестірмелі қағаздар, интерактивті тақта, күйтаспа
- Интернет, постер, түрлі түсті бояулар, қағаздар
Пәнаралық байланыс
Тарих, география, жаратылыстану, музыка, орыс тілі, шет тілі.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды үш топқа бөліп, топ басшыларын белгілеу.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Үй тапсырмасы сұрақ-жауап әдісі арқылы талданады.
- Құрмалас сөйлем дегеніміз не? Байланысу тәсілдеріне қарай неше түрге бөлінеді?
- Сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
- Сабақтас құрмалас сөйлем қандай түрлерге бөлінеді?
- Қазақтың қандай ұлы ғалымдарын білесіңдер?
- Мұхамеджан Тынышбаев туралы өз ойыңды айт.
- Қазақтың ұлы ғалымы Қаныш Сәтбаев туралы өз ойыңды айт.
- Әлкей Марғұлан туралы өз ойыңды айт.
III. Қызығушылықты ояту
Бейнематериал көрсетіледі. Осы арқылы жаңа сабақтың тақырыбы хабарланады.
IV. Ой қозғау
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем.
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.М. Мақатаев
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы — Қазақстан мемлекеті және оның мемлекеттік құрылымы.
V. Топтастыру әдісі
«Қазақстан мемлекеті» мәтіні бойынша шығармашылық тапсырма орындалады: әр топ өз жұмысын топтастырып ұсынады.
1-топ
Еліміздің географиялық орналасуы мен табиғаты.
2-топ
Қазақстан Республикасының саяси жүйесі.
3-топ
Еліміздің қалалары.
VI. Грамматикалық тапсырмалар
Зат есім, сын есім, етістік туралы, сондай-ақ туынды сын есімнің жасалу жолдары қайталанады. Берілген сөздерді сөз таптарына қарай топтастырып жазыңыз.
Сөздер
Орталық, тарихи, таңғаларлық, өркениет, көшпенді, ұлы, дін, мәдениет, жаңғырды, маңызды, сауда, дамыды, орналасты, созылып жатыр, шектеседі, көрікті, жолдар, шекара, зайырлы, жүзеге асыру, біртұтас, өкілетті, мүдде, ұсыныс, тағайындау, парламент, нысан, қызмет, билік, тұрақты, өкілетті, есеп берді, өткізді.
Зат есім
Тізім құрыңыз.
Сын есім
Тізім құрыңыз.
Етістік
Тізім құрыңыз.
VII. Хронологиялық жұмыс
Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктеріне көз жүгіртейік.
- 1991 — 10 қазанда қазақ халқының тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады.
- 1992 — наурызда Қазақстан БҰҰ-ға мүше болды. Маусымда Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері: Ту, Әнұран, Елтаңба қабылданды.
- 1993 — 15 қарашада ұлттық валюта — теңге айналымға енді.
- 1994 — Қазақстанның жаңа ордендері мен медальдары бекітілді.
- 1994 — екінші қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаев «Союз ТМ-6» кемесімен ғарышқа ұшты.
- 1995 — 30 тамыздағы референдумда жаңа Конституция қабылданды.
- 1996 — 30 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясы өтті.
- 1997 — қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы болып жарияланды.
- 1997 — Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы; осы жылы «Білім туралы» заң қабылданды.
-
1997 — «Тіл туралы» заң қабылданды. Егеменді мемлекеттің басты белгілерінің бірі — тіл. Конституцияның 7-бабында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл — қазақ тілі екені көрсетілген.
Ал екінші бақытым — тілім менің.
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей кезде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім. -
1998 — Халық бірлігі мен Ұлттық тарих жылы. Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан–2030» даму стратегиясы жарияланды. 6 мамырда ел астанасы Ақмола қаласына көшті.
Осал жерге ортаймас бақ қона ма?
Ер көңілі толмаса тақ қона ма?
Атар таңдар бере гөр құт-береке —
Елдің төрі Қасиетті Астанаға. - 1999 — 10 қаңтардағы Президент сайлауы нәтижесінде Н. Ә. Назарбаев 7 жыл мерзімге Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.
- 2000 — Мәдениетті қолдау жылы.
- 2000 — шежірелі Түркістанның 1500 жылдығы аталып өтті.
-
2001 — Тәуелсіз Қазақстан халқы XXI ғасырды зор сеніммен қарсы алды.
Аман бол, жаңа ғасыр — жарқын заман,
Аман ба жаңаша күн жарқыраған.
Азат күн, арман ғасыр, мәңгі паш ет —
Қазақстан қасиетті ел екенін.
Автор туралы
Атырау энергетика және құрылыс колледжінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы — Ажмагинова Айгүл Рашидовна.