Отынның энергиясы дегенді қалай түсінесің
Сабақ туралы жалпы ақпарат
Пән
Физика
Сабақтың тақырыбы
§11. Отынның энергиясы
Сілтеме
Жоспар
Пән мұғалімі
Бохан Силау
Сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтиже
Жалпы мақсат
- Отынның энергиясы туралы мағлұмат беру.
- Отынның энергиясы формуласын қолдана отырып, есеп шығаруға үйрету.
- Топта бағалай білуге баулу.
Күтілетін нәтиже
- Отынның энергиясы туралы негізгі түсініктерді меңгереді.
- Отынның энергиясы формуласын қолдана отырып, есептер шығара алады.
- Топта өзара бағалау жүргізе алады.
Негізгі идеялар
Энергия қайдан алынады?
Денені қыздыруға қажетті энергия отынды жаққанда бөлінеді. Күнделікті өмірде қолданылатын қарапайым отындардың (көмір, мұнай, бензин және т.б.) құрамында көміртек болады.
Жану процесі
Жану кезінде көміртек атомдары ауадағы оттек атомдарымен қосылып, көмірқышқыл газының молекулаларын түзеді. Осы реакция нәтижесінде мол энергия бөлінеді.
Негізгі шама
Массасы 1 кг отын толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін сипаттайтын физикалық шама отынның меншікті жану жылуы деп аталады.
Белгіленуі
q — отынның меншікті жану жылуы
Өлшем бірлігі
Дж/кг
Оқу әрекеттері мен тапсырмалар
Топтық жұмыс
Әдіс: Жигсо
- Берілген мәтінді оқиды.
- Топта талқылап, ортақ қорытынды жасайды.
- Бақылаушы бақылау парағын жүргізеді.
Жұптық жұмыс
Әдіс: Пилот – Штурман
Оқушылар жұпта есеп шығаруда рөлдерге бөлініп, біреуі бағыттайды, екіншісі орындау қадамдарын нақтылап отырады.
Жеке жұмыс
Негіз: Блум таксономиясы
Оқушы тақырыпты түсіну, қолдану, талдау деңгейлерінде қысқа тапсырмалар орындайды және өз нәтижесін бағалайды.
Сабақ барысы (мұғалім жазбалары)
I. Ұйымдастыру
2 минут
- 1 Сәлемдесу.
- 2 Сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.
- 3 Оқушыларды түгендеу.
Топқа бөлу
1, 2, 3 сандары арқылы 2 топқа бөлінеді.
II. Үй тапсырмасын тексеру
5 минут
«Сен маған, мен саған» тәсілі бойынша сұрақ-жауап жүргізіледі:
- Заттың меншікті жылу сыйымдылығы нені көрсетеді?
- Заттың меншікті жылу сыйымдылығының өлшем бірлігі қандай?
- Денені суытқанда жоғалтқан жылу мөлшерін қай формуламен есептеуге болады?
III. Талқылауға арналған сұрақтар
2 минут
- 1 Табиғатта отынның қандай түрлері кездеседі?
- 2 Отынның энергиясы дегенді қалай түсінесің?
- 3 Отынның меншікті жану жылуы дегеніміз не?
IV. Топтық жұмыс: Жигсо
15 минут
Рөлдер
Мұғалім топ ішінде 5 рөлді анықтайды: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы, бақылаушы.
- Берілген мәтінді оқып шығады.
- Топ болып талқылап, негізгі ойларды жүйелейді.
- Бақылаушы орындалған жұмысқа сәйкес бақылау парағын толтырады.