Ойынға қызығушылығын арттыру

Сабақтың сипаттамасы

Білім беру саласы

Таным

Оқу іс-әрекетінің түрі

Қарапайым математика

Мақсаты

  • 0–5 дейінгі сандарды тура және кері санау, жұбын табу дағдыларын қалыптастыру.
  • Апта күндерін, сондай-ақ «кеше», «бүгін», «ертең» сөздерін дұрыс қолдана білуге үйрету.
  • Логикалық ойлауын, қиялын дамыту; белсенділігін арттыру; суреттер арқылы айырмашылықты ажырату және сөз, сөйлем құрастыруға ынталандыру.
  • Ұқыптылыққа және жинақылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

Суреттер Сандар Пішіндер

Оқу іс-әрекетінің барысы

1) Амандасу

Балалар топқа келген қонақтармен амандасады:

«Сәлематсыздар ма, апайлар!»

2) Шаттық шеңбері

Шуақ шашар алтын таңда, Мөлдір таза ауада. Табиғатта бәрі оянады, Оян сен де, бар бала!

3) Әңгімелесу (табиғат және мезгіл)

Таңертең ұйқыдан тұрғанда ең алдымен нені көреміз?
Күнді көреміз.
Аяғымызбен нені басамыз?
Жерді басамыз.
Қазір жылдың қай мезгілі?
Қазір көктем мезгілі.
Көктемнің неше айы бар?
Үш айы бар: наурыз, сәуір, мамыр.

4) Апта күндері

Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі — бұлар апта күндері.

Аптаның қай күндері демаламыз?

Сенбі және жексенбі күндері.

Тірек сөздер

Кеше · Бүгін · Ертең

5) «Сандар қалашығы» (ретімен орналастыру)

Ерте, ерте ертеде сандар қалашығы болыпты. Онда сандар тату-тәтті өмір сүріпті. Бір күні қатты жел тұрып, дауыл соғып, сандардың орны ауысып кетеді. Балалар сандарды қайтадан ретімен қойып, көмектеседі.

Сандарды ретімен қою

0 1 2 3 4 5

6) Пішіндер мен салыстыру тапсырмасы

Қалашықта қанша үй бар?

Екі үй бар.

Олар қандай?

Біреуі биік, біреуі аласа; түстері бірдей.

Үйлер қандай пішіндерден жасалған?

Үшбұрыш Төртбұрыш Шаршы Дөңгелек

Көліктерді санау және қозғалысын ажырату

Суретке қарап, қайсысы жүреді, қайсысы жүзеді, қайсысы ұшады — ажырату.

7) Санамақ

Бір дегенім — білім, Білімсіз жоқ күнің. Екі дегенім — елім, Асқар тауым, көлім. Үш дегенім — үміт, Үміт артқан — жігіт. Төрт дегенім — төзім, Төзе білем өзім. Бес дегенім — бесік, Шықтық содан өсіп.

8) «Ойлан, тап!» (айырмашылықты табу)

Суретке қарап, айырмашылықтарды табайық:

  • Екі паровозды салыстыру.
  • Екі баланы салыстыру.
  • Ұғымдар: ішінде/сыртында, ұзын/қысқа, оң қол/сол қол.

9) «Сөз ойла, тез ойла!» (сөйлем құрау)

Суреттегі заттардың атын атап, сол сөздермен сөйлем құраймыз.

10) Қимылды ойын: «Жер, су, ауа»

Мақсаты

Қолды жоғары, алға, жанға көтеру және түсіру қимылдарын орындату.

Нәтиже

Ойынға қызығушылығын арттыру, белсенді қатысу.

11) Логикалық сұрақтар

Түлкі қу, ал қоян — қорқақ.

Тұз ащы, ал шекер — тәтті.

Піл үлкен, ал тышқан — кішкентай.

Бағдаршамның үш көзі бар: қызыл, жасыл, сары.

Ара, шыбын — жәндік, ал қасқыр, түлкі — жабайы аң.

Жолбарыс, арыстан — олар да жабайы аң.

Қошақан деп — қозыны айтамыз. Ол қой жануарының төлі.

Уақыт ұғымдары

Аружан балабақшаға кеше келді.

Дүйсенбі — кеше, сейсенбі — бүгін, сәрсенбі — ертең.

12) Қоштасу шеңбері

Күн, сәуле шашқаның үшін рақмет!

Таза ауа, күш-қуат бергенің үшін рақмет!

Қонақтар, сабағымызға келгендеріңіз үшін және мұқият тыңдағандарыңыз үшін рақмет!

Күтілетін нәтижелер

Білу

Сандарды тура және кері санауды, логикалық сұрақтарға жауап беруді біледі.

Игеру

Суретке қарап сөз және сөйлем құрауды игереді.

Меңгеру

Ойланып жауап беруді және ойындарға қызығушылықпен қатысуды меңгереді.