Тамырлар жүйесінің орталығы жүрек
Қалыпты анатомия және физиология пәнінен ашық сайыс-сабақ
Тақырыбы: Жүрек-қантамыр жүйесі
Тақырыптың маңыздылығы
Қанайналым жүйесінің негізгі маңызы — мүшелер мен тіндерді қанмен қамтамасыз ету. Тамырлар жүйесінің орталығы — жүрек. Жүрек пен қан тамырларының бірлескен қызметі нәтижесінде мүшелер мен тіндер олардың нақты физиологиялық жағдайына қажет мөлшерде қанмен қамтамасыз етіледі.
Негізгі акцент
- Жүрек — қанайналым жүйесінің «сорғысы» және реттелетін орталық буыны.
- Қан тамырлары — тасымалдау, тарату және кері қайтару арнасы.
- Жүйенің үйлесімді жұмысы — ағзаның оттегімен, қоректік заттармен қамтамасыз етілуінің негізі.
Сайыстың мақсаты мен міндеттері
«Жүрек-қантамыр жүйесі» тарауын сайыс форматында өткізу арқылы оқушыларды жүректің құрылысы, маңызы және қызметі туралы білімін тереңдетуге үйрету; жүректің орналасу орны мен ірі қан тамырларының латынша атауларын меңгерту; пәнге қызығушылық пен оқу ынтасын арттыру.
Білімділік
«Жүрек-қантамыр жүйесі» тарауы бойынша білімді қорытындылау және бағалау.
Дамытушылық
Сайыс арқылы ұйымдастырушылық қабілетті, ой-өрісті және талдау дағдысын нығайту.
Тәжірибелік
Жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыру.
Сайыс нәтижесі
Білім деңгейін әділ бағалау, белсенді оқушыларды ынталандыру және командалық жұмысты күшейту.
Пәнішілік және пәнаралық байланыс
Пәнішілік байланыс
- Жүрек жұмысының сыртқы көрінісі.
- Биотоктар: заңдылықтары және ырғақтары.
- Қанайналым жүйесі; жүрек жұмысының жүйкелік және гуморальдық реттелуі.
Пәнаралық байланыс
- Мейіргер ісінің негіздері: функционалдық жағдайды бағалау.
- Терапия: жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары.
- Латын тілі: латын терминологиясы.
Қолданылған әдебиеттер
- А. Қ. Сәтпаева — Адам физиологиясы
- С. А. Георгиева — Физиология
- Г. И. Косицкий — Руководство к практическим занятиям по физиологии
- А. Рақышев — Адам анатомиясы
- Ж. К. Ермахан — Тәнтану
- М. Дайырбекова — Адам анатомиясы
Сабақтың (сайыстың) барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
2 минут- Оқытушылар аудиторияның сайысқа дайындығын тексереді.
- Сайыстың маңызын түсіндіріп, өткізу тәртібін және топшаларды таныстырады.
- Топшалардың деңгейі бақылау парағына белгіленеді.
Әділқазылар алқасы
- Әдіскер: Ахметова С. Ж.
- ЦӘК меңгерушісі: Жайлығұлова Б. Ж.
- Оқытушы: Бурхард А. А.
II. Таныстыру
3 минутӘр топша өзін таныстырып, эмблемасын және ұранын айтады.
I топша
«ЭКГ»
II топша
«Жүрек»
III. «Біліміңді көрсет»
7 минутЭкрандағы сандарды таңдау арқылы сұрақ ашылады. Әр топша қоңырау арқылы жауап береді.
Сұрақ №1
20 балл- Жүрек бөлімдері (латынша атауы)?
- Қанайналым жүйесі қандай бөлімдерден тұрады?
Сұрақ №2
20 балл- Жүректің латынша атауы және орналасу орны?
- Жүректің өткізгіш жүйесінің бөлімдерін атаңыз.
Сұрақ №3
40 балл- Жүрекше мен қарынша арасындағы қақпақшалар және олардың маңызы.
- Жүрек циклының фазаларын атаңыз.
Сұрақ №4
40 балл- Жүрек қабырғасының құрылысы.
- Экстрасистола дегеніміз не? Түрлері қандай?
Сұрақ №5
60 балл- Кіші қанайналым шеңберінің артериялары мен веналары.
- Жүрек тондарын атаңыз және олардың пайда болуын түсіндіріңіз.
Сұрақ №6
60 балл- Үлкен қанайналым шеңберінің артериялары.
- Жүрек автоматизмі дегеніміз не?
IV. «Үнсіз суреттер»
10 минутЭкранда көрсетілген суретті бірінші болып тапқан топша қоңырау арқылы белгі беріп жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 2 балл беріледі.
Суреттер тізімі
1–10 (оқытушы алдын ала дайындайды)
V. Топ басшыларының пікірсайысы
8 минутТалқылау тезисі
«Қай жерің ауырса да, салмақ жүрекке түседі».
Сұрақ
Неге?
Бағалау: ойды талдау деңгейіне қарай 1–5 балл.
VI. «Тәжірибеңді таныт!»
15 минутБұл кезеңде оқушылардың ептілігі мен шапшаңдығы бағаланады: тыныштық жағдайында және жүктемеден кейін.
I топша
Қан қысымын өлшеу
II топша
Тамыр соғысын (пульсті) өлшеу
Бағалау: орындау сапасына қарай 1–5 балл.
VII. Блиц-сұрақтар
5 минутӘр топқа алдын ала дайындалған сұрақтар беріледі. Әр дұрыс жауапқа 1 балл.
I топша (ЭКГ)
- Тамырлар жүйесін зерттейтін сала қалай аталады?
- Үлкен қанайналым шеңбері қайдан басталады?
- Қызметіне қарай тамырлардың түрлері қандай?
- I тон қандай және қай кезде естіледі?
- Жүрек циклының ұзақтығы қанша?
II топша (Жүрек)
- Кіші қанайналым шеңбері қайдан басталады?
- Тамырлар жүйесінің орталығы қандай мүше?
- ЭКГ интервалдарын атаңыз.
- Жүрек қақпақшаларын атаңыз.
- Жүрек қызметі қандай механизмдермен реттеледі?
VIII. Көрермендер үлесі
6 минутКөрермендер алдын ала берілген есептерді шығарады. Дұрыс жауап берген жанкүйер өз ұпайын қалаған топшаға қосады (1–5 балл).
Есеп 1
Қара жұмыс кезінде дене бұлшықеттеріне түсетін күш артады, оларға қажет қан мөлшері көбейеді. Осыған байланысты жүрек соғысы жиілеп, жиырылу күші күшейеді.
Сұрақ
Бұл қандай реттелу түрі?
Есеп 2
Э. және Г. Веберлер үй қоянының мойнындағы кезеген жүйкені кесіп, оның ұшын электр тогымен тітіркендірген. Осы кезде жүрек соғуы сиреп, жиырылу күші әлсіреген. Жүйкені ұзақ әрі күшті тітіркендіргенде жүрек диастола кезінде тоқтап қалатыны байқалған.
Сұрақ
Бұл қай жүйкенің әсері? Оның әсерінен жүректің автоматиялық қасиеті қалай өзгереді? Қандай әсерлер байқалады?
Есептердің жауаптары
Жауап 1
Жүрек қызметі орталық жүйке жүйесі және қандағы химиялық факторлар (гуморальдық) арқылы реттеледі. Орталықтың қатысуымен жүретін рефлекстік және қан арқылы реттелу — экстракардиалдық, яғни жүректен тыс реттелу болып саналады.
Жауап 2
Бұл — кезеген жүйкенің әсері. Ол жүрек қызметін тежейді: жүректің автоматиялық қасиеті төмендеп, соғу жиілігі сирейді. Әсерлері: теріс хронотроптық, теріс инотроптық, теріс дромотроптық, теріс тонотроптық.
IX. Сайысты қорытындылау
5 минут- Оқушылардың дайындығы мен сайыс барысы бағаланып, қорытынды жасалады.
- Белсенді қатысқан оқушылар ерекше атап өтіледі.
- Екі топшаға да алғыс білдіріліп, марапаттау жүргізіледі.