Кім жайында тапсырмасы
Сабақ туралы жалпы мәлімет
- Сабақтың тақырыбы
- Қазақ хандары мен билері
- Сабақтың түрі
- Аралас
- Сабақтың әдістері
- Сұрақ-жауап, әңгіме, постер қорғау және т.б.
- Пәнаралық байланыс
- География, әдебиет
- Көрнекілік
- Хандар мен батырлардың суреттері, Қазақстан картасы
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларға қазақтың атақты хандары мен аузы дуалы билері туралы түсінік беру.
Дамытушылық
Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, тіл байлығын дамыту және пәнге қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік
Ата-баба тарихын таныта отырып, Отанға деген ықылас пен жауапкершілікті күшейту, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Амандасу, түгендеу.
- Оқушылардың бір-біріне жылы лебіз білдіруі.
II. Үй тапсырмасын сұрау
Үй тапсырмасы «Баскетбол» ойыны арқылы сұралады. Дұрыс жауаптар жетондармен бағаланады.
Бағалау тәсілі
Әр дұрыс жауапқа жетон беріледі.
- Этнос дегеніміз не?
- Қазақ халқы түпкілікті қашан қалыптасты?
- Қазақ хандығы қашан құрылды?
- Қазақтың алғашқы хандары кімдер?
- Ең жоғарғы билеуші кім?
- Әбілқайыр кім?
- Моғолстан ханы кім?
- Қасым хан кім?
- Керей мен Жәнібек кімдер?
- Алаша хан кім?
- Керей мен Жәнібектің көшіп кету себебін түсіндіріңдер.
- Есен-Бұға қай жерден жер берді және неге?
- Көшіп кетудің қазақ халқы үшін маңызы неде?
- Қазақ хандығы құрылғанға дейін қазақ халқы қандай оқиғаларды бастан өткерді?
- Үш жүздің аумағын картадан көрсетіңдер.
III. Үй тапсырмасын қорыту
Сұрақ: Әбілқайыр ханның қатыгездігі неге алып келді?
Жауап: Қазақ хандығының құрылуына алып келді. Тәуелсіздік үшін күрес кейін де жалғасты, бұл тақырыптар алдағы сыныптарда жалғасып оқытылады.
Бүгінгі сабақтың мазмұнын ашу үшін экраннан атақты қазақ хандары мен билерінің суреттері көрсетіледі. Оқушылар көргендері туралы қысқаша әңгімелейді, кейін жетон санына қарай топқа бөлінеді.
IV. Жаңа тақырып
Бейнематериал
«№25. Қазақ хандығының тарихы» атты видеоны тамашалау.
№1 тапсырма
Мәтінді оқу және постер арқылы қорғау.
Топтық тапсырмалар
- 1-топ: Хан және Жошы хан туралы.
- 2-топ: Қазақ хандары және Тәуке хан туралы.
- 3-топ: Тәукенің «Жеті жарғы» заңдар жинағы туралы.
- 4-топ: Қазақ билері туралы.
Сергіту сәті
«Көңілді күн»
Ескерту
Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы назарды қайта шоғырландыру.
V. Жаңа тақырыпты бекіту
№2 тапсырма
Қосымша материалдар бойынша әр топ өз жұмысын ауызша қорғайды.
Қарастырылатын бағыттар
- Қазақ ордасындағы хан сайлау дәстүрі
- Тәуке хан
- «Жеті жарғы» ережелері
- Қазақ билері
Барлық топтарға ортақ тапсырма
«Үш бидің әңгімесі» мәтінін оқып, мәтінде қай жүз және қай би туралы айтылғанын анықтаңдар.
Нәтиже
Оқушылар дәлел келтіріп, таңдаған жауаптарын негіздейді.
«Үш бидің әңгімесі»
Ертеде Ұлы жүздің бір жесірін Кіші жүздің бір жігіті алып қашып, содан барымталасып, ел арасы ығыр болыпты. Осы дауды шешу үшін үш жүздің белгілі билері бас қосады.
Сонда _____ жүздің биі _______ тұрып: «Мен ағаның баласымын, жасым үлкен, билікті мен айтамын», — дейді.
Сол кезде келесі _____ жүздің биі _______ тұрып: «Мен атаның қара шаңырағындағы кенжесімін, жасым кіші болғанымен жолым үлкен, төбе билік менікі», — дейді.
Осы кезде келесі _____ жүздің биі _______ күледі. «Жылағанды сұрама — мұңы бар, күлгенді сұра — сыры бар» деуші еді, неге күлдің? — дейді _____ мен _____.
— Сендер атадан туыстықты білесіңдер де, оның өсиетін білмейді екенсіңдер, — дейді _____. — Аталарың _____ қолына қауға беріп, малға қой, _____ қолына найза беріп, жауға қой, _____ қолына қамшы беріп, дауға қой дегені қайда?!
— Сүрінсем, сүйер алдымда ағам, артымда інім бар. Төбе билік жөнімен менікі емес пе? Бұл сөзге екі жағы да тоқтап, төбе билікті _____ береді.
Сонда _____ шешен былай деп төрелік айтады: — Уа, _____! Сен атадан үлкен туғансың, ініңнің бір еркелігін көтермей, жылқысын неге қуады? Уа, жарқыным, _____! Сен қара шаңырақта қалған еркесің, ағаңның көзі тірісінде жеңгеңді неге ертесің? Сен, _____, жесірді қайыр! Сен, _____, жылқыны қайыр! — деп дауды шешкен екен.
Бағалау және үй тапсырмасы
Оқушыларды бағалау
Жетон саны мен топтық жұмысты қорғау сапасына қарай бағаланады.
Үйге тапсырма
§ 13. «Қазақ хандары мен билері» тақырыбын оқу. Тақырып соңындағы тапсырмаларды орындау.