Төрт түлік малдың пайдасы қасиеттерін ертегі арқылы ұғындыру

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

ОҚО, Сарыағаш ауданы, Ұшқын ауылы, №127 Т. Бердияров атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Раева Бибігүл Закировна ұсынған сабақ жоспары төрт түлік туралы білімді жүйелеуге және оқушылардың тілдік, логикалық ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған.

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың алған білімдерін түсіндіріп, нақтылау және жануарлар туралы түсінігін кеңейту.

Сабақтың форматы

Түрі:
Аралас сабақ
Әдістері:
Түсіндіру, көрнекілікпен жұмыс, іздену, сұрақ-жауап
Көрнекілігі:
Жануарлар суреті, мүсіні, карта
Пәнаралық байланыс:
Ана тілі, математика, бейнелеу өнері

Білімділік

Оқушы білімін тексеру, тапсырмалар арқылы жануарлар туралы кеңірек ұғым қалыптастыру және төрт түліктің пайдасын ертегі арқылы ұғындыру.

Дамытушылық

Жұмбақ, жаңылтпаш арқылы сөздік қорын байытып, қиялын, қызығушылығын, ой өрісін дамыту.

Тәрбиелік

Жануарлар мен құстарды қорғауға, оларға қамқорлық жасауға, табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Сабақ барысы

I

Ұйымдастыру кезеңі

«Жыл басына таласқан жануарлар» ертегісі қуыршақ театры арқылы сахналанады. Оқушылар ертегіден аңдар мен үй жануарларын бөліп жазады.

Аңдар

  • Барыс
  • Қоян
  • Мешін
  • Доңыз

Үй жануарлары

  • Сиыр
  • Жылқы
  • Қой
  • Ит
II

Үй тапсырмасын қорытындылау

Сұрақ-жауап арқылы өткен тақырып қайталанады.

Сұрақ Жауап
Аңдар қайда өмір сүреді? Орманда, тауда, далада.
Аңдарды қорғайтын кітап қалай аталады? Қызыл кітап.
III

Жаңа сабақ: жарыс сабақ

Сынып парта арқылы үш топқа бөлінеді: «Бақташылар», «Түйешілер», «Қойшылар». Әр топқа бір малдың төрт бөлікке бөлінген бейнесі беріліп, оны құрастыру тапсырылады.

Қазақ халқы ежелден мал шаруашылығымен айналысқан. Төрт түлікке жылқы, түйе, қой, сиыр, ешкі жатады. Олардың пайдасы көп: мінсе — көлік, тұтынса — тұрмысқа қажетті бұйым. Мал қолға бағылады, төлін сүтпен қоректендіреді.

1-тапсырма: мақал-мәтелдің жалғасын табу

  1. 1 Малды бақсаң, сиыр бақ, сүт кетпейді шарадан.
  2. 2 Түйе бойына сеніп, жылдан құр қалыпты.
  3. 3 Қойшы көп болса, қой арам өледі.

2-тапсырма: жаңылтпаш

Жаңылтпашты дұрыс әрі жылдам айту:

Қойымыз семіз,
Қозымыз егіз.
Өзіңіз келіп,
Көрсеңіз дейміз.

Сергіту сәті

Тауға шықсаң қалың қар,
Сайға түссең қалың қар.
Байқаңдар қар астында,
Ұйықтап жатқан аю бар.

3-тапсырма: жұмбақ шешу

  • Екі айнасы бар,
    Екі найзасы бар.
    Сыртылдаған тұяғы бар,
    Бір желпуіш сиқы бар.

    Жауабы: сиыр

  • Кішкентай ғана бойы бар,
    Айналдырып киген тоны бар.

    Жауабы: қошақан

  • Кезекті бір жануар,
    Үстінде екі тауы бар.

    Жауабы: түйе

4-тапсырма: сипап сезу арқылы анықтау

Оқушылар көзін жұмып, сипап сезу арқылы қай жануардың мүсіні екенін табады.

IV

Дәптермен жұмыс

Төрт түлік атауларын және олардың төлдерін жазу:

Түйе — бота

Жылқы — құлын

Қой — қозы

Сиыр — бұзау

Ешкі — лақ

Біздің өлкеде үй жануарларын өсіруге қажетті жағдайлар бар. Мал шаруашылығымен айналысатын облыстардың ішінде бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан облысы алда келеді.

V

Картамен жұмыс

Картадан мал шаруашылығы тараған өңірлерді көрсету: Петропавл, Павлодар, Ақмола, т.б.

VI

Қорытындылау

Бүгін біз төрт түлік туралы білімімізді толықтырдық. Қорытынды ретінде төмендегі сұрақтарға жауап беріледі:

  • Төрт түлікке қандай малдар жатады?
  • Олардың пайдасы туралы не білдік?
  • Олардың төлдерін қалай атаймыз?
VII

Бағалау

Оқушылар жинаған балдарына қарай мадақтау арқылы бағаланады.