Трапецияның ауданы

Сабақ туралы мәлімет

Пән мұғалімі

Искахов П. С.

Сабақтың тақырыбы

Трапецияның ауданы

Сабақтың типі

Жаңа білімді меңгерту

Оқыту әдістері

Түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Трапецияның ауданы туралы алған білімді тиянақтау, трапецияның ауданын табу формулаларын есептер шығару арқылы бекіту.

Дамытушылық

Есеп шығару барысында ережелерді дұрыс қолдана отырып, есте сақтау, логикалық ойлау және талдау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік

Ойды жинақтап, толық жеткізе білуге, ұқыптылыққа және нақтылыққа тәрбиелеу, шығармашылық қабілеттерді жетілдіру.

«Кім білгір?» — сұрақ-жауап

Төмендегі қысқа сұрақтар трапецияның негізгі ұғымдарын қайталауға көмектеседі.

1) Трапеция дегеніміз не?

Екі қабырғасы ғана параллель болатын дөңес төртбұрыш трапеция деп аталады.

2) Трапецияның табаны дегеніміз не?

Трапецияның параллель қабырғалары оның табандары деп аталады.

3) Трапецияның биіктігі дегеніміз не?

Трапецияның төбесінен табанына түсірілген перпендикуляр кесінді трапецияның биіктігі деп аталады.

4) Трапецияның орта сызығы дегеніміз не?

Трапецияның бүйір қабырғаларының орталарын қосатын кесінді трапецияның орта сызығы деп аталады.

5) Трапецияның қандай түрлерін білесіңдер?

Тең бүйірлі трапеция және тікбұрышты трапеция.

Жаңа тақырып: трапецияның ауданы

Теорема

Трапецияның ауданы оның табандарының қосындысының жартысы мен биіктігінің көбейтіндісіне тең.

Формула

S = ((a + b) / 2) · h

  • a, b — табандар
  • h — биіктік
  • S — аудан