Сөз мағыналарын зерттейтін қазақ тілі саласы

Интеллектуалдық ойын-сабақ 5 тур 2 команда 7 оқушыдан

Сайыс сабағы: «Біз білімділерді іздейміз!»

Бұл сайыс сабағы оқушылардың білімге құштарлығын арттырып, туған тілге, ұлтқа, елге деген сүйіспеншілігін күшейтуге бағытталған. Сонымен бірге қазақ тілінің мәртебесін көтеруге үлес қосқан аға буын өкілдерінің еңбектерін оқып-үйренуге ынталандырып, оқушыларды тез ойланып, жауапты жүйелі әрі нақты айтуға, көпшілік алдында еркін сөйлеуге баулиды.

Сайыстың мақсаты

  • Білімге, туған тілге, ұлтқа және Отанға сүйіспеншілікті қалыптастыру.
  • Қазақ тілінің тұғырына негіз қалаған тұлғалардың мұрасын таныту.
  • Ойлау жылдамдығын, жүйелі жауап беруді және көпшілік алдында сөйлеу мәдениетін дамыту.

Көрнекіліктер

  • Ақын-жазушылардың білім туралы қанатты сөздері.
  • Өлең шумақтары мен нақыл сөздер.
  • Интерактивті тақта.

Кіріспе сөз (мазмұны)

Әр адамның қасиеті мен мәдениеті өз халқын, өз атамекенін шынайы сүюімен және ана тілін қаншалықты меңгергенімен өлшенеді. Ана сүтін ақтап өскен жан қашан да отаншыл, ұлтжанды болмақ. Әркім өз анасына, өз ұлтына, өз Отанына деген құрметті өмірлік ұстанымға айналдыруы керек.

Білікті білім жинап кәсіп етер,

Білімнің дәмін татып, өсіп өнер.

Білдірер білім елге білім сырын,

Біліксіз білімді аттап, бөсіп өтер.

А. Йүгінеки

Білімділер көтереді иықты,

Білімсіздер бықсыған от сияқты.

Ж. Баласағұн

«Біз білімділерді іздейміз!» атты сайысымызды бастаймыз. Сайысқа әр командадан 7 оқушы қатысады, сайыс 5 турдан тұрады. Әділ бағалауды қазылар алқасы жүргізеді.

Қатысушы командалар

Командалар өз атауы мен ұранын таныстырады. Сайыс барысында тапқырлық, білім және сөйлеу мәдениеті бағаланады.

7 «А» сынып

«Дарын» тобы

Команда

7 «Б» сынып

«Білімділер» тобы

Команда

Әрқашан да білім көптік етпеген,

Талапсыз жан мұратына жетпеген.

Сәлем бердік ұландарға, талапкер,

Дос көңілмен, адал, аппақ ниетпен.

Сайыстың барысы

I тур — «Дода»

10 ұпай

Бұл кезеңде 10 ұяшық беріледі. Әр сынып кезекпен ұяшық таңдап, жасырынған сұраққа жауап береді.

  1. 1) Алматы қаласындағы Тәуелсіздік монументін орнату туралы қаулы қай жылы қабылданды?

    Жауабы: 1995 жыл, 13 шілде.

  2. 2) Елімізде өткен Саммитке қанша ел қатысты?

    Жауабы: 56 ел.

  3. 3) Алматыдағы «Алтын адамның» төрт жағында орнатылған төрт мүсін қандай?

    Жауабы: Абыз (ақыл-ой иесі), Жер-ана, тайға мінген қыз бала, ер бала.

  4. 4) Елтаңбаның авторлары кімдер?

    Жауабы: Жандарбек Мәлібеков, Шота Уәлиханов.

  5. 5) «Ат жүйрігі айырады…» — жалғасын тап.

    Жауабы: «Тіл жүйрігі қайырады».

  6. 6) 8-сыныптың қазақ тілі оқулығының авторлары кім?

    Жауабы: С. Аманжолов, А. Аманжолов, Г. Қосымова.

  7. 7) ҚР Конституциясы қанша бөлім, қанша баптан тұрады?

    Жауабы: 9 бөлім, 98 бап.

  8. 8) Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы қашан қабылданды?

    Жауабы: 1989 жыл, 22 қыркүйек.

  9. 9) «Мәтін» сөзі қандай мағынаны білдіреді?

    Жауабы: байланысу, бірігу.

  10. 10) Орфография мен орфоэпия дегеніміз не?

    Жауабы: дұрыс жазу, дұрыс сөйлеу.

II тур — «Бойыңда білімің бар екен, сынға түс…»

Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша 25 сұрақ қойылады. Қай топ жауабын білсе, қол көтеріп жауап береді. Бір сұраққа екі жауап берілген жағдайда екінші жауап қабылданбайды.

Сұрақ Жауап
1 Тіл дыбыстарын зерттейтін сала қалай аталады? Фонетика.
2 «Арыстанмын, айбатыма кім шыдар…» — бұл үзінді қай шығарма, авторы кім? «Мен кім?» өлеңі, Мағжан Жұмабаев.
3 Тұйық етістіктің жұрнағын ата. -у.
4 Сөз тіркесінің байланысу түрлері нешеге бөлінеді? 5: қиысу, матасу, меңгеру, қабысу, жанасу.
5 Өлеңнің құрылысы нелерден тұрады? Буын, бунақ, тармақ, шумақ, ұйқас, ырғақ.
6 Өткен шақ нешеге бөлінеді? 3: жедел, бұрынғы, ауыспалы өткен шақ.
7 Көсемшенің жұрнақтарын ата. -ып, -іп, -п, -а, -е, -й, -ғалы, -гелі, -қалы, -келі.
8 Синтаксис нені зерттейді? Сөз тіркесі мен сөйлемді, сөйлем мүшелерін зерттейді.
9 Шартты рай қалай жасалады? -са, -се.
10 «Көшкен ауылды іздеп табалық» сөйлеміндегі есімшені тауып, қызметін анықта. Есімше: көшкен. Анықтауыш қызметін атқарады (зат есіммен тіркесіп тұр).
11 Тұйық етістік септеліп және шылаулармен тіркесіп келгенде сөйлемде қандай қызмет атқарады? Пысықтауыш (мысалы: «Оқу үшін осында келді»).
12 Сөздердің байланысу тәсілдері нешеу? 4: жалғаулар арқылы, шылаулар арқылы, орын тәртібі арқылы, интонация арқылы.
13 Сөз тіркесі дегеніміз не? Кемінде екі толық мағыналы сөздің сабақтаса байланысқан тізбегі.
14 Ұзатылып бара жатқан қыздың туған елімен қоштасу жыры қалай аталады? Сыңсу.
15 Абай Құнанбайұлының поэмаларын ата. «Масғұт», «Ескендір», «Әзімнің әңгімесі».
16 Абай мен Шәкәрімнің туыстығы қандай? Немере (Шәкәрім — Құнанбайдың немересі, Абайдың немере інісі).
17 Алып Ер Тұңғаның неше баласы бар? Аттарын ата. 4: Барысхан, Қарахан, Шиде, Алақ.
18 Сақтардың әліпбиі неше әріптен тұрған? 26 әріп.
19 Орхон ескерткіштері жазуларының негізгі мақсаты қандай? Ел тәуелсіздігін аңсау, батырлар мен көсемдерді дәріптеу.
20 Жосалы станциясынан 18 шақырым жердегі Қорқыт күмбезі қай жылы орнатылды? 1980 жыл.
21 «Қорқыт кітабын» аударған ғалымдарды ата. Ә. Қоңыратбаев, М. Байділдаев, Б. Ысқақов, Ш. Ыбыраев.
22 Лирика дегеніміз не? Ақынның сезімі мен көңіл күйін, ішкі толғанысын, өмірге көзқарасын сыр етіп шертетін өлең түрі.
23 «Даудың басы — Дайрабайдың көк сиыры» кімнің шығармасы? Б. Майлин.
24 «Биті торғайдай, мойыны ырғайдай» тұрақты тіркесі қандай мағынаны білдіреді? Арық.
25 Сөз мағыналарын зерттейтін қазақ тілі саласы. Лексика.

III тур — Ой толғау

10 ұпай

Тақырып: «Тәуелсіз Қазақстан: бейбітшілік пен келісім және жасампаздықтың 20 жылы». Әр топтан бір оқушы шығып, 2–3 минут көлемінде өз ойын ортаға салады.

IV тур — Басқатырғыш кезеңі

5 ұпай

Адасқан сөздерді дұрыс реттеп, өлең немесе нақыл сөз құрастыру. Жылдам әрі дұрыс құрастырған топ жоғары ұпай алады.

Берілген нұсқа (аралас)

Өлеңді ермек жазбаймын мен үшін
Үшін жоқ барды термек ертегіні
Көкірегі орамды сезімді тілі
Бермек үшін жаздым жастарға үлгі

Дұрыс нұсқасы

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.
Көкірегі сезімді, тілі орамды,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.

V тур — Капитандар сайысы

10 ұпай

Тақырып: «Мен — Ұлы Абайдың ұрпағымын». Әр топтың капитаны Абай образын сомдап, өз шеберлігі мен шығармашылығын көрсетеді.

Қорытындылау және марапаттау

Түсесіңдер білімнің жарысына,

Жеңсеңдер қол соғамыз табысыңа.

Талапкердің талабы таудай болар,

Аямас тілек етсең намысыңа.

Сайыс соңында қазылар алқасына сөз беріледі. Нәтижелер жарияланып, қатысушылар марапатталады.