Жас ұландар

Көкпар білім сайысы

Мақсаты

  • Оқушылардың білім деңгейін көтеру.
  • Алған білімдерінің тиянақтылығын тексеру.
  • Пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Қош келдіңіздер

Армысыздар, құрметті ұстаздар, қымбатты оқушылар! «Көкпар» білім сайысын бастауға рұқсат етіңіздер. Сайыс көңілдеріңізден шығып, қуаныш сыйласа, жарқын бастамаға ұйытқы болған біздер де қуанамыз.

Сайысқа 2 топ қатысады: бұл топтар өз білімдерін ортаға салып, тапқырлығы мен бойындағы қабілеттерін көрсетеді. Топ мүшелері 1–4 сынып оқушыларынан құралған.

1-топ: Жас ұландар

Ұландармыз белді мықтап байлаған,
Жарысқа келдік алған беттен таймаған.
Тәуелсіз ел — біз ұрпағы бұл елдің,
Жеңіс үшін ешқашан да тоймаған.

2-топ: Жас қырандар

Біз қырандар алысқа қарай самғаған,
Жарысқа келдік — жүлде емес, бар арман.
Абай, Мұхтар, Шәкәрімдер — тегіміз,
Жеңіспенен қайтамыз біз, сеніңіз.

Мемлекетіміздің ертеңі — сендерсіңдер. Біздің міндетіміз — сапалы, білімді жастарды тәрбиелеу.

Қатысушылар

Жас ұландар құрамы

  • Ахметова Мадина 4 «А» сынып — капитан
  • Нүсіпов Мейір 3 «Б» сынып
  • Жұмағалиева Наргүл 2 «В» сынып
  • Сабыртаева Балжан 1 «А» сынып
  • Құрмансейітова Диляра 1 «В» сынып

Жас қырандар құрамы

  • Жұмағазиева Диана 4 «Б» сынып — капитан
  • Көбегенова Аружан 3 «А» сынып
  • Серікғалиев Жандос 2 «А» сынып
  • Тоқтағазина Нұрай 2 «Б» сынып
  • Жанахметова Жансая 1 «А» сынып

Әділқазы алқасы

Әділқазы алқасына бір сәлем!
Әділдікке бас иеді күллі әлем!
Жүйрік озар сайыстарда неше бір,
Сарапқа сап әділдікпен шеше біл!

Сайыстың әділ бағасын беретін әділқазы алқасымен танысып алыңыздар.

Сайыс құрылымы

4 тур

  1. Оймаржан сайысы
  2. Гүл теру сайысы
  3. Сырлы жұмбақ сайысы
  4. Капитандар сайысы

Білген сайын келеді біле бергім —
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Бүгін осы сайыста жеңіске жет,
Білімді, әрі білікті жас жеткіншек!

Ендеше сайысымыздың 1-турын бастаймыз.

1-тур: Оймаржан

«Кім жылдам?» ойыны

Арқаларында жасырылған әріптерден сөз құралады. Бұл кезеңде 2-сынып оқушылары жауап береді. Жылдам әрі дұрыс орындаған топқа 1 ұпай беріледі.

1-топқа сөз
Кітап
2-топқа сөз
Қалам

Ұяшықтар тапсырмасы

Интерактивті тақтада әр сыныпқа арналған тапсырма ұяшықтары беріледі. Дұрыс орындалса, әр тапсырмаға 3 ұпайдан жазылады. Бұл кезеңде екі топтан да 1-сынып оқушылары ұяшық таңдайды.

1-ұяшық (1-сынып): Әріп пен дыбыс

  • «Жарас» сөзінде неше әріп, неше дыбыс бар?
  • «Сағат» сөзінде неше әріп, неше дыбыс бар?

2-ұяшық (2-сынып): Көркем жазу

Ертіс

Ертіс — үлкен өзен. Оның бойына сәулетті қалалар салынған. Ертіс жағасының құнарлы топырағы жылда мол өнім береді.

3-ұяшық: Ғажайып (екі топқа ортақ)

Музыка пәнінен тапсырма: бір ән жасырылады, сол әннің атын табу керек. Бірінші болып жауап берген топқа 1 ұпай беріледі.

4–6-ұяшықтар

  • 4-ұяшық (3-сынып): Өлең оқу.
  • 5-ұяшық (4-сынып): Есеп шығару (бос торкөздерді толтыру): 537 × 25 = 13425.
  • 6-ұяшық: Ғажайып — Дене шынықтыру: арқан тарту.

2-тур: Гүл теру

Бұл турда 1-сынып оқушылары арнайы аяқ киім киіп, гүлді әкеліп тобына береді. Гүлдің ішінде сұрақ болады — топ мүшелері жауап береді. Жауап беруге 1 минут уақыт беріледі.

Жас ұландар сұрақтары

  1. 2 сағ = 60 мин
  2. 1 жылда = 365 күн
  3. Тұңғыш қазақ әліппесін жазған кім? Ахмет Байтұрсынұлы
  4. Масштаб дегеніміз не? Белгілі бір заттың көлемін кішірейтіп көрсететін сан
  5. Нүкте қай сөйлемнің тыныс белгісі? Хабарлы сөйлем

Жас қырандар сұрақтары

  1. 2 мин = 120 сек
  2. 3 тәулік = 72 сағ
  3. «Кел, балалар, оқылық!» деп ұран тастаған кім? А. Құнанбаев
  4. Өсімдік топтарын ата. Ағаш, бұта, шөп
  5. Қатаң дыбыстан басталатын сөздер айт. К, Қ, П, С, Т, Ф, Ч, Ц, Ш, Щ

3-тур: Сырлы жұмбақ

Бұл турда сұрақтар қойылады. Жауапты мүмкіндігінше жылдам айту керек.

  1. Құстар ұшады қайда? Аспан
  2. Адамды тамақтандырады? Қасық
  3. Ұшады? Құс
  4. Алманың жартысы неге ұқсайды? Екінші жартысына
  5. Қанаты бар, алысқа ұшпайды? Тауық
  6. Машина тұрады қайда? Автотұрақ
  7. Бұлттан бөлініп жерге түседі? Жаңбыр
  8. Адамды жылатады? Пияз
  9. Машина жүреді? Бензин
  10. Ұйықтап жатып көресің? Түс
  11. Жерде жорғалайды? Жылан
  12. Ақ қауырсынды не? Аққу

4-тур: Капитандар сайысы

Сұрақтар (I бөлім)

  1. Ш. Уәлиханов кім? Ғалым, саяхатшы
  2. «Дәріхана» сөзінің түбірі? Дәрі
  3. Бақ, құбыр, бидай, көбелек сөздеріндегі ортақ дыбыс? Б
  4. Қандай әріптер сөз басында айтылмайды? ң, ъ, ь
  5. Жылда сәуір нешінші ай? 4
  6. Нөлге аяқталатын сан нешеу? 9
  7. Үнді дауыссыздарды ата. л, м, н, ң, р, й, у
  8. 590 санының алдындағы сан? 589
  9. Адам тыныс алу үшін қажетті газ? Оттегі
  10. «Әдемі» сөзінің ортасында не бар? Е

Сұрақтар (II бөлім)

  1. Жердің табиғи серігі? Ай
  2. Күн мен түн неге аяқталады? «Н» әрпіне
  3. 7 жүздіктен және 7 бірліктен тұратын сан? 707
  4. Көлемді, күрделі шығарма? Роман
  5. Үш орындықтың аяғы нешеу? 12
  6. Астық өнімін оратын машина? Комбайн
  7. Алтын айы бар қыздың аты? Алтынай
  8. Ұяң дауыссыздар? Б, В, Г, Ғ, Д, Ж, З
  9. Ең қысқа есімдік? Ол
  10. Қазақтың ұлы ақыны? А. Құнанбаев

Қорытынды

Әділқазы алқаларына сөз беріледі. Марапаттау рәсімі өтеді.

Білімді, сауатты жастар — XXI ғасырдағы адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші. Ендеше үлгілі тәртіптеріңмен еліміздің өркендеуіне өз үлестеріңді қоса беріңдер.

Осымен сайысымыз аяқталды.