Can модалді етістігі
Сабақтың тақырыбы
Can you play the guitar?
Мақсаты
“Can you play the guitar?” тақырыбы негізінде “can / can’t” модальді етістігінің жасалу жолдарын меңгерту және оны сөйлем құрастыруда, диалогта қолдануға үйрету.
Күтілетін нәтижелер
A
Мәтін бойынша болымды және болымсыз сөйлемдерді таба алады.
B
“can / can’t” модальді етістігін сөйлем құрастыруда және диалогта дұрыс қолданады.
C
Модальді етістіктерді пайдаланып, сурет бойынша сөйлем құрастырады.
Керекті жабдықтар
- Электронды оқулық
- Интерактивті тақта
Сабақ барысы
Кіріспе
“My name’s …” техникасы бойынша оқушыларды топқа бөлу.
Тұсаукесер: “Стикердегі диалог” әдісі арқылы үй тапсырмасын бекіту.
Үй тапсырмасын бекітуге арналған диалог
— Where’s Astana? It’s in Kazakhstan.
— Where’s Moscow? It’s in Russia.
— Where’s London? It’s in England.
“Уақыт шеңбері” әдісі арқылы жаңа сабаққа көпір жасау.
Жаңа тақырып: “Can” модальді етістігі
Сұрақ-жауап үлгісі:
Question
Can you play the guitar?
Positive
Yes, I can.
Negative
No, I can’t.
Негізгі бөлім: жеке және топтық жұмыс
Жаңа сөздер (Шынжыр әдісі)
Айтылымын бекіту және мағынасын түсіндіру.
piano [pɪˈænəʊ]
пианино
guitar [ɡɪˈtɑːr]
гитара
violin [vaɪəˈlɪn]
скрипка
trumpet [ˈtrʌmpɪt]
труба
flute [fluːt]
флейта
cello [ˈtʃeləʊ]
виолончель
1-топ тапсырмалары
- Exercise 2: Досыңмен бірге мәтінді тыңдап, оқы.
- АББҚ бар оқушыға — Exercise 3: Exercise 2 мәтінінен сөздерді тап.
2-топ тапсырмалары
-
Exercise 5: Досыңмен сөйлес.
— Can you play the …?
— Yes, I can. / No, I can’t. -
АББҚ бар оқушыға — Exercise 6: Тыңда және қайтала.
Miss Brown: What instrument can you play?
Omar: I can play the dombyra. -
АББҚ бар оқушыға — Exercise 4: Тыңда және қайтала.
Miss Brown: Can you play the guitar?
Colin: No, I can’t. But I can play the recorder.
3-топ тапсырмалары
-
Exercise 7: Досыңмен сөйлес.
— What instrument can you play?
— I can play the …
Ақыл-ой картасы
“Can” модальді етістігін қолданып, оқушылар өздерінің не істей алатынын ақыл-ой картасына түсіреді.
Бағалау (топтық кері байланыс)
Әр топ бағалау үшін “2 жұлдыз, 1 ұсыныс” береді.
АББҚ бар оқушыға
Exercise 8: Тыңда және қайтала.
Miss Brown: Who can play the guitar?
Colin: Ben can.
ABC деңгейі бойынша тапсырмалар
A деңгейі
Exercise 9: p.70 суреті бойынша диалог құр.
— Who can play the guitar?
— Ben can.
B деңгейі
Exercise 11: Exercise 10 негізінде сұрақ қойып, жауап бер.
C деңгейі
Exercise 10: Досыңмен сөйлес.
— Can you …?
— Yes, I can. / No, I can’t.
Топтардың жұмыстарын “Бағдаршам” әдісі арқылы бағалауды ұйымдастыру.
Қорытынды бөлім
“Серпілген сауал” әдісі (ауызша сұрақтар)
Оқушыларға “can” модальді етістігін қолданып сұрақтар қойылады.
- Can you play the guitar?
- Can you use a calculator?
- Can you make tea?
- Can you knit?
- Can you play the violin?
- What instrument can you play?
- Who can play the guitar?
- Who can play the dombra?
Кері байланыс
“3 : 2 : 1” әдісі арқылы кері байланыс ұйымдастыру.
Үй тапсырмасы
- Exercise 14, p.73
- Жаңа сөздер
- Үй тапсырмасын күнделікке жазып алу.