Ақыл сөз өлеңді оқу

Сабақтың тақырыбы: Түбір және қосымша

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың түбір мен қосымша тақырыбы бойынша білімін тереңдету және жүйелеу.

Сабақтың түрі

Өткенді қайталау. Дәстүрлі емес «саяхат сабақ».

Сабақтың әдістері

  • Топпен жұмыс
  • Шығармашылық жұмыс
  • Семантикалық карта
  • Сұрақ-жауап

Сабақтың міндеттері

Білімділік

Оқушылар түбір сөз бен қосымшалы сөздерді ажыратады; түбір сөздерге тиісті қосымшаларды дұрыс жалғайды.

Дамытушылық

Жаттығу барысында талдау жасау дағдысын қалыптастыру; ойлау қабілетін арттыру; қиялын дамыту; көркем жазуға үйрету.

Тәрбиелік

Сауаттылыққа, білімге құштарлыққа, мейірімділік пен адамгершілікке баулу.

Көрнекіліктер

  • «Білім еліне саяхат» сызбасы
  • Куб
  • Карточкалар
  • Жұмбақтар
  • Мақал-мәтелдер
  • Семантикалық карта

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Сабаққа дайындығын тексеру.

2) Психологиялық дайындық

Бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр. Қонақтарға білімімізді жинақтап көрсетейік, олардың алдында ұятқа қалмайық. Бар білімімізді, өнерімізді аянбай танытайық.

Кел, балалар, ойлайық,
Жазайық та, ойлайық.
Қандай сұрақ болса да,
Таппай оны қоймайық.

Қазақ тілі — өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дара тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дана тілім.

Осылайша қазақ тілі сабағымызды бастаймыз. Барлығың белсенді қатысып отырыңдар.

3) Ой қозғау

Терезеге қарайық: қазір жылдың қай мезгілі? Қыс.

Жұмбақтар

  1. Қыста жер бетін жабады, ал көктемде су болып ағады. Қар
  2. Тоңғанды танытады, беті-қолды қарытады. Аяз

Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді және сынып жұмысын жазыңдар. «Қар», «аяз» сөздерін бір жолға көркем етіп көшіріп жазыңдар.

Бүгін біз «Білім еліне» саяхат жасаймыз. Саяхатымыз қызықты болады.

4) Үй тапсырмасын тексеру — «Мектеп аялдамасы»

Үйге берілген тапсырма: түбір мен қосымша туралы ережені қайталау. «Мектеп аялдамасында» білім деңгейі мен үй тапсырмасының орындалуы сұрақ-жауап арқылы тексеріледі.

Қосымшаға қатысты сұрақтар

  1. Қосымша дегеніміз не? Мысал келтір.
  2. Сөз құрамына не жатады?
  3. Қосымша мен түбір сөзді салыстыр.

Түбірге қатысты сұрақтар

  1. Түбір сөз дегеніміз не?
  2. Түбір сөздің соңғы буыны жуан болса, жалғанатын қосымша қандай болады?
  3. Түбір сөздің соңғы буыны жіңішке болса, жалғанатын қосымша қандай болады?

5) Негізгі бөлім — «Білгірлер аялдамасы»

Бүгінгі сабақта өткен тақырыпты қайталаймыз. «Білгірлер аялдамасында» карточкалармен тапсырма орындалады.

1-қатар

Берілген сөздерден түбір сөзді тауып, тақтаға жазу:

  • қыста
  • ағаштар
  • шанамен
  • қардан
  • терезеге

2-қатар

Түбір сөзге жалғанған қосымшаларды жазу:

  • -мен
  • -та
  • -ге
  • -тар
  • -дан

3-қатар

Берілген сөздерді қолданып, қыс туралы қысқа мәтін құрастыру және айту.

Сергіту сәті

Кітап туралы мақал-мәтелдерді кім айтады?

Кітапты жастан оқы.

Оқымай білім жұқпас, білімсізден өнер шықпас.

Оқулықпен жұмыс

Оқулықтағы 128-бетті ашыңдар. 1-жаттығудағы «Ақыл сөз» өлеңін оқимыз.

  • Абай кім?
  • Абайдың қандай өлеңдерін білеміз?

Келесі тапсырмалар:

  • 2-жаттығуды — 1-қатар
  • 3-жаттығуды — 2-қатар
  • 4-жаттығуды — 3-қатар

«Мергендер аялдамасы»

Келесі аялдама — «Мергендер». Мұнда мақсатқа жету үшін шығармашылық тапсырманы орындаймыз.

Тапсырма: «Бес жол өлең» құрастыру

Кім?

Ғарышкер

Қандай?

Мықты, батыр, ержүрек

Не істейді?

Аспанға ұшады

Не үшін?

Аспан әлемін зерттейді

Ой түйін

Мамандық иесі

Қосымша жұмыс: семантикалық карта толтыру.

6) Қорытынды

Біз «Білім еліне» саяхат жасап, білімімізді көрсеттік. Енді сүйікті сыныбымызға оралайық.

Сұрақтар

  • Бүгінгі сабақта не істедік?
  • Қандай тақырыпты қайталадық?

Қорытынды жауап

«Білім еліне» саяхат жасадық, жаттығулар орындадық, семантикалық картаны толтырдық. «Түбір мен қосымша» тақырыбын қайталадық.

Уәде

5 болсын алар бағамыз,
Білімнен бақыт табамыз.
Өнер-білім көп оқып,
Өсе берсін санамыз.

7) Бағалау

Оқушылардың жұмысы бағаланады, белсенді қатысқандар мадақталады.

8) Үй тапсырмасы

Оқулықтан 5-жаттығу.