Тарихи диктант
Мақсаттары
Білімділік
Оқушыларды қазақ жерінің Қазақ АКСР құрамына кіруі туралы тарихи деректермен таныстыру; оқиғаның тарихи маңызын түсіндіру; білім мен біліктілікті арттыру.
Тәрбиелілік
Тақырып бойынша білімін тексеру арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін, ой-өрісін, тіл байлығын дамыту; отансүйгіштікке тәрбиелеу; елге, жерге деген сүйіспеншілігін нығайту.
Дамытушылық
Оқушыларды ізденімпаздыққа баулу; ойлау қабілеті мен рухани дүниесін дамыту; сөздерді оқытудың сатылай кешенді талдау (СКТ) технологиясы бойынша талдай білуге үйрету.
Сабақ барысы: мазмұндық өзек
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Патша үкіметі қазақ жерін ертеден-ақ отарлауға кірісті. Оралдан асып, Тынық мұхитқа жетер жолдағы Еуразия кеңістігін мекендеген жауынгер халықты бағындыру үшін екі ғасырға жуық уақыт бойы қатаң саясат жүргізілді.
Қазақ халқын отарлық езгіден азат ету, автономиялы ұлттық мемлекет құру идеясы ұлт-азаттық қозғалыстың негізгі өзегіне айналды. ХХ ғасырдың басындағы бұл қозғалыс өз дамуында қазақтың ұлттық мемлекеттігін жаңғыртуға ұмтылып, Алашорда үкіметінің құрылуына алып келді.
СКТ арқылы түсіндіру (құрылым)
1-таблица / 1-тақырыпшаға қосымша
- В. И. Ленин туралы қысқаша мәлімет.
- Алашорда үкіметі туралы деректер.
2-таблица / 2-тақырыпша
- Слайд: В. И. Ленин және Пестковский.
- Қазревком құрамының үлгісі.
- Ревкомның міндеттері және Қазақ АКСР-інің аумақтық құрамы.
Астаналардың ауысуы: тарих және себеп
Слайдтар арқылы карта, қалалардың көріністері және сәулет ескерткіштері ұсынылады. Әр астананың көне кезеңі мен ХХ ғасырдағы жаңару үрдістері салыстырылады.
Орынбор
1920–1924
Республиканың оңтүстік облыстарында қоныстанған қазақ халқының көп бөлігінің Орынбордан қашықта орналасуы астананы көшіру қажеттілігін туғызған маңызды себептердің бірі болды.
Ақмешіт (Перовск) – Қызылорда
1924–1929
Сұлтанбек Қожанов (Қазақ өлкелік партия комитетінің екінші хатшысы) астананы Қызылордаға көшіру туралы ұсыныс білдірген. Қала тарихына қатысты деректер сабақта қосымша материал ретінде беріледі.
Алматы
1929–1997
Слайдтар: қаланың эмблемасы, тарихи және мәдени нысандар. Алматының республикалық орталық ретіндегі қалыптасуы мен дамуы талданады.
Ақмола (Целиноград) – Астана
1997 жылдан бастап
Қазақстан астанасын Алматыдан елдің басқа өңіріне көшіру міндеті қойылды. Бұл шешімнің геосаяси, экономикалық және инфрақұрылымдық факторлары сабақ аясында талқыланады.
Мұғалімнің қорытынды сөзі
Тарихта астаналардың ауысуы мен қалалардың қайта аталуы жиі кездеседі. Іс жүзінде қуатты алып мемлекеттер де, орташа мемлекеттер де белгілі бір кезеңде астананы көшіру қажеттілігіне кезігеді. Бұл қатардан Қазақстан да тыс қалған жоқ: бір ғана ХХ ғасыр ішінде бірнеше қала ел астанасы қызметін атқарды.
СКТ: фонологиялық талдау үлгісі
Төменде «қазақ» сөзі бойынша фонологиялық талдаудың үлгісі берілген (сабақта интерактивті тақтада орындалады).
- 1) Бұл сөз айтылуы, жасалуы, жазылуына қарай жуан буынды сөз, өйткені құрамындағы дауысты дыбыстар жуан.
-
2)
Сөз қа-зақ болып екі буынға бөлінеді, себебі екі дауысты дыбыс бар:
- қа — ашық буын (дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталады);
- зақ — бітеу буын (дауыссыздан басталып, дауыссызға аяқталады).
- 3) Тасымалдануы: қа-зақ (буын жігіне сәйкес).
- 4) Екпін -зақ буынындағы а дауысты дыбысына түседі.
- 5) Түбір мен қосымша арасында буын үндестігі қарастырылмайды, өйткені бұл — түбір сөз.
- 6) Дыбыс үндестігі қарастырылмайды, өйткені бұл — түбір сөз.
Бекіту: тарихи диктант
Тапсырмалар бос орындарды толықтыру арқылы орындалады (интерактивті тақтамен жұмыс).
- 1) ________ қаласы ________ жылдар аралығында Қазақ АКСР-інің тұңғыш астанасы болды.
- 2) 1919 жылы 10 шілдеде ________ Қырғыз (Қазақ) өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет туралы ________ қол қойды.
- 3) Қазревкомның органы — ________ газеті.
- 4) Қостанай аймағын Қазақстан құрамына қосу қажет екенін ________ мен ________ жан-жақты дәлелдеді.
- 5) Қазақстан астанасы 1929 жылы ________ ауысты.
- 6) Семей облысының құрамына ________, ________, ________, ________, ________ уездері кірді.
- 7) Республика халқының саны ________ адамға жетті.
- 8) 1921 жылы ________ және ________ облыстары Сібір ревкомы қарамағынан Қазақ АКСР-іне берілді.
Тест
Оқушылар бірін-бірі тексеру арқылы нәтижені талдайды.
Әнұран
СКТ технологиясы бойынша «Тарихтың тал бесігі тербеледі» тақырыбымен байланыстырылып орындалады.
Қорытындылау, бағалау және үй тапсырмасы
Үйге тапсырма
- §7 — оқу, мазмұнын түсінік айту.
- Реферат: «Сұлтанбек Қожанов — ол кім?»
- СКТ технологиясы бойынша екі сөзге фонологиялық талдау жасап келу.
Пайдаланылған әдебиеттер
- Н. Ә. Оразақынова. СКТ технологиясы. Алматы, 2005.
- Үш қиян; Ақмола энциклопедиясы. Алматы, 1995.
- Нұрғалиев. История Астаны.
- Е. Қалиева, Н. Назарбаев. Еуразия жүрегінде. Алматы, 2005.
- Қазақ ұлттық энциклопедиясы, 1 және 7-томдар.
- Ана тілі газеті: №20 (15–21 мамыр), №14–19 мамыр.
- Ж. Әлмашев. Сұлтанбек Қожанов. Алматы, 2003.