Дара және күрделі етістікСабақтың мақсаты:Білімдік
Сабақтың тақырыбы
Дара және күрделі етістік
Сабақтың мақсаты
Білімдік
Оқушыларда дара және күрделі етістіктер туралы түсінік қалыптасады, білімдері толықтырылады.
Дамытушылық
Білімге деген қызығушылықтары артып, тілдік қорлары дамиды.
Тәрбиелік
Оқушылардың табиғатқа сүйіспеншілігі артады; топтық жұмыста бір-біріне көмектесіп, достық қарым-қатынас пен сыйластық қалыптастырады. Ұқыптылыққа тәрбиеленеді.
Күтілетін нәтиже
- Оқушылар дара етістік пен күрделі етістікті бір-бірінен ажыратады.
- Дара етістік пен күрделі етістіктің жазылу ерекшеліктерін есте сақтайды.
- Топтық жұмыс жасау дағдыларын дамытады.
- Кері байланыс беруді және қабылдауды үйренеді.
Жаңа сабақ
Қызығушылықты ояту
Оқушыларға «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» ертегісінен үзінді бейнетаспадан көрсетіледі.
Талқылау
Бейнеүзінді бойынша оқушылардың ой-пікірлері тыңдалады.
Тілдік тапсырма
Оқушылар үзіндіден етістіктерді тауып, оларды күрделі етістікке айналдырады.
Қорытындылау
Осы жұмыс арқылы сабақтың тақырыбы ашылады және ереже құрастырылады.
Бекіту
Оқушыларға 375-жаттығуды ауызша орындату арқылы тақырыпты дәлелдеп, бекітемін.